ДАҢҒЫЛДАР

ДАҢҒЫЛДАР 

Абай даңғылы

К.Күмісбеков көшесінен басталып, А.Пушкин көшесінде аяқталады. Ол Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан,  Ш.Уәлиханов  көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5280 м.

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақтың данышпан ақыны, ойшылы. Қазақтың мәдени-рухани байлығын бала кезінен бастап бойына сіңірген Абай қазақ әдебиетіне жаңа идеялық, көркемдік үлгілер әкелді.

Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және діни көзқарастары терең көрінген еңбегі – оның қара сөздері. Ұлы ойшыл қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана емес, оның тереңдігіне, логикалық мәніне назар аударған.

Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Оның шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы дүние жүзіне тарады. Абай өлеңдерінің  ішінде  мазмұны  жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. «Сегіз аяқ», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Болыс болдым мінеки», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма», «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» секілді өлеңдерімен «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» сияқты поэмалары қазақ жазба әдебиетінің жаңашыл шығармалары. Оның қара сөздері қазақ ұлттық философиясының айрықша белесі.

Абай – қазақ әдебиетінің ғана емес, жалпы қазақ тарихындағы ең ойшыл, ұлы тұлға.

Бұл даңғылда ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі, Астана қаласы әкімдігі, ақынның ескерткіші, «Наурыз» алаңы, Суретшілер одағы, «Рамада» қонақүйі, «Жаннұр» сауда үйі  орналасқан.

 

Абылай хан даңғылы

Кенесары  көшесінен  басталып,  Қарағанды-Астана тасжолына дейін  жалғаcады. Ол  М.Жұмабаев  даңғылын,  І.Жансүгірұлы,  Ғ.Мүсірепов,  Ғ.Мұстафин  көшелерін  қиып  өтеді. Ұзындығы – 4928,1 м.

Абылай (Әбілмансұр) хан (1711-1781) – қазақтың даңқты ханы, қолбасшы. Атасының аруағын шақырып, жауға «Абылайлап» шапқан Әбілмансұрдың есімі содан бастап «Абылай» атанады. Осылайша Абылай хан қазақ халқының жадында қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, майталман мәмілегер ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздіктің нышанына, жауынгерлік ұранға айналды. Абылай хан көреген саясаткер ретінде Ресей империясымен де, Қытаймен де тіл табысып қазақ жерінің тұтастығын сақтауға зор үлес қосты. Абылайдың мәмілегерлік саясаты оның Орта Азия, Ауғанстан мемлекеттерімен қарым-қатынастарынан да жақсы байқалады. Өмірінің соңғы 15 жылында ол ортаазиялық хандықтармен бірде соғысып, бірде мәмілеге келіп қазақ мемлекеттілігінің тұтастығын сақтай білді. Абылай хан қазақ мәдениеті мен өнерінің үлкен білгірі. Оның «Ақ толқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржын қақпай», «Майда жел», «Садаққаққан», «Сары бура», «Шаңды жорық» атты күйлері бар. Азаттық  күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұқар, Үмбетей, Шәді Жәңгірұлы, М.Жұмабаев жырларында, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларында сомдалды.

Бұл даңғылда «Мирас» мектебі, ҚР Ұлттық ұланы, Ұлттық ғылыми медицина орталығы, «Әділ», «Гүлжан» сауда үйлері орналасқан.

 

Бауыржан Момышұлы даңғылы

Бұрынғы атауы – 13-магистраль. Сарайшық көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Тәуелсіздік, М.Жұмабаев даңғылдарын және Қызыларай, Сырымбет, Қордай, М.Төлебаев көшелерін қиып өтеді.  Ұзындығы – 3958,7 м.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық қаһарманы». Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Бұл даңғылда батырдың ескерткіші, «Жерұйық» демалыс паркі, «Тұран» мейрамхана кешені, «Меруерт», «Прага» бизнес орталықтары орналасқан.

 

 

Бөгенбай батыр даңғылы

Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3611,7 м.

Бөгенбай батыр (1680-1775) – қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескер, ХVІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. «Қазақтың қамал-қорғаны» баһадүр Бөгенбай Абылай хан бастаған қазақ халқының ұлт бірлігі жолындағы азаматтық күресінің ұйытқысы болды.

1710 жылы  Қарақұмда өткен құрылтайда Бөгенбай батыр үш жүздің бас сардары болып сайланды. 1726 жылы  Бөгенбай бастаған қазақ қолы Бұлтанты өзенінің бойында қалмақтарға қарсы күйрете соққы береді. Бөгенбай батырдың ерлігін Қожаберген жырау «Елім-ай» атты тарихи дастанында жырлап, батырдың ерлігіне «Ер Бөгенбай» атты қиссасын арнаған. Бұқар, Үмбетей, Жанкісі, Сегіз сері Бөгенбай туралы дастандар шығарған.

Бұл даңғылда батырдың ескерткіші, «НұрБанк» ғимараты, М.Әуезов атындағы балалар кітапханасы, «Шапағат», «Әлем» сауда орталықтары орналасқан.

 

Жеңіс даңғылы

Бұрынғы атауы – Победа даңғылы. Т.Рысқұлов көшесінен басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3304,4 м.

Жеңіс – қырғын соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық. Кеңес Одағы 1945 жылы Германия мен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы шығып, жеңіске жетті. Германияның негізгі мақсаты – Барбаросс жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні герман жоғары командованиесінің өкілдері Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойды. Рейхстагқа бірінші болып лейтенант Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г.Булатов ту тікті. 9-мамыр Жеңіс күні болып жарияланды. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ұлы жеңіс – бүкіл дүниежүзін фашизм езгісінен сақтап қалуымен адамзат үшін маңызды.

Бұл даңғылда ҚР Қаржы министрлігі, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті орналасқан.

 

 

Қабанбай батыр даңғылы

Қараөткел көпірінен басталып, Сарайшық, Д.Қонаев, Достық, Керей, Жәнібек хандар, Алматы, Т.Рысқұлов көшелерін қиып өтіп, әуежайдың айналма жолында аяқталады. Ұзындығы – 16090 м.

Қабанбай батыр (1692-1770)  қазақ қолын бастаған ержүрек қолбасшы, даңқты батыр. Азан шақырып қойылған есімі – Ізбасар. Жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан. 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін, Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «Дарабоз» атанады. Жазушы Қ.Жұмаділовтің Қабанбай батыр туралы «Дарабоз» атты тарихи романы бар.

Бұл даңғылда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургиялық клиникасы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, Қазақстан-Ресей университеті, «Астаналық цирк», «Салтанат сарайы», «Астана-Арена» стадионы, Велотрек  орналасқан.

 

Мағжан Жұмабаев даңғылы

Абылай хан даңғылынан басталып, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев даңғылдарын, Қажымұқан, М.Төлебаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3197м.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі. Медреседе оқып, Шығыс халықтарының тарихын, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Низами секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренеді. 1912 жылы Қазанда ақынның «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. Ақын Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді Алаш қайраткерлерімен бірге «Қазақ» газетіне өз өлеңдерін жариялап отырады.

М.Жұмабаев тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Ол Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны «хакім» деп атады. М.Жұмабаев «Қазағым», «Мен жастарға сенемін», «Қазақ тілі», «Түркістан» т.б. өлеңдердің және «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» атты поэмалардың авторы.

Бұл даңғылда Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі» орналасқан.

 

Нұрғиса Тілендиев даңғылы

Бұрынғы атауы – Астрахан тас жолы. Баршын, Ұлытау, Д.Бабатайұлы, Атбасар, Ш.Бейсекова көшелерін қиып өтіп, Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 15926,6 м.

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998) – аса көрнекті композитор, белгілі дирижер, домбырашы. ҚазКСР-нің және КСРО-ның халық әртісі, ҚазАСР-і  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,Қазақстанның «Халық қаһарманы». 1949-50 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында, ал 1950-52 жылдары Мәскеу мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультетінде оқыған. 1952-61 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестерінің бас дирижері болып қызмет атқарған. «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік жағын басқарған. «Ата толғауы», «Махамбет», «Ақсақ құлан», «Аққу» атты увертюралардың, 400-ден астам ән мен романстардың авторы. Ол 50-ден астам драмалық спектакльдерге, 19 көркем фильмге музыка жазған.

Бұл даңғылда «Қамқор» техникалық қызмет көрсету орталығы, «Эталон» құрылыс базары, Қажымұқан атындағы спорт  мектебі, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.

 

РаҚымжан Қошқарбаев даңғылы

Бұрынғы атауы – № 23-22 даңғыл. Бауыржан Момышұлы даңғылынан басталып, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы) тұрғын алабындағы Қобыланды батыр көшесінде аяқталады. Абылай хан даңғылы, М.Төлебаев көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 7213,4 м.

Рахымжан Қошқарбаев (1924-1988) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, «Халық қаһарманы». 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі жаяу әскер училищесін бітіріп, 1-Беларус майданындағы 150-Идрицск атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлерін азат етуге қатысқан. Қызыл Ту, I дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендері, көптеген медальдармен марапатталған.

Бұл даңғылда АҚШ елшілігі, «Нұр-Орда» қазақ-түрік лицейі орналасқан.

 

Республика даңғылы

Ж.Тәшенов  көшесінен басталып, И.Гёте көшесінде  аяқталады. Абай,  Бөгенбай  батыр  даңғылдарын  және  Жәнібек  тархан, А.Иманов,  Кенесары, Отырар, С.Сейфуллин,  Ә.Жангелдин, Ы.Дүкенұлы,  Ә.Молдағұлова  көшелерін  қиып  өтеді.  Ұзындығы – 4159 м.

Даңғыл мемлекет, ел ұғымдарын білдіретін «республика» ұғымымен байланысты қойылған. Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Астанасы – Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Ұлттық валютасы – теңге.

Бұл даңғылда Қазіргі заманғы өнер мұражайы, ҚР Президенттік мәдениет орталығы, «Халық Банк», «Абай» қонақүйі, «Жастар» сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.

 

Сарыарқа даңғылы

Шығанақ  көшесінен  басталып, Бестерек көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3191,5 м.

Сарыарқа – Қазақстанның орталық және шығыс бөлігін алып жатқан ұлан-ғайыр өлке. Батыс бөлігі Торғай ойпаттарынан басталып, шығыс бөлігі Тарбағатай тауына дейін 1200 шақырымға созылып жатыр. Бұл сөздің мағынасы едәуір ұлғайып, қазір «қазақ даласы», «атамекен» деген ұғымдармен қатар қолданылады. Сарыарқа – қазақтың байырғы мекені. Бұл өңірде көптеген тарихи оқиғалар болған.

Бұл  даңғылда  «Хабар» телекомпаниясы, «Астана» спорт кешені, Қазақ Мемлекеттік медицина академиясы орналасқан.

 

Тәуелсіздік даңғылы

Бұрынғы атауы – Манас даңғылы. Ж.Тәшенов көшесінен басталып, Қажымұқан, Б.Майлин көшелерін, Б.Момышұлы даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1095,8 м.

Даңғылдың атауы Қазақстанның тәуелсіздігі құрметіне қойылған.

Тәуелсіздік – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуын, сол аумақты басқаратын мемлекет билігінің болуын, елдікті нақыштаған әнұранының, туының және елтаңбаның болуын атауға болады.

Бұл даңғылда Тәуелсіздік алаңы, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі, ҚР Ішкі істер министрлігі,  «Толқын» спорт кешені, «Отан Ана» монументі орналасқан.

        

 

          

 

Тұран даңғылы

Бұрынғы атауы – Сарыарқа даңғылы. Достық көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылында аяқталады. Тәуелсіздік, Ақбаян, Қорғалжын тасжолын қиып өтеді. Ұзындығы – 10161,0 м.

Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы. Қазіргі түсінік бойынша Сырдария мен Әмударияның аралығы. Тұранда түркі халықтарының арғы тегінен сыр шертетін «Алып Ер Тұңға» атты дастан дүниеге келген. VІ ғасырдан бастап «Тұран» сөзі түріктер мекендейтін жер, елдің атауы ретінде қолданыла бастаған. «Тұран» сөзі қазіргі кезде түркі халықтарының бірлігі, ынтымағы ретінде кеңінен қолданылады. Мағжан Жұмабаевтың түркі халықтарының бірлігін бейнелейтін «Тұранның бір бауында» атты шығармасы бар.

Бұл даңғылда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, «Бақыт» неке сарайы, «Думан» қонақ үйі, «Мега», «Сарыарқа» демалыс және сауда орталықтары, «Ана мен бала» медициналық орталығы, «Каспий» спорт-сауықтыру кешені  орналасқан.

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы

Бұрынғы атауы – Абай даңғылы.  А.Пушкин  көшесінен                           басталып,   Р.Қошқарбаев   даңғылында  аяқталады.  І.Жансүгірұлы, Қ.Рысқұлбеков,   Ғ.Мүсірепов    көшелерін    қиып    өтеді.   Ұзындығы –  2602 м.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ұлы ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абайдың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Ол жастайынан орыс, араб, парсы, түрік, тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиеттерін терең білді. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Шәкәрім – қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» дастандары мен «Айсұлу-Нартай» поэмасын жазды. Сонымен қатар «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты еңбектерін жарыққа шығарды.

Бұл даңғылда «Жаңаарқа» кинотеатры, № 7 емхана, № 52 орта мектеп орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӨШЕЛЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абайдың 150 жылдығы көшесі

Шұғыла көшесінен басталып, Н.Тілендиев даңғылымен қиылысады. Ұзындығы – 1257,4 м.

1995 жылы қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы тойланды. Бұл той ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді.

 

Абат-Байтақ көшесі

Бұрынғы    атауы   –   Проектный    көшесі.   Мұзтау    көшесінен басталып,     А.Байтұрсынұлы     көшесінде    аяқталады.    Ұзындығы – 657,3 м.

Абат-Байтақ – XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың бас кезінде салынған сәулет өнері ескерткіші. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Талдысай кенті маңында орналасқан. Абат-Байтақ кесенесі орналасқан қорым мемлекеттің қорғауына алынған.

 

Ағадыр көшесі

Бұрынғы атауы – Тульский көшесі. Сарықұм көшесінен басталады. Ұзындығы – 1286,1 м.

«Ағадыр»  дөңесті және белесті жер деген мағынаны білдіреді. Ағадыр атауы Қарағанды облысы, Шет ауданындағы кент, теміржол стансасына берілген.

 

Ағанас көшесі

Бұрынғы атауы – № 26 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Байғозы батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы–361,4 м.

Ағанас – Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы ауыл.

 

Ағыбай батыр көшесі

Бұрынғы  атауы   –   Интернациональный   көшесі. Ә.Бөкейхан көшесінен   басталып,  Асан қайғы  көшесінде  аяқталады.  Ұзындығы – 1380,6 м.

Ағыбай батыр (1802-1885) – Ресей отаршылығына қарсы ұйымдастырылған Кенесары Қасымовтың көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Ағыбай батырдың есімін ұранға айналдырған. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласқан.

 

 

Адольф Янушкевич көшесі

Бұрынғы атауы К.Циолковский көшесі. Жәнібек тархан көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. А.Иманов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 914,4 м.

Адольф Янушкевич (1803-1857) – поляк халқының көрнекті төңкерісшіл-демократы, көсемсөзші. 1845-1846 жылы экспедиция құрамында Ұлы жүз, Орта жүз қазақтарын аралады. Янушкевичтің онда көргендері, алған әсерлері туралы хаттары мен естеліктері «Қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар» атты кітабында баяндалған.

Бұл көшеде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қоғамдық ғылымдар факультеті, ҚР Материалдық ресурстар агенттігі орналасқан.

 

Адырна көшесі

Бұрынғы атауы – Самоцветный көшесі. Құлагер көшесінен басталады. Ұзындығы – 344,2 м.

Адырна  қазақтың көп ішекті шертпелі саз аспабы.

 

Айгөлек көшесі

Бұрынғы атауы – № 94 көше. Ұзындығы – 811.3 м.

Айгөлек  –  қазақ ұлттық ойынының, әннің және бидің атауы.

 

Айғаным көшесі

Бұрынғы   атауы   №  171  көше. Ұлбике ақын, Қыз Жібек, Айша бибі, көшелерімен қиылысып, Қорғалжын тасжолында аяқталады. Ұзындығы – 967,2 м.

Айғаным Сарғалдаққызы (1783-1853) – Ш.Уәлихановтың әжесі, Уәлидің кіші әйелі. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болған. Шоқанның болашақта үлкен ғалым болып қалыптасуына әжесі Айғанымның әсері көп болған.

 

Айғыржал көшесі

Бұрынғы атауы –  № 49  көше. Ақтамберді жырау көшесінен   басталып, Сырым батыр, Б.Саттарханов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2223.6 м.

Айғыржал – елімізде осындай жер атаулары кездеседі.

 

Айдарлы көшесі

Бұрынғы атауы – №29 көше. Баршын көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 294,2 м.

Айдар – кішкентай баланың  төбесіне қойылатын шаш. Айдар қою қаһарлы күш-қуаттың белгісі тәрізді болған. «Тұлымдысын тұл қылды, айдарлысын құл қылды» («Қобыланды батыр») деген тіркес жыр-аңыздарда кездеседі. Еліміздің бірқатар өңірлерінде осы аттас елдімекендер кездеседі.

 

Айдархан Тұрлыбаев көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-41  көше. Қарақожа орамынан  басталып, Ж.Сейдалин көшесінде аяқталады.  Ұзындығы – 933,5 м.

Айдархан Тұрлыбаев – Алаш қозғалысының қайраткері. Омбы гимназиясын және Санкт-Петербург университетін бітірген. Бірінші, Екінші жалпықазақ сиездерін және атты әскер полкін ұйымдастырушылардың бірі. Ақмола облыстық «Алаш» комитетінің төрағасы. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесінің мүшесі.

 

Айман-Шолпан көшесі

Бұрынғы атауы – № 102 көше. «Комсомол» тұрғын алабы. Қарашаш ана көшесінен басталып, Ақбаян көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 766,2 м.

«Айман-Шолпан» қазақ халқына кеңінен лиро-эпостық жыр. Алғаш жазып алып баспаға ұсынған – Ж.Шайхисламұлы. Жырда адамның бас бостандығы, ел тыныштығы, жұрт ынтымағы көтеріледі. Ежелгі жыр, айтыс үлгілері, кеңінен пайдаланылады. М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» жыры бойынша жазылған музыкалық драмасы бар.

Айнабұлақ көшесі

Бұрынғы атауы – Строительный көшесі. Болашақ көшесінен басталып, Арнасай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,4 м.

Айнабұлақ  бұлақтың тұнық, мөлдір бастауының атауы. «Айнадай күнге шағылысқан су» деген мағынаны береді. Сондай-ақ Айнабұлақ елдімекеннің де атауы.

 

айнакөл көшесі

Сарыкөл көшесінен басталып, М.Жұмабаев даңғылын қиып өтеді, Абылай хан даңғылында аяқталады.

Айнакөл – еліміздің бірқатар өңірлерінде осы аттас елдімекендер кездеседі.

 

айнатас көшесі

Көкбастау көшесінен басталып, Ойыл көшесінде аяқталады. «Өндіріс-2» тұрғын үй алабы.

Айнатас – табиғи, әшекей тас атауы.

 

айпара көшесі

К.Күмісбеков  көшесінен басталып,  Кенесары көшесінде аяқталады.

Айпара – әдеби кейіпкер.

 

айтаңсық көшесі

Әлімхан  Ермеков  көшесінен басталады. «Шұбар» тұрғын үй алабы.

Айтаңсық – «Айман-Шолпан» жырында кездесетін атау. Шығыс Қазақстан облысындағы елдімекен атауы.

 

Айша бибі көшесі

Бұрынғы атауы – № 84 көше. Баян сұлу көшесінен басталып, Ақбаян көшесінде аяқталады. Ұлпан орамы, Домалақ ана, Қарашаш ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1450,9 м.

Айша Бибі – шамамен XI-XII ғасырда өмір сүрген ару қыз. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бірін-бірі ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. «Күйеу жігіттің еліне барып хабарын білейін» деген Айша бибіге әкесі рұқсат бермейді. 40 қыз жолдасын ертіп, Қараханның еліне таянған Айша бибі су бойына тоқтап, жуынады. Сол кезде сәукеленің ішіне жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып өлтіреді. Қыздардың хабарын естіген Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Қарахан Айша бибінің қабірінің үстіне күмбез салдырады. 

 

Айыртау көшесі

Бұрынғы   атауы  –  № 34  көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ақсуат көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 149,7 м.

Айыртау – Ақмола облысындағы тау.

 

Академик Рамазан Сүлейменов көшесі

Бұрынғы атауы – № 1 көше. Айғыржал көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 597,7 м.

Рамазан Сүлейменов – көрнекті тарихшы-ғалым, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Зерттеу еңбектері қазақ, Қазақстан мәдениетімен байланысты.

 

 

Ақан сері көшесі

Бұрынғы атауы – Оренбургский көшесі. М.Дулатов көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Оқжетпес, М.Жәлел, Шақпақ көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1425,6 м.

Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) – қазақтың әйгілі ақыны, әнші, композиторы. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Ақан серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Құлагер» т.б. әндері қазақ халқы арасына кеңінен тараған. Серінің өмірі мен тағдыры туралы І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, С.Жүнісов «Ақан сері» атты романын жазды.

 

Ақарыс көшесі

Бұрынғы атауы – №5 көше. Сілеті көшесінен басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1076,7 м.

Ақарыс – Ұлы жүздің атасы. Қазақ халқын құрайтын үш жүз бірде Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп аталса, енді бірде Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп аталады. Аңыз бойынша Қазақ деген кісінің Ақ, Жан, Бек деген үш ұлы болған. «Арыс» сөзі «ер азамат», «ел қамын жеген тұлға» деген ұғымды білдіреді. Демек, Ақарыс қазақ халқының Ұлы жүз тайпалар бірлестігінің тағы бір аты болып табылады. Ақарыстан (Ұлы жүз) жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сарыүйсін, қатаған тарайды.

 

ақбаян көшесі

Тұмар ханым көшесінен басталып, Айман-Шолпан көшесінде аяқталады. «Комсомол» тұрғын үй алабы.

Ақбаян – қыздың аты, осы аттас ән бар.

 

Ақбидай көшесі

Бұрынғы атауы – Складский көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Теректі, Бейнеу орамдары мен Өндіріс көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1303,8 м.

Қазақта «ақ» сөзі жақсылыққа байланысты қолданылады. Ол молшылықтың, ырыздықтың белгісі. Осыған байланысты «Ақ бидай» атты халық әні бар.

 

 

 

Ақбиік көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-48 көше. Жаһанша Сейдалин көшесінен басталады. Ұзындығы – 300.1 м.

Ақбиік – еліміздің кей өңірлерінде кездесетін тау, жота атаулары. Түр-түске байланысты қойылған атау.

 

Ақбөкен көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-117 көше. В.Радлов көшесінен  басталып, Дәулеткерей көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 432.5 м.

Ақбөкен – қазақта «Қасиетті аң» деп бағаланатын киік атауы.

 

ақбұғы көшесі

Конституция көшесін қиып өтіп, М.Тынышбаев көшесінде аяқталады.

Ақбұғы – бұғы  атауына  байланысты   койылған.

 

Ақдала көшесі

Бұрынғы атауы – № 63 көше. Бекет ата көшесінен басталып, Сыпатай батыр көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 335.0 м.

Ақдала – Алматы облысының Балқаш ауданындағы құмды дала. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.

 

Ақжайлау көшесі

Бұрынғы  атауы  –  № 50  көше.  Мұхамет-Салық  Бабажанов көшесінен  басталып,  Ойсылқара  көшесінде  аяқталады.  Ұзындығы – 395,0 м.

Ақжайлау – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөлдегі шұрайлы алқап.

 

Ақжан көшесі

Бұрынғы атауы – Школьный көшесі. «Тельман» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 188,6 м.

«Ақжан» – адам жанының ақтығын білдіретін сын есім. Елімізде осы аттас адам аттары кездеседі.

 

Ақжар көшесі

Бұрынғы атауы – Ленин көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Жамбыл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1092,4 м.

Ақжар – Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан. Орталығы – Талшық кенті.

Ақжелкен көшесі

Бұрынғы атауы – Л.Шевцова көшесі. Үшқоңыр, Кеңшалғын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 408,8 м.

Ақжелкен – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық өсімдік. Поэтикалық атау.

 

Ақжол көшесі

Бұрынғы атауы – Угольный көшесі. Мұнайшылар көшесінен басталып, Ж.Досмұхамедұлы көшесінде аяқталады. Жаңажол, Өндіріс көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3381,1 м.

«Ақжол» – тілек, ниет ретінде қолданылатын сөз. Ақ (сын есім) + жол (зат есім) сөздерінен құралған. Қазақтар ұрысқа немесе сапарға аттанғанда «Ақ жол болсын!»  деп тілек айтқан. Ақжол болашағы жарқын, жолы ақ болсын дегенді білдіреді.

Бұл көшеде нан зауыты, «Астықжан» сауда үйі орналасқан.

 

ақжүніс көшесі

Айғаным көшесінен басталып, Тұмар ханым көшесін қиып өтеді. «Комсомол» тұрғын үй алабы.

Ақжүніс – «Ер  Тарғын» эпикалық жырының басты кейіпкері.

 

Ақкемер көшесі

Бұрынғы атауы – Р.Люксембург көшесі. Мұғалжар көшесінен басталып, Аңырақай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 980,2 м.

Ақкемер  Қазақстанның барлық түкпірінде кездесетін сай-саланың, кеуіп қалған арнаның, жағаның атауы. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.

 

Ақкербез көшесі

Бұрынғы атауы – № 36-7  көше. Ұзындығы – 352.3 м.

Ақкербез – дәстүрлі атау. Әлбетте қыз-келіншектерге арналып айтылады. «Ақкербез» атты халық әні де бар.

 

Ақкөл көшесі

Ақкөл қысқа көшесінен басталып, Қатаркөл орамында аяқталады. Ұзындығы – 171,4 м.

Ақкөл  Ақмола облысындағы аудан, қала атауы. Көлдің атауына байланысты айтылған және ол республикамыздағы бірнеше елдімекендердің атауы.

 

 

 

Аққорған көшесі

Бұрынғы атауы – Новостройка көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 366,3 м.

Аққорған – Қызылорда облысындағы орта ғасырлық қала атауы. Деректерге қарағанда, Аққорған XV-XVIII ғасырларда болған. Осы тұста ежелгі қаланың орны сақталған.

 

Аққұм көшесі

Бұрынғы атауы – Ленин көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Ұшқыштар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 481,1 м.

Аққұм  Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ұлы Жыланшық өзенінен солтүстік-шығысқа қарай бойлай созылып жатқан құмды алқап.

 

Ақмешіт көшесі

Бұрынғы  атауы  –  № 33   көше.   Сарайшық   көшесінен   басталып, Д.Қонаев, Достық, Сығанақ,  Алматы, Керей, Жәнібек хандар көшелерін қиып  өтеді.  Ұзындығы – 5607,3 м.

Ақмешіт – қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған көне бекініс орны. Бекініс 1817 жылы салынған. Тарихшы-ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, Ақмешіт бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Қазан төңкерісінен кейін бекініске Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, ол 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.

Бұл көшеде ҚР Академиялық ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық мұрағаты, «Дипломат» қонақ үйі орналасқан.

 

Ақмола көшесі

Баршын, Ұлытау, Мыңжылқы, Қайнар, Мойылды, Сарыөзен, Зайсан, Ақсуат көшелерін қиып өтіп, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2114 м.

Ақмола – қала, облыс атауы. Есіл өзенінің бойында, ескі керуен жолы өтетін Қараөткелде болған. «Мола» деген сөз ғұндар тілінде «биік қорған, қамал» деген ұғымды білдіреді. Есіл бойына дуан орталығы салынғаннан кейін Ақмола сол дуанның, одан соң Ақмола қаласының ресми атына айналды. Ақмола облысы – еліміздегі ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі өркендеген облыстардың бірі. Облыс орталығы – Көкшетау қаласы.

 

 

 

Ақниет көшесі

Бұрынғы  атауы  –  Юбилейный  көшесі.  «Заречное»  тұрғын  алабы. Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 257,4 м.

Ақниет – көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды қасиет. Ақниетті адам өмірінде үнемі ағынан жарылып, ештеңені жасырмай, бар шынын айтады. Халық ондай ашық-жарқын мінезді адамды құрмет тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.

 

Ақсай көшесі

Бұрынғы атауы – Бетонный көшесі. Н.Гоголь көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 725,5 м.

Ақсай – Батыс Қазақстан облысындағы қала. Елімізде осы атаумен көптеген басқа да елдімекендер кездеседі.

 

АҚселеу көшесі        

Бұрынғы атауы – Степной  көшесі. «Заречное»  тұрғын  алабы. Қаратөбе көшесінен басталып, Жиделі көшесінде  аяқталады.  Ұзындығы – 224,4 м.

Ақселеу  Сарыарқа даласында ең көп өсетін шөп атауы.

 

Аксеңгір көшесі

Бұрынғы атауы – Н.Пирогов көшесі. Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 903,8 м.

Ақсеңгір сөзі «биік, заңғар» деген мағынаны білдіреді. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.

 

Ақсу көшесі

Бұрынғы  атауы  –  № 20 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Наурыз көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 276,2 м.

Ақсу – Алматы облысы Ақсу, Алакөл аудандарындағы өзен. Павлодар облысындағы қала атауы. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.

 

Ақсуат көшесі

Бұрынғы атауы – №17 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Арқалық көшесінен басталып, Зайсан көшесінде аяқталады. Ақмола, Наурыз, Айыртау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 627,9 м.

Ақсуат – Қостанай облысындағы мыс дәуірінің қонысы және қола дәуірінің бекініс орны. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының орталығы. Қазақстанның көптеген жерлерінде кездесетін жер-су атауы.

 

Ақсу-Аюлы көшесі

Бұрынғы атауы – № 55 көше. «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабы. Талғар көшесінен басталып, Зеренді көшесінде аяқталады. Обаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 544,9 м.

Ақсу-Аюлы – қола дәуірінің орта және соңғы кезеңдерінің ескерткіштері. Қарағанды облысы, Шет ауданының орталығы.

 

Ақсу-Жабағылы көшесі

Бұрынғы атауы – Ф.Глинка көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 734,1 м.

Ақсу-Жабағылы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жерінің жалпы ауданы – 75,09 мың га. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

 

Ақсүйек көшесі

Бұрынғы атауы – № 69 көше. Бекет ата көшесінен басталып, Сыпатай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 334.1 м.

Ақсүйек – қазақтың ұлттық ойыны.

 

ақыртас көшесі

р.Қошқарбаев даңғылынан басталып, Тәуелсіздік даңғылын қиып өтеді, Жанкент көшесінде аяқталады.

Ақыртас – Жамбыл облысындағы көне қалашық орны.

 

Ақтамберді жырау көшесі

Бұрынғы атауы – № 77 көше. Малайсары көшесінен басталады. Ұзындығы – 3087,7 м.

Ақтамберді Сарыұлы (1675–1768) – ұлы жырау, қолбасшы, қазақтың жыраулық мектебінің ірі өкілі. 1738-1752 жылдары қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан, ерлік көрсеткен, қолбасшылық еткен. Шығармалары: «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап» және т.б.  Ақтамберді жыраудың біздің заманымызға жеткен толғаулары өзінің көркемдігімен, тарихилығымен, мол тағылымымен ерекшеленеді.

 

 

Ақтасты көшесі

Бұрынғы атауы – Абай көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Ә.Әлімжанов көшесінен басталады. Ұзындығы – 472 м.

Ақтасты  жер-су атауы. Еліміздің көптеген өңірлерінде осы аттас өзен-көлдер, таулар, елдімекен атаулары бар.

 

Ақтау көшесі

Бұрынғы атауы – Октябрь көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 320,3 м.

Ақтау  Маңғыстау облысының орталығы, қала. Қазақстандағы ең ірі теңіз порты, халықаралық әуежай бар. Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қарақия ойысы қаладан 40 шақырым жерде орын тепкен. Ақтауда облыстың басты кәсіпорындары шоғырланған. Мұнда мұнай, газ, полимер өндіріс орындары бар. Еліміздегі атом электр стансасы да осы қалада орналасқан.

 

Ақтолқын көшесі

Бұрынғы атауы – № 67 көше.  Таңжарық Жолдыұлы көшесінен   басталады. Ұзындығы – 226,6 м.

Ақтолқын  – поэтикалық атау. «Ақтолқын» атты қыз есімдері бар.

 

Ақтөбе көшесі

Бұрынғы атауы – № 32 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ұлытау көшесінен басталып, Мойылды көшесінде аяқталады. Тарбағатай, Қарасу, Қайнар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 571,1 м.

Ақтөбе – облыс, қала атауы. Ақтөбе қаласы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени, ғылыми орталықтарының бірі. Теміржол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауында орналасқан қала. Ақтөбе облысы еліміздегі ең ірі облыстардың бірі. Бұл облыста мұнай, түсті металл өндірісі айрықша дамыған.

 

Ақшағыл көшесі

Бұрынғы атауы – Челябинский көшесі. Кентау көшесінен басталып, Кеншілер, Ынталы, Тасқұдық көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 580 м.

Ақшағыл – Қарағанды облысы, Шет ауданында орналасқан полиметалл кен орны.

 

 

 

 

Ақши көшесі

Бұрынғы атауы – №37 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесінен басталып, Әміре Қашаубаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 197,5 м.

Ақши – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде кездесетін жер-су атауы.

 

Ақын Сара көшесі

Бұрынғы атауы – № 98 көше. «Комсомол» тұрғын алабы. Домалақ ана көшесінен басталып, Қарашаш ана, Ләйлі-Мәжнүн, Жұбан ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 999,3 м.

Сара Тастанбекқызы (1853-1907) – ақын. Әкесінен ерте айырылып, әкесінің інісі Жайсаңбектің тәрбиесінде өскен. Сөзге тапқырлығымен, кесіп айтар шешендігімен елді сүйсінткен. Айтыс өнеріне әбден төселген Сара Арсалаң, Ниязбек сал т.б. ақындарды өнер жарысында жеңіп шыққан.

 

Ақыт Үлімжіұлы көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-15 көше. Н.Тілендиев орамынан басталып, Әсемқоңыр көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 624,3 м.

Ақыт Үлімжіұлы  (1868 – 1940) – шетелдегі қазақ әдебиетінің    көрнекті өкілі. Ірі діни қайраткер ағартушы, ақын. 1907 жылы Меккеге қажылыққа барған. Мешіт, медресе салдырып, имандылықты уағыздаған, шәкірттер дайындаған. «Ахуал қиямет», «Алтай», «Адамның жасы» атты туындылары бар.

 

Алакөл көшесі

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Асқартау көшесінен басталады. Ұзындығы – 753,2 м.

Алакөл – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы көл, Алматы облысындағы аудан.

 

Александр Бараев көшесі

Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Ш.Уәлиханов   көшесінде аяқталады. Ж.Тәшенов, Ш.Иманбаева көшелерімен  қиылысады. Ұзындығы – 988,5 м.

Александр Иванович Бараев (1908-1985) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Бұл көшеде Ресей Федерациясының елшілігі, «Ақниет» жиһаз салоны, «Континент» сауда орталығы орналасқан.

Александр Герцен көшесі

Жерұйық, М.Дулатов, Әулие ата, Т.Жароков көшелерін қиып өтіп, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2061,5 м.

Александр Иванович Герцен (1812-1870) – орыстың көрнекті қайраткері, философ-материалист, жазушы, публицист. Шығармалары: «Кім жазықты?», «Сұғанақ сауысқан», «Доктор Крупов».

 

Александр Затаевич көшесі

І.Есенберлин көшесінен басталып, Г.Потанин, Бекетай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1281,6 м.

Александр Викторович Затаевич (1869-1936) – музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі. «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» атты кітаптары шықты. Затаевичтың еңбектері арқылы қазақ музыкасының көптеген үлгілері сақталып, біздің заманымызға жетті.

 

Александр Княгинин көшесі

Бұрынғы   атауы  –  Новостроительный  көшесі.   Космонавтар көшесінен   басталып,   Наркескен  көшесінде  аяқталады. Ұзындығы – 400 м.

Александр Княгинин – мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, қазақ тілінің жанашыры.

 

Александр Матросов көшесі

Сартүбек  көшесімен  қиылысып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 316,8 м.

Александр Матвеевич Матросов (1924-1943) – Кеңес Одағының Батыры.

 

Александр Пушкин көшесі

Бұрынғы  атауы  –  Можайский  және  Л.Гумилев  көшелері. Ж.Тәшенов  көшесінен  басталып,  А.Жұбанов,  Жәнібек  тархан, Кенесары  көшелері   мен   Абай   даңғылын   қиып   өтеді. Ұзындығы – 4917,2 м.

Александр Сергеевич Пушкин (1799-1837) – классикалық орыс әдебиетінің негізін қалаушы, ақын. Ол дворян отбасында туып, балалық шағын Мәскеуде өткізген. Оның «Руслан және Людмила», «Бақша сарай фонтаны», «Евгений Онегин» т.б. шығармалары бар. Қазақ даласында А.Пушкин мұрасына алғаш айрықша көңіл аударып, қазақ халқына танытқандардың қатарында Ы.Алтынсарин, Абай болды.

Бұл көшеде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ғимараты, «Астана өрнек» мекемесі орналасқан.

Александр Серов көшесі

Республика даңғылынан басталады. Ұзындығы – 133,6 м.

Александр Николаевич Серов (1820-1871) – орыс композиторы, музыка сыншысы. Музыкадағы реализм үшін күрескен Серов музыкалық-әдеби еңбектерінде ғылыми-тарихи пайымдау және эстетикалық талдау шеберлігін өткір публицистикамен ұштастырды.

 

Александр Суворов көшесі

 М.Дулатов көшесімен қиылысып, Қырыққыз орамында аяқталады. Ұзындығы – 641,6 м.

Александр Васильевич Суворов (1729-1800) – әскери қолбасшы, орыс соғыс өнерін дамытушылардың бірі. А.Суворов өзінің әскери және соғыс тәжірибесіне сүйене отырып, әскери оқу-жаттығу мен тәрбие жүйесін, әскери тактика мен стратегия мәселелерін баяндайтын «Жеңіс ғылымы» атты еңбегін жазды.

Алексей Косыгин көшесі

Шығанақ көшесінен басталып, С.Челюскин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 351,1 м.

Алексей Николаевич Косыгин (1904-1980) – Кеңес үкіметі мен компартия қайраткері.

 

Алексей Петров көшесі

М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Қажымұқан көшесінде аяқталады.  Ұзындығы – 1696,2 м.

Алексей Васильевич Петров  - Совет Одағының Батыры.

 

Алмалық көшесі

Бұрынғы атауы – Победа, Садовый көшелері. «Көктал» тұрғын алабы. Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Нарын, Ардагер, Қайыңды, Сұлукөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1745,5 м.

Алмалық – орта ғасырдағы көне қала атауы. Іле өзенінің бойында орналасқан. Қаланың шығыс жағында Алмалықта билік жүргізген Тоғылық Темір ханның күмбезі бар. Алмалық қаласы ірі сауда, мәдениет және саяси орталық ретінде Қазақстан мен Шығыс Түркістанның ортағасырлық тарихы мен мәдениетінде аса маңызды рөл атқарды. Елімізде осы атаумен көптеген елдімекендер кездеседі.

 

 

 

 

Алматы көшесі

Бұрынғы атауы – № 19а көшесі. Орынбор көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Түркістан, Ақмешіт, Сауран көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1592,9 м.

Алматы  Іле Алатауының солтүстік етегіндегі, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің астанасы. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды. Алматы қаласы 6 қалалық әкімшілік ауданнан тұрады. Бұл қалада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Ұлттық Ғылым академиясы, Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Қазақ циркі, «Медеу» мұз айдыны,  Қазақстанның Жазушылар, Суретшілер, Театр қайраткерлері, Сәулетшілер, Сазгерлер, Журналистер одағы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орналасқан.

 

Алпамыс көшесі

Ақбұлақ өзенінің жағалауынан басталады. Арасан, Үлкен, Г.Әлиев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 385,1 м.

«Алпамыс»  қазақ халқының қаһармандық эпосы. «Алпамыс батырда» халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпикалық әсірелеу заңдылығымен берілген. Алпамыс – халқымыздың ең асыл қасиеттерін бойына жиған, отаншыл, адал, ер. «Алпамыс жыры» – ежелден сақталып келе жатқан көркем жыр. Эпоста халықтың тұрмыс-күйі, әдет-ғұрпы мен дүниетанымы көрінеді.

 

Алпамыс батыр көшесі

Бұрынғы атауы – Центральный көшесі. Атасу, Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков көшелерімен қиылысып, Қарашаш көшесінде аяқталады.  Ұзындығы – 936,9 м.

 

Алтыбақан көшесі

Бұрынғы  атауы  №  128  көше. Л.Мирзоян көшесінен басталып, Манатау көшесін қиып өтіп, Аманат көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 378,3 м.

Алтыбақан – қазақ халқының ұлттық ойыны.

 

 

Алтын сақа көшесі

Бұрынғы атауы – № 28 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесінен басталып, Байғозы батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,0 м.

Алтын сақа – ертегі, қазақ халық ауыз әдебиетінің туындыларының бірі.

 

Алтындала көшесі

«Интернациональный» тұрғын алабы. Аралқұм көшесінен басталады. Ұзындығы – 861,2 м.

Алтындала – республикамызда осындай елдімекен атаулары кездеседі.

 

Алтынемел көшесі

Бұрынғы атауы – К.Либкнехт көшесі. І.Есенберлин көшесінен басталып, И.Гёте көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 363,5 м.

Алтынемел – Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы тарихи мекен. Алтынемел мекені Ш.Уәлихановтың өмірімен тығыз байланысты. Ғалымның тарихи-мемориалдық мұражайы бар.

 

Алтынқұм көшесі

Бұрынғы атауы – Песчаный көшесі. Анар көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 741,7 м.

Алтынқұм – құмды, құмдауытты жерлерге байланысты қойылатын атау.

 

Аманат көшесі

Бұрынғы атауы – № 104 көше. Талғар көшесінен басталып, Б.Момышұлы даңғылымен қиылысады. Ұзындығы – 852,7 м.

Аманат – қазақ ұғымында ерекше мағынаға ие. Зат иесі өз мал-мүлкін өзге біреуге сақтауға, қарай тұруға сеніп тапсыруы. «Аманатқа  қиянат жүрмейді» деген мақалы осыған байланысты айтылған.

 

Амангелді Иманов көшесі

Ә.Бөкейхан  көшесінен  басталып,  А.Янушкевич  көшесінде аяқталады. Республика   даңғылын   және  М.Әуезов,  М.Ғабдуллин,  Ш.Уәлиханов, Ә.Сембинов, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 4917,2 м.

Аманкелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Аманкелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей патшасының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтерілісі барысында айқын көрінді. Көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапарды хан, Аманкелдіні көтеріліс қолбасшысы етіп сайлайды. Аманкелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болды.

Бұл көшеде «Самұрық» кинотеатры, «Қазына» сауда үйі, Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы орналасқан.

 

Аманқарағай көшесі

Бұрынғы атауы – Стадионный көшесі. Ш.Бейсекова көшесінен басталып, С.Мұхамеджанов көшесінде аяқталады. Конституция көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 431,3 м.

Аманқарағай – Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы шоқ қарағай, елдімекен атауы.

 

Амантоғай көшесі

Бұрынғы атауы – № 39 көше. «Көктал» тұрғын алабы.  Шаңтөбе көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Бостандық, Қызбел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 266,2 м.

Амантоғай  Қостанай облысының Амангелді ауданындағы ауыл. Торғай өзенінің оң жақ саласында орналасқан.

 

АММАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 77 көше. Ж.Тәшенов көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады.

Амман – Иорданияның астанасы. Көне эллиндік, римдік дәуірлерден белгілі қала. 1946 жылдан бері Иордания Хашимиттік Корольдігінің астанасы.

 

Анар көшесі

В.Вишневский көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 2220,4 м.

Анар – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл.

 

Антон Чехов көшесі

М.Дулатов көшесінен басталып, М.Жәлел көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1239,1 м.

Антон Павлович Чехов (1860-1904) – орыстың ұлы  жазушысы. Тұңғыш әңгімелер жинағы – «Мельпоменаның хикаялары» 1884 жылы шықты. Еңбектері: «Дала», «Жуан мен жіңішке», «Махаббат туралы» т.б. Чеховтың шығармалары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылып, әлем әдебиетінің алтын қазынасына қосылды.

 

Аңырақай көшесі

Бұрынғы  атауы  –  К.Цеткина  көшесі.  Мұғалжар  көшесінен басталып,  Ақкемер,  Жайсаң   көшелерімен   қиылысады.  Ұзындығы – 8176,6 м.

Аңырақай – біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Болат ханның бастауымен үш жүздің хандары, билері, сұлтандары мен батырлары қатысқан Ордабасы жиынында бүкіл қазақ қолының бірігуі – жауға қарсы бірыңғай стратегиялық шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Аңырақай жеңісі тәуелсіздікті аңсаған қазақ елінің тұтастығын сақтап қала алатындығын айқын дәлелдеді.

 

Арай көшесі

Космонавтар көшесінен басталып, Ә.Марғұлан, Тобылғысай, Толағай, Құлагер көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1259,3 м.

Арай – «күн нұрының шұғыласы, сәулесі» дегенді білдіреді.  Қазақстанда Арай атты бірқатар елдімекендер бар.

 

Аралқұм көшесі

Бұрынғы атауы – Степной көшесі. Нұрлыжол көшесінен басталып, Алтындала көшесімен, Ұлан орамын қиып өтеді.  Ұзындығы – 628,9 м.

Аралқұм – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл.

 

Арам Хачатурян көшесі

И.Дунаевский көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 167,7 м.

Арам Ильич Хачатурян (1903-1978) – композитор, дирижер, педагог, музыка және қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі.

 

Арасан көшесі

Алпамыс көшесімен қиылысып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423,1 м.

Арасан – шипалы, емдеуге қолданылатын жылы жер асты су көздері. Қазақстанның арасан сулары емдік қасиеттері бойынша дүние жүзіндегі атақты шипалы сулардан кем түспейді.

 

 

Арғанаты көшесі

Бұрынғы  атауы – №  59  көше. Оңтүстік-Шығыс  тұрғын алабы. Құндызды көшесінен басталып, Марқакөл көшесінде аяқталады. Шертер, Талғар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 946,4 м.

Арғанаты – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тау сілемдері.

 

Ардагерлер көшесі

Бұрынғы  атауы  –  Целинный  көшесі.  «Көктал» тұрғын  алабы. Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Шұғыла көшесінде аяқталады. Нарын, Қайыңды, Сұлукөл көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1310,5 м.

Ардагер  «құрметті, қадірлі, ардақты» деген мағынаны білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, елге еңбек сіңірген абыройлы адамды халық «Ардагер» деп жоғары бағалаған.

 

Арқайым көшесі

Бұрынғы атауы – № 24 көше. Ұзындығы – 509,1 м. М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Ер Көкше, Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерін қиып өтеді.

Арқайым – орта қола кезеңінен (б.з.б. 2-мыңжылдық) сақталған тарихи және мәдени ескерткіштер кешені. Арқайым Қостанай облысында орналасқан.

 

Арқалық көшесі

Бұрынғы атауы – № 25 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Баршын көшесінен басталып, Ұлытау, Қайнар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1419,8 м.

Арқалық  Қостанай облысының оңтүстік-шығысындағы қала, теміржол стансасы. Кезінде Торғай облысының орталығы болған.

        

АРҚАРЛЫ КӨШЕСІ

Қамысты, Көксеңгір көшелерін қиып өтіп, Бестөбе көшесінде аяқталады.

Арқарлы – жер-су атауы, елімізде осы атаумен бірнеше елдімекендер кездеседі.

 

Армандастар көшесі

Бұрынғы атауы – Молодежный. «Интернациональный» тұрғын алабы. Қарағанды-Астана тас  жолынан  басталып,  Мереке көшесінде аяқталады. Нұрлыжол  көшесімен  қиылысады.  Ұзындығы – 745,5 м.

Армандастар  көкейіндегі ізгі ниеті, болашақтан күтер үміті, алға қойған мақсаты бір, ортақ адамдар. Осыған байланысты «Армандастар» деген ән бар.

 

Арна көшесі

Бұрынғы атауы – № 36-15 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Ұзындығы – 376,9 м.

Арна – өзен аңғарының су ағатын бөлігі. Оқтын-оқтын немесе қысқа мерзімге құрғап қалатын өзен аңғарын «арна» деп атайды.

 

Арнасай көшесі

Бұрынғы атауы – Комсомольский көшесі. «Пригородный» тұрғын алабы. Айнабұлақ көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Сарытоғай көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1452,6 м.

Арнасай – елді мекеннің, өзеннің атауы.

 

Арықты көшесі

Бұрынғы атауы – № 72 көше. Абайдың 150 жылдығы көшесінен басталып, Қарақожа орамында аяқталады. Ұзындығы – 446,4 м.

Арықты – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы ауыл атауы. Еліміздің кейбір өңірлерінде осындай атаулар кездеседі.

 

Асан қайғы көшесі

Бұрынғы атауы – Н.Гастелло көшесі. А.Кравцов көшесінен басталып,  Жәнібек  тархан,  Ағыбай  батыр,  А.Иманов,  Кенесары, Абай   даңғылы,   С.Сейфуллин   көшелерін   қиып   өтеді.  Ұзындығы – 2237,8 м.

Асанқайғы (XIV ғ. – XV ғ.) – мемлекет қайраткері, ақын жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады. Асанқайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «Адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүретін «Жерұйықты» аңсады.

Бұл көшеде № 8 қазақ мектебі орналасқан.

 

Асқар Тоқпанов көшесі

Ж.Тәшенов көшесінен басталып, Арасан, Саргүл, Өлеңті көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1077,7 м.

Асқар Тоқпанов (1915-1994) – режиссер, педагог, Қазақ    КСР-інің халық әртісі. «Абай», «Марабай», «Еңлік-Кебек», «Жеңіс жыры» секілді  спектакльдерді сахнаға шығарды. А.Тоқпанов көптеген өнер қайраткерлерін тәрбиелеген.

 

Асқартау көшесі

Бұрынғы атауы – Садовый көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Бастау, Алакөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 735,3 м.

Асқартау – «биік, заңғар тау» деген мағынаны білдіреді.

 

Аспара көшесі

Бұрынғы атауы – Г.Котовский көшесі. Жерұйық көшесінен басталып, Қарасай батыр даңғылын, Медеу, М.Дулатов, Орда көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1264,1 м.

Аспара – Жамбыл облысындағы өзен.

 

Асы көшесі

Бұрынғы атауы №184 көше. Батыр Баян көшесінен басталып, Асы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 173,7 м.

Асы – көне түркі тілінен аударғанда «дала», «жазық», «кең алқап» деген мағынаны білдіреді.

 

Атақоныс көшесі

Бұрынғы атауы – Мир көшесі. «Күйгенжар» тұрғын алабы. Жаңатұрмыс көшесімен қиылысып, Шапағат көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 870,5 м.

Атақоныс  қазақ халқының ұғымында ежелден бері өмір сүріп келе жатқан тарихи мекен. Ұрпағы түрлі себеппен өзге өңірге қоныс аударса да ата қонысын ұмытпай ұрпағының санасына сіңіріп отырған. Жалпы «атақоныс» ұғымы қазақ халқының түсінігінде тарихи мекен ғана емес, қасиетті топырақ ретінде қалыптасқан.

 

Атамұра көшесі

Бұрынғы атауы – Хлебоприемный көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. Шарбақты көшесінен басталып, Құлагер көшесінде аяқталады. Шалгөде көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1268,3 м.

Атамұра – әкеден балаға мал-мүлік, жер, қазына, байлық ретінде бөліп берген еншісі. Қазақ қауымында ерте заманнан қалыптасқан бұл дәстүр Қасым хан мен Есім хан дәуірінде ресми заң ережесімен бекітілген.

 

Атасу көшесі

Бұрынғы атауы – Планетный көшесі. Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Алпамыс батыр көшесінде аяқталады. Қарасақал Ерімбет, Жекебатыр, Х.Досмұхамедұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 425,7 м.

Атасу – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының орталығы. 

 

Атбасар көшесі

Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Қарталы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 655,7 м.

Атбасар – Ақмола облысы, Атбасар ауданының орталығы. Атбасар станица ретінде 1876 жылы салынған. Қазан төңкерісіне дейін мұнда жыл сайын Атбасар жәрмеңкесі өткізілген.

 

Атырау көшесі

Бұрынғы атауы – № 36-3 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Сұлутөр, Машат орамы, Жылыой көшесімен қиылысып, Аягөз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 508 м.

Атырау – қала, облыс орталығы. Каспий теңізінен солтүстікке қарай 30 шақырым жерде, Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан. Қала өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, металл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар.

 

Ахмет БайтұрсынҰЛЫ көшесі

Бұрынғы атауы – № 23-21 көше. Р.Қошқарбаев даңғылынан басталып, Тәуелсіздік даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 7200 м.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) – қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қоғам және ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.

Ахмет Байтұрсынұлы Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін 1891 жылы бітіреді. Ол 1913-1918 жылдары Ә.Бөкейханмен, М.Дулатовпен бірігіп, тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газеті арқылы қазақ ауылдарын жедел, жаппай отырықшы тұрмысқа көшуден сақтандырды, жеке қожалық иелерін егін және мал шаруашылығын жүргізудің, тауарлы өндіріспен айналысудың озық үлгілерімен таныстырды. Өктемшіл биліктің түрлі саяси айласына ұлттық бірлік пен парастты қарсы қоюға үндеді, туған  жердің байлығын өз игілігіне жарату үшін халқын өнер, білімді игеруге шақырды. 1917 жылы төңкерістік өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында із қалдырған қазақ сиездері мен қазақ комитеттері  сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүріп, «Қазақ» газеті арқылы халыққа саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен Екінші жалпықазақ сиезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп, Ахмет Байтұрсынұлын бекітеді.

Ахмет Байтұрсынұлы «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш» секілді жинақтарын жарыққа шығарды. Ахмет Байтұрсынұлының ақын аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі зор бағаға ие болды.

Бұл көшеде Бейбітшілік және келісім сарайы, «Шабыт» концерт залы, «Хайвилл» тұрғын үй кешені орналасқан.  

 

Ахмет Жұбанов көшесі

А.Пушкин   көшесінен   басталып,   Жәнібек  тархан,  А.Иманов,   Кенесары   көшелері   мен   Абай  даңғылын   қиып  өтеді.  Ұзындығы – 1927,6 м.

Ахмет Жұбанов (1906-1968) – ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, академик, профессор. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Исатай – Махамбет» пьесаларының, «Амангелді» фильмінің музыкасын жазған. А.Жұбанов – қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі.

Бұл көшеде Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті орналасқан. 

 

Ашхабад көшесі

Игілік көшесінен  басталып,  Ташкент  көшесімен  қиылысады.   Ұзындығы – 447,1 м.

Ашхабад –Түркіменстан Республикасының астанасы.

 

Ащысай көшесі

Бұрынғы   атауы   –   Линейный   көшесі.   «Железнодорожный» тұрғын    алабы.    В.Маяковский   көшесінен    басталады.  Ұзындығы – 394,8 м.

Ащысай – елімізде кездесетін бірнеше жер-су атаулары. Осы аттас өзендер мен елдімекендер бар. Ең белгілісі – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ащысай кен орны.

 

Аягөз көшесі

Бұрынғы  атауы – №36-2 көше. «Қараөткел» шағын ауданы.  Мәртөбе орамы мен Атырау,  Шарбақкөл,  Таңбалытас  көшелерін  қиып өтеді. Ұзындығы – 634,2 м.

Аягөз –  Шығыс Қазақстан облысындағы өзен, аудан, қала. Аягөз қаласының іргесі 1831 жылы қаланған. Қазақ тарихында Аягөз сыртқы округінің, Аягөз уезінің орны маңызды.

 

Әбдіғапар Ділманов көшесі

Бұрынғы атауы – М.Фрунзе көшесі. Мәскеу көшесінен басталып, Жеңіс даңғылында аяқталады. Домбыралы, Бестерек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 590,5 м.

Әбдіғапар Ділманов – жаңа тәуелсіздік дәуірінің батыры. 2000-2001 жылдары Президент әкімшілігі мен Үкіметті қорғау батальонында инспектор қызметін атқарды. Әбдіғапар Ділманов Астана қаласында қауіпті бұзақыларды ұстау барысында ерлікпен қаза табады.

 

әбдіғаппар жанбосынҰЛЫ көшесі

Есіл өзенінің жағалауынан басталып, Тарас Шевченко көшесінде аяқталады.

Әбдіғаппар Жанбосынұлы – ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Торғайдағы көтерілістің басшысы. Торғай уезіндегі құрылтайда хан етіп сайланған. Кеңес үкіметінің саясатына қарсы шыққан.

 

Әбубәкір Диваев көшесі

Бұрынғы  атауы  –  Ф.Дзержинский  көшесі.  Конституция көшесінен   басталып,  М.Дулатов  көшесінде  аяқталады.  Ұзындығы – 389,5 м.

Әбубәкір Диваев (1856-1933) – фольклорист, этнограф, тіл маманы. Қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының фольклоры мен этнографиясы жөнінде көптеген еңбектің авторы.

 

Әбілхан Қастеев көшесі

Бұрынғы атауы – № 32 көше. Исатай батыр көшесінен басталып,  Қазтуған көшесімен жалғасады. Ұзындығы – 1122,9 м.

Әбілхан Қастеев (1904-1973) – қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі, аса көрнекті кескіндемеші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанның Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Көгілдір көйлекті қыз», «Мектепке», «Тігін үстінде», «Түрксиб», «Жас Абай», «Амангелді Иманов», «Амангелді сарбаздары», «Шоқан Уәлиханов», «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз ұзату», «Келін түсіру» т.б. туындылары бар. Қазақ мәдениеті мен тарихын кескіндеуде Әбілхан Қастеев еңбектерінің маңызы аса зор.

 

Әділбек Майкөтов көшесі

Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 532,1 м.

Әділбек Майкөтов (1869-1919) – қоғам қайраткері, Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы төңкеріске қатысушы. 1887 жылы орыс-қазақ училищесін бітірген. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақ жастарын тыл жұмыстарына мобилизациялауға қарсы шығып, Ұлытау өңірінде қарулы жасақ ұйымдастырады.

 

Әлихан Бөкейхан көшесі

Ғ.Қараш көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады.  Ағыбай батыр, А.Иманов, Т.Рысқұлов, Кенесары көшелерін  қиып  өтеді. Ұзындығы – 846,3 м.

Әлихан Бөкейхан (1866-1937) – қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Ә.Бөкейхан зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен шақырылған Бүкілресейлік мұсылман сиезіне қатысып, мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды. Әлиханның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде 1-жалпықазақ сиезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 жылғы желтоқсандағы сиезде «Ұлт Кеңесі» құрылып, оның аты «Алашорда» болып аталды. Бұл үкіметтің төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды.

Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген.

Бұл көшеде Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, ОБСЕ орталығы, БҰҰ өкілдігі, «Абай» кітап үйі орналасқан.

 

Әлия  Молдағұлова көшесі

Бұрынғы  атауы  –  Қ.Жалайыри  көшесі.  Жеңіс  даңғылын,  Бейбітшілік, М.Әуезов  көшелерін  қиып  өтіп,  Республика даңғылында аяқталады.  Ұзындығы – 2100,5 м.

Әлия Молдағұлова (1924-1944) – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. Өз еркімен қызыл әскер қатарына сұранып, мергендердің Орталық әйелдер мектебін үздік бітіріп шығады.  1943 жылы 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түседі. Әлия туралы бірнеше ән, дастандар бар. Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ескерткіш орнатылған. Мәскеуде батыр атындағы мектеп пен көше бар.

Бұл көшеде батырдың ескерткіші орналасқан.

        

әлкей марғұлан көшесі

Қараөткел көшесінен басталып, Арай көшесін қиып өтеді. «Шұбар» тұрғын үй алабы.

Әлкей Марғұлан Хаканұлы – археолог-ғалым, Қазақстандағы археология мектебінің негізін қалаушы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі. Өз еңбектерін қазақ халқының материалдық және рухани тарихын, ауыз әдебиетінің  эпикалық жанрын, ежелгі сәулет өнерін, ән, жер өңдеу, металлургия салаларын және т.б зеттеуге арнаған. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

Әлмұқан Сембинов көшесі

А.Иманов көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Абай даңғылын, Кенесары, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1640 м.

Әлмұқан Оспанұлы Сембинов (1924-1972) – Ұлы Отан соғысының ардагері, «Даңқ» орденінің толық иегері. Соғыстан кейінгі жылдарда Ақмола қаласында шаруашылық, оқу-өндірістік салаларда қызмет атқарған.

Бұл көшеде «Сұңқар», «Жұлдыз» қонақүйлері орналасқан.

 

Әліби Жангелдин көшесі

Сарыарқа даңғылынан басталып, Жеңіс даңғылын, Желтоқсан, Р.Қошқарбаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2575 м.

Әліби Жангелдин (1884-1953) – мемлекет қайраткері. Ә.Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалады. 1922 жылы Орынбордан шығып Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында жол жүріп өткен Ә.Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық шаруашылығын қалпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды.

Бұл көшеде ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік орналасқан.

 

 

Әлімхан Ермеков көшесі        

Бұрынғы атауы – Светлый көшесі. Темірқазық, Н.Оңдасынов, Алпамыс батыр көшелерін қиып өтіп, Қарасақал Ерімбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 899,5 м.

Әлімхан Ермеков (1891-1970) – қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик, ұстаз, ғалым. 1921 жылы Томск технология институтын бітірген. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде топтастыруда ерекше рөл атқарған. Ол қазақ зиялыларының қатарынан тұңғыш рет математика саласынан профессор атағына ие болған.

Әміре Қашаубаев көшесі

Бұрынғы атауы – №27 көше. Байзақ датқа, Сырым батыр көшелерін қиып, Жұмабай Шаяхметов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3807,3 м.

Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер. Халық және халық композиторлары әндерінің шебер орындаушысы. Шетелде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі. 1925 жылы  Парижде өткен Бүкіл дүниежүзілік көрмеде күміс медальге ие болған. Тұңғыш қазақ театрының алғашқы актерларының бірі. «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Бәйбіше-тоқал» спектаклдерінде басты рөлде ойнаған.

 

Әнуар Әлімжанов көшесі

Шымкент қысқа көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 923,5 м.

Әнуар Әлімжанов (1930-1993) – жазушы, журналист. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. «Отырар ескерткіші», «Жаушы», «Ұстаздың оралуы», «Махамбеттің жебесі» атты тарихи романдардың авторы.

 

Әубәкір Ысмайылов көшесі

Республика даңғылынан басталып, Ш.Иманбаева көшесінде аяқталады. М.Ғабдуллин көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 498 м.

Әубәкір Ысмайылов (1910-1988) – кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі. Негізгі шығармалары: «Алатау алқабы», «Хантәңіріндегі жайлау», «Шалкөде алабы».

 

Әулие ата көшесі

Бұрынғы атауы – Сельский көшесі. А.Герцен көшесінен басталып, Жерұйық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1950,8 м.

Әулие ата – Тараз қаласының бұрынғы атауы. Әулие ата атауы Қарахан әулеті хандарының бірі жерленген мавзолеймен тығыз байланысты. XI ғасырда салынған.

 

Бағаналы көшесі

Бұрынғы атауы – № 45 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Талғар көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Обаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 614,2 м.

Бағаналы –  «Айман-Шолпан» жырында кездесетін жер атауы.

 

Базарлық көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-7 көше. Ақтолқын көшесінен басталады. Ұзындығы – 157,4 м.

Базарлық – сапарға, саяхатқа, шыққан адамдар үй-ішіне, көршілеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға әкелетін сыйлықтар.

 

Байғозы батыр көшесі

Бұрынғы атауы – № 55 көше. Байзақ датқа көшесін қиып өтіп, Үмбетей жырау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 709,3 м.

Байғозы Наймантайұлы (1705-1803) – жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресінің  батыры.

 

Байзақ датқа көшесі

Бұрынғы атауы № 82 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталады. Ұзындығы – 605,0 м.

Байзақ Мәмбетұлы (1789-1864) – Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр.

 

Байқадам көшесі

Бұрынғы атауы – 7-Кирпичный завод көшесі. Ойыл көшесінен басталып, Балықты көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 66,6 м.

Байқадам – елді мекен атауы. Еліміздің бірқатар аймақтарында кездеседі.

 

Байқоңыр көшесі

«Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталып, Болашақ, Өркен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1130,5 м.

Байқоңыр – Қызылорда облысындағы қала. Әлемдегі ең ірі ғарыш айлақтарының бірі. Байқоңырдан 1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа көтерілді.

 

        

Байырқұм көшесі

Бұрынғы  атауы – № 96 көше. А.Пушкин көшесінен басталады. Ұзындығы – 3792,3 м.

Байырқұм – ежелгі қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында.

 

Бақанас көшесі

Бұрынғы атауы – Экспериментальный көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Бастау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 423,9 м.

Бақанас – Алматы облысы, Балқаш ауданының орталығы.  Бақанас – Балқаш алабындағы өзен.

 

Бақты көшесі

Бұрынғы атауы – № 99 көше. Бастау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 975,5 м.

Бақты – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы тау. Елімізде осы аттас елдімекендер бар.

 

Бақтыбай ақын көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-4 көше. Ұзындығы – 472,5 м.

Бақтыбай Жолбарысұлы (1842–1902) – айтыс ақыны. Тезек төремен, Мәйке қызбен, Әсет ақындармен айтысқан. «Жел қобыз», «Едіге–Нұран» дастандары мен өлең-жырлары бар.

 

Бақтыораз Бейсекбаев көшесі

Жәнібек тархан көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Абай даңғылын және А.Иманов, Кенесары, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1839,7 м.

Бақтыораз Шәмпекұлы Бейсекбаев (1920-1941) – екінші дүниежүзілік соғыста ерекше ерлік көрсеткен жауынгер. Ресей Федерациясының батыры,  Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атағы берілді.

 

Балауса көшесі

Бұрынғы атауы – Цветочный көшесі. М.Мақатаев көшесінен басталып, Құлынды көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 382,3 м.

Балауса – ылғалды жерде өсетін шалғын шөп. Поэтикалық атау.

 

Балбырауын көшесі 

Бұрынғы  атауы  –  №60  көше.  Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Б.Момышұлы  даңғылынан басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 655,9 м.

Балбырауын – шатыр гүлділер тұқымдасына жататын бір жылыдқ немесе көп жылыдық шөптесін өсімдік. Күйші Құрманғазының халыққа аса танымал «Балбырауын» атты күйі бар.

 

Балқантау көшесі

Бұрынғы атауы – № 41 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Кәусар орамынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. М.Жұмабаев даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 3462,6 м.

Балқантау – Қарағанды облысындағы тау атауы.

 

Балталы көшесі

Бұрынғы атауы – № 64 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Майқайың көшесінен басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Шертер көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 347,1 м.

Балталы – Қазақстанда кездесетін жер атауы.

 

Балуан Шолақ көшесі

М.Төлебаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 597 м.

Балуан Шолақ (1864-1919) –ақын, әнші-композитор, палуан. ХІХ ғасырдағы Арқадағы сал-серілер мектебінің ірі өкілі ретінде белгілі болған. Балуан Шолақтың «Көкшетау», «Кенже қоңыр», «Ғалия» сияқты көптеген әндері бар.

 

Балықты көшесі

Бұрынғы атауы – 6-Кирпичный завод көшесі. Ойыл көшесінен басталып, Байқадам көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 143,3 м.

Балықты – «балығы мол» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас көл аттары кездеседі.

 

Баршын көшесі

Бұрынғы атауы – №4 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Н.Тілендиев даңғылынан басталады.  Ұзындығы – 1404,4 м.

Баршын – Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы елдімекен.

 

Бастау көшесі

Бұрынғы атауы – Центральный көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Ұзындығы – 1390,9 м.

Бастау – өзеннің, бұлақтың, т.б. ағын судың басталатын жері.

 

Бастөбе көшесі

Бұрынғы атауы – И.Алейников көшесі. Жігер орамынан басталады. Ұзындығы – 864,6 м.

Бастөбе – жер-су атауы. Елімізде осы аттас елдімекендер кездеседі.

 

Басықара батыр көшесі

Бұрынғы атауы – № 68 көше. Махамбет көшесін қиып өтіп, Батыр Баян көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 412,1 м.

Басықара – Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің батыры.

 

Батыр Баян көшесі

Бұрынғы атауы – № 182 көше. Айғыржал көшесінен басталып, Исатай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы –1392,6 м.

Баян Қасаболатұлы (1710-1757) – қазақ – жоңғар шайқастарына қатысып «Батыр Баян» атанған, ерекше ерлік көрсеткен батыр.

 

Баян сұлу көшесі

Бұрынғы атауы – №154 көше. «Комсомол» тұрғын алабы. Айша бибі, Ұмай ана, Тұмар ханым көшелерін қиып өтіп, Домалақ ана көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 848,3 м.

Баян сұлу – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық жырының бас кейіпкері.

 

Баянауыл көшесі

М.Ғабдуллин  көшесінен  басталып,  Ә.Сембинов  көшесінде аяқталады. М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов,  Тараз,  Асанқайғы  көшелерін  қиып   өтеді. Ұзындығы – 1084 м.

Баянауыл – Павлодар облысының оңтүстік-батысындағы аудан, Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі.

 

Баянтау көшесі

Бұрынғы атауы – №31 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Сұлутөбе көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 932,2 м.

Баянтау – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан.

 

Бәйшешек көшесі

Бұрынғы  атауы  –  Весенний  көшесі. М.Төлебаев көшесінен  басталып, Көкарал көшесінде аяқталады. Б.Серікбаев көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1045,4 м.

Бәйшешек – көктемде алғаш шығатын гүл, поэтикалық атау.

Бәкен Серікбаев көшесі

«Промышленный» тұрғын алабы. Бәйшешек көшесінен басталып, Көкарал көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 354,1 м.

Бәкен Серікбаев (1894-1919) – Ақмола облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысқандардың бірі. С.Сейфуллинмен бірге «Жас қазақ» атты жастар ұйымын құруға атсалысқан.

 

Беғазы-Дәндібай көшесі

Бұрынғы атауы – № 5 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Исатай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 595,0 м.

Беғазы – Дәндібай мәдениеті – қола дәуіріндегі (б.з.б. IX – VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Қарағанды облысында орналасқан.

 

Бейбітшілік көшесі

Кенесары көшесінен басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Ә.Молдағұлова көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2899,6 м.

Бейбітшілік – тыныштық, татулық дегенді білдіреді.

Бұл көшеде Астана қаласының әкімдігі, ҚР Орталық сайлау комиссиясы, «Қазинформ» ақпараттық агенттігі», ҚР Ұлттық Банкі, Политехникалық колледж, Медицина академиясы орналасқан.

 

Бейімбет Майлин көшесі

Бұрынғы атауы – М.Вавилов көшесі. Л.Мирзоян көшесінен басталып, Тәуелсіздік даңғылында аяқталады. Ұзындығы–3246,2 м.

Бейімбет Майлин (1894-1938) – жазушы, драматург. Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Негізгі шығармалары: «Шұғаның белгісі», «Берен» повестері, «Неке қияр», «Шұға», «Майдан», «Жалбыр» пьесалары, «Азамат Азаматыч» романы.  Б.Майлин – қазақ сөз өнерінің проза жанрына үлкен үлес қосқан қаламгер.

 

Бекарыс көшесі

Бұрынғы атауы – №6 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Сілеті көшесінен басталып, Қозыбасы көшесінде аяқталады. Хантау, Қаратау көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 811,3 м.

Бекарыс – Кіші жүздің атасы. Қазақ халқын құрайтын үш жүз бірде Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп аталса, енді бірде Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп аталады. Аңыз бойынша Қазақ деген кісінің Ақ, Жан, Бек деген үш ұлы болған. «Арыс» сөзі «ер азамат», «ел қамын жеген тұлға» деген ұғымды білдіреді. Бекарыстан Әлімұлы, Байұлы, Жетіру тайпалары тарайды.

 

Бекет ата көшесі

Бұрынғы атауы – № 3 көше. Айғыржал көшесінен басталып, Бекзат Саттарханов, Сырым батыр көшелерін қиып өтіп, Жұмабай Шаяхметов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2163,8 м.

Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) – ұлт руханиятының ұлы тұлғаларының бірі, батыр, әулие, ағартушы, сәулетші.

 

Бекетай көшесі

Бұрынғы атауы – З.Катченко көшесі. Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Ә.Молдағұлова, Қарауыл көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1017 м.

Бекетай – Батыс Қазақстан облысындағы құмды жер.

 

Бекзат Саттарханов көшесі

Бұрынғы атауы – № 86 көше. Доспамбет жырау, Махамбет көшелерін қиып, Мәди көшесімен жалғасады. Ұзындығы – 1142,6 м.

Бекзат Саттарханов (1980-2000) – Сидней олимпиадасының чемпионы, аса дарынды боксшы.

 

Бектау көшесі

Бұрынғы атауы – О.Кошевой көшесі. Шардара көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 393,4 м.

Бектау – тау аты. «Мықты, берік, биік тау» деген мағынаны білдіреді.

 

Беласар көшесі

Бұрынғы атауы – Болашақ көшесі. «Пригородный» тұрғын алабындағы көше. Ұзындығы – 481,8 м.

Беласар – қола дәуірінен сақталған қорым. Қарағанды облысының Шет ауданында орналасқан.

 

Белжайлау көшесі

Бұрынғы атауы – Энергетиктер көшесі. Г.Әлиев көшесінен басталады. Ұзындығы – 132,3 м.

Белжайлау – елімізде жиі кездесетін жер атауы.

 

Белқарағай көшесі

Бұрынғы  атауы – № 73 көше. Оспан батыр, Бекзат Саттарханов, Әміре Қашаубаев көшелерімен қиылысып, Сексек ата көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 334,5 м.

Белқарағай – Ақмола облысы, Бұланды ауданындағы елдімекен.

 

Берел көшесі

Бұрынғы атауы – Целинный көшесі. Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Мәскеу, Ә.Молдағұлова көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 815,4 м.

Берел – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.

 

Берен көшесі

Бұрынғы атауы – №49 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Балқантау көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 320,5 м.

Берен – сауыттың бір түрі, «болат темірлі сауыт» деген ұғымды білдіреді.

 

Бесбалық көшесі

Бұрынғы атауы – №132 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы көше. Ұзындығы – 310,3 м.

Бесбалық – орта ғасырлардағы көне түркі қаласы.

 

Бестерек көшесі

Бұрынғы атауы – В.Чапаев көшесі. Сарыарқа даңғылы мен Ә.Ділманов көшесін қиып өтіп, Жеңіс даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 765,3 м.

Бестерек – жер-су атауы. Қазақстанда осы аттас елді мекендер мен өзен аттары кездеседі.

 

Бестөбе көшесі

Бұрынғы атауы – Бестюбинский көшесі. Мақат көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 358,6 м.

Бестөбе – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы кент.

 

 

 

 

Бесшалқар көшесі

Бұрынғы атауы – № 26 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Обаған көшесінен басталып, Талғар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 542,6 м.

Бесшалқар – көл, теңіз атауы. «Кең-байтақ, шексіз де шетсіз» деген мағынаны білдіреді.

 

Богдан Хмельницкий көшесі

Қарауыл көшесінен басталып, Мәскеу көшесінде аяқталады. Ә.Молдағұлова, Керегетас көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы-637,9 м.

Богдан Хмельницкий (1595-1657) – украин халқының батыры, қолбасшы.

 

Бозарал көшесі

Бұрынғы атауы – № 161 көше. «Қараөткел» шағын ауданында орналасқан көше. Ұзындығы – 601,5 м.

Бозарал – жер  атауы.

 

Бозбиік көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-118 көше. Айдархан Тұрлыбаев көшесінен басталып, Жақып Ақпаев, Дәулеткерей көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 652,3 м.

Бозбиік – Алматы облысы Балқаш ауданы Малайсары тауының сілемдеріндегі шыңның атауы.

 

Бозторғай көшесі

Бұрынғы атауы – № 165 көше. Мұқан Төлебаев көшесінен басталып, Арқайым көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 429,0 м.

Бозторғай – құс атауы. Сондай-ақ, осы атаумен аталатын ән, жыр жинақтары бар.

 

Бойтұмар көшесі

Бұрынғы атауы – № 43 көше. У.Танашев көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 336,1 м.

Бойтұмар – қасиетті кітаптардан алынған сөздер жазылған  дұға, аят, мойынға тағатын қастерлі зат.

 

 

 

 

Болашақ көшесі

«Көктал»  тұрғын  алабы.  Н.Тілендиев  қысқа  көшесінен басталып,    Жетісу,   Байқоңыр   көшелерін   қиып   өтеді.  Ұзындығы – 2031,9 м.

Болашақ – «алдағы уақыт, келешек» деген мағынаны білдіреді.

 

Борис Ерзакович көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-40 көше. Қарақожа орамынан  басталып, Мұзбел орамында аяқталады.Ұзындығы – 349,9 м.

Ерзакович Борис Гиршевич  (1908–2006 ) – белгілі музыкатанушы, композитор. Шығармалары: Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай және басқалардың шығармаларын қолданып  музыкалық  шығармалар жазды.

 

Босаға көшесі

Бұрынғы атауы – Тополиный көшесі. Меркі көшесімен қиылысып, М.Мақатаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 176,4 м.

Босаға – үй есігінің екі жақтауы. Қазақ халқы босағаны қасиетті санаған. Жас келін босаға аттап сәлем жасағанда, үлкендер оған «Шаңырағың биік, босағаң берік болсын» деп бата берген.

 

Бостандық көшесі

Бұрынғы атауы – №25 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Амантоғай көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 210,8 м.

Бостандық – «тәуелсіздік, еркіндік» деген мағынаны білдіреді.

 

Ботақара көшесі

Бұрынғы  атауы – № 36 көше. Мұхамет–Салық Бабажанов көшесінен  басталып, Әміре Қашаубаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 197,5 м.

Ботақара – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданынының орталығы

 

Боталы көшесі

Бұрынғы атауы – А.Жданов көшесі. С.Кубрин көшесімен қиылысып, Тәттімбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 880,2 м.

Боталы – «ботасы бар» деген ұғымды білдіреді.

 

 

 

 

Бөрілі көшесі

Бұрынғы атауы – №32 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Сұлутөбе көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 821,5 м.

Бөрілі – қола дәуірінен сақталған қоныстар орны (б.з.д. ХV-ХІІ ғ.). Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 200 шақырым жерде орналасқан.

 

Бурабай көшесі

Бұрынғы атауы – №9 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылын  қиып өтеді. Ұзындығы – 1660,3 м.

Бурабай – Көкшетау қыратындағы әсем көл, кент, аудан атауы.

 

Бұқтырма көшесі

Бұрынғы атауы – №12 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127,1 м.

Бұқтырма – Ертіс өзенінің оң жақ саласындағы өзен.

 

Бұланты көшесі

Бұрынғы атауы – И.Мичурин көшесі. Қарасай батыр көшесінен басталып, Конституция көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 404,6 м.

Бұланты – 1727 жылы Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығындағы қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы. Бұл шайқаста қазақ жасақтары жеңіске жетті. Осы оқиғадан кейін жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін азат ету кезеңі басталды.

 

Бұлбұл көшесі

Бұрынғы атауы – № 115 көше. Нұрхан Ахметбеков көшесінен басталып, Көкжелек көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 778,7 м.

Бұлбұл – құс атауы. Бұл атау поэтикалық мәнде де қолданылады.

 

Біржан сал көшесі

И.Гёте көшесінен басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 358,7 м.

Біржан Қожағұлұлы (1834-1897) – атақты әнші, ақын, халық композиторы. Оның «Теміртас», «Қаламқас», «Ләйлім-шырақ», «Жанбота», «Адасқақ» атты әндері бар. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға.

Бұл көшеде «Дәулет» сауда орталығы орналасқан.

 

Бірлік көшесі

«Железнодорожный» тұрғын алабыЕкібастұз көшесінен басталады. Ұзындығы – 638,2 м.

Бірлік – «ынтымақшыл, ұйымшыл» деген ұғымды білдіреді.

 

Бірімжановтар көшесі

Бұрынғы атауы – № 23-41 көше. Қордай көшесінен басталып, Сүтбұлақ орамын қиып өтеді. Ұзындығы – 673,9 м.

Ахмет Қорғанбекұлы (1871-1927) – Алаш қозғалысының қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі.

Ғазымбек Қорғанбекұлы (1896-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері. «Алаш» партиясының бағдарламасын жасаушылардың бірі.

 

І Алматы көшесі

Н.Тілендиев даңғылымен қиылысады.

Алматы қаласының құрметіне қойылған атау.

 

Вано Мурадели көшесі

И.Дунаевский көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 174,9 м.

Вано Мурадели (1908-1970) – композитор, КСРО халық әртісі.

 

Василий Бартольд көшесі

Бұрынғы атауы – М.Кутузов көшесі. М.Дулатов көшесінен басталып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 841,9 м.

Василий Владимирович Бартольд (1869-1930) – ғалым, шығыстанушы, академик. Бартольдтің Орта Азия және қазақ өлкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми мәні зор.

 

Василий Радлов көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-38  көше. Қарақожа орамынан басталып, Бозбиік көшесін қиып, Ж.Сейдалин көшесінде аяқталады. Ұзындығы –  852,3 м.

Василий Радлов (1837-1918) – көрнекті түрколог, қазақ тілін зерттеуші, фольклор нұсқаларды жинақтаушы.

 

 

Василий Суриков көшесі

Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Ақбидай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 326,4 м.

Василий Иванович Суриков (1848-1916) – орыстың  ұлы суретшісі.

 

Василий Шукшин көшесі

А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,8 м.

Василий Шукшин (1929-1974) – орыс жазушысы, кинорежиссёр, актёр.

 

Владимир Высоцкий көшесі

Жерек көшесімен қиылысып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 251,1 м.

Владимир Семенович Высоцкий (1938-1980) – ақын, әнші, актер.

 

Владимир Маяковский көшесі

«Железнодорожный»  тұрғын  алабы.  Ж.Жабаев  көшесінен басталып, Ащысай,  Екібастұз  көшелерімен  қиылысады.  Ұзындығы – 673 м.

Владимир Владимирович Маяковский (1893-1930) – белгілі орыс ақыны.

 

Всеволод Вишневский көшесі

Ж.Досмұхамедұлы көшесінен басталып, С.Сәдуақасов, Анар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1475,4 м.

Всеволод Вишневский (1900-1951) – белгілі орыс жазушысы.

 

Вячеславский көшесі

В.Вишневский көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 454 м.

Вячеславский – Ақмола облысы Аршалы ауданындағы су қоймасына байланысты қойылған.

 

Гауһартас көшесі

Бұрынғы атауы – № 36-10  көше. Телқоңыр көшесінен басталып, Тұран даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 322,5 м.

Гауһартас – сирек кездесетін аса бағалы нұрлы асыл тас. «Гауһартас» атты халық әні бар.

 

Гейдар Әлиев көшесі

А.Тоқпанов көшесінен басталып, Тәуелсіздік даңғылында аяқталады. Алпамыс, Жерек, Белжайлау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 717,5 м.

Гейдар Әлиев – Әзірбайжан Республикасының тұңғыш президенті және мемлекет қайраткері болған. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық пен ынтымақтастықты, бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосты.

 

Георгий Жуков көшесі

Оқжетпес көшесінен басталып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 31 м.

Георгий Константинович Жуков (1896-1974) – белгілі орыс қолбасшысы, Кеңес Одағының маршалы, 4 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған.

 

Георгий Игишев көшесі

Көкжелек көшесінен  басталып,  Жігер  орамымен  қиылысады.  Ұзындығы – 912,6 м.

Георгий Иванович Игишев (1921-1943) – Кеңес Одағының Батыры.

 

Герман Титов көшесі

Алмалық көшесінен басталып, Ардагерлер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 636,5 м.

Герман Степанович Титов – КСРО-ның ұшқыш ғарышкері, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының Батыры.

 

Григорий Потанин көшесі

Мәскеу көшесінен басталып, А.Затаевич көшесінде аяқталады. Керегетас, Ә.Молдағұлова, Қарауыл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 922 м.

Григорий Николаевич Потанин (1835-1920) – Орта Азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы, географ, этнограф, фольклоршы.

 

Ғабиден Мұстафин көшесі

Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1230,1 м.

Ғабиден Мұстафин (1902-1984) – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы. ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» «Дауылдан кейін» романдарының авторы.

 

 

Ғабит Мүсірепов көшесі

Абылай хан даңғылынан басталып, Ш.Құдайбердіұлы даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 650 м.

Ғабит Мүсірепов (1902-1985) – көрнекті жазушы, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері. ҚР Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы. Қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан қаламгердің «Кездеспей кеткен бір бейне», «Ұлпан», «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты» сияқты көлемді прозалық туындылары және ана тақырыбындағы әңгімелері, драматургия жанрындағы шығармалары бар.

 

Ғұмар Қараш көшесі

Бұрынғы атауы – Акмолинская көшесі. Ә.Бөкейхан көшесінен басталып, Асанқайғы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1155,1 м.

Ғұмар Қараш − ақын, Алаш қозғалысының қайраткері. «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Тумыш», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» аталатын поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім», «Өрнек», «Бәдел қажы» философиялық  кітаптары жарық көрген.

 

дарабоз көшесі

Бұрынғы атауы № 40-1 көше. Шарль Де Голь көшесінен баталып, Тесіктас, Тасшоқы орамдарын, Қадырғали Жалайыри көшесін қиып өтіп, Бауыржан Момышұлы даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1974 м.

Дарабоз – дәстүрлі қазақ ұғымында ерекше, айрықша деген мағынада қолданылады.

 

Дауылпаз  көшесі

Бұрынғы  атауы  –  №  63  көше.   Оңтүстік-Шығыс   тұрғын алабы (оң жақ).  Майқайың көшесінен басталып, Ақыртас  көшесінде аяқталады. Шертер, Жаңаарқа көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 347,1 м.

Дауылпаз – қазақ халқының ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданылған.

 

Дәулеткерей көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-36 көше. Абайдың 150 жылдығы, Ақбөкен, Бозбиік көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1587,1 м.

Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) – ұлы күйші, композитор, қазақ күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Оның «Желдірме», «Тартыс», «Ысқырма», т.б. күйлері бар.

 

Дмитрий Карбышев көшесі

П.Шубин көшесінен басталып, К.Байсейітова қысқа көшесі, Тамшалы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1798,3 м.

Дмитрий Михайлович Карбышев (1880-1945) – әскери қайраткер,  Кеңес Одағының Батыры.

 

Домалақ ана көшесі

Бұрынғы атауы – № 129 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы.   Қорғалжын тасжолынан басталып, ақын Сара, Баян сұлу, Ұмай ана, Тұмар ханым, Айша бибі, Қыз Жібек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 974,4 м.

Нұрила Әли Сыланқызы – Домалақ ана атанып, есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Домалақ  ананың әулиелігі, ақылдылығы, даналығы, тапқырлығы  жайындағы әңгімелер елге кең тараған. Нұрила ананың «Домалақ ана» атануы туралы ел ішінде мынадай бір аңыз бар. Ел ішіндегі деректерге қарағанда Домалақ анаға « Диһнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі оның даналығына тәнті болып  қойған екен. «Диһнат мама» -парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. Домалақ ана ел арасындағы мәселелерге араласып, бітімгершілікпен шешімін табуға өз үлесін қосқан.

 

Домбауыл көшесі

Бұрынғы атауы №61 көше. Айғыржал көшесінен басталып, Махамбет көшесін қиып, Батыр Баян көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 313,6 м.

Домбауыл – Ұлытау ауданы, Кеңгір өзенінің бойында орналасқан ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.

 

Домбыралы көшесі

Бұрынғы атауы – Г.Димитров көшесі. С.Разин қысқа  көшесінен  басталып,  Ә.Ділманов  көшесінде   аяқталады. Ұзындығы – 506,4 м.

Домбыра – қазақ халқының екі шекті музыкалық аспабы. Домбыралы «домбырасы бар» деген мағынаны білдіреді.

 

Доспамбет жырау көшесі

Бұрынғы атауы №38 көше. Б.Саттарханов, Сырым батыр, Жанқожа батыр көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 4626,3 м.

Доспамбет жырау (1490-1523) – ұлы жырау, қолбасшы, батыр. Ол қазақ хандығының қалыптасуына үлес қосқан. «Айналайын, ақ Жайық», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», т.б шығармалары бар.

 

         Достық көшесі

Бұрынғы атауы – № 2 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Орынбор көшесінен басталып, Тұран даңғылында аяқталады. Қабанбай батыр даңғылын және Түркістан, Ақмешіт, Сауран көшелерін  қиып өтеді. Ұзындығы – 2299,5 м.

Достық – дос адамға тән жақындастық, тілеулестік, ниеттестік, жора-жолдастық қарым-қатынас.

Бұл көшеде «Нұр Астана» орталық мешіті, «Бәйтерек» монументі, ҚР Қорғаныс министрлігі, «Аңсар» бизнес орталығы, «Керуен», «Азия парк» ойын-сауық орталықтары орналасқан.         

 

Дулат  Бабатайұлы көшесі

Бұрынғы атауы – Пролетарский көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Алмалық көшесінен басталып, Н.Тілендиев даңғылында аяқталады. Ардагер, Жаңақоныс көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1144,6 м.

Дулат Бабатайұлы (1802-1874) – қазақтың аса көрнекті ақыны, ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының, ірі өкілі. Қазақ жерін орыс патшалығының отарлау саясатына наразы болған, ұлт тәуелсіздігін көздеген  күрескер. «Ақжайлау мен Сандықтас», Тегімді менің сұрасаң», «Тастың қашап арасын…» т.б. өлеңдері, «Еспембет» дастаны бар.

 

Дулыға көшесі

Бұрынғы атауы – Металлистер көшесі. Нагорный көшесінен басталып, Ноғайлы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 931,7м.

Дулыға – сарбаздардың ұрысқа кірерде бастарына киетін темір қалпағы. Түркі жауынгерлері дулығасының екі жағы мен артқы етегіне темір тор тағынатын болған. Дулығалар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінген.

 

Дінмұхамед Қонаев көшесі

Бұрынғы атауы – №1 көше. Тұран даңғылынан басталып, Ақмешіт, Түркістан көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2250,2 м.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 1960-62 және 1964-86 жылдары Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. Қазақстанның дамуына ірі үлес қосқан тұлға.

Бұл көшеде ҚР Сыртқы істер министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, «RIXOS», «Дипломат» қонақүйлері, елшіліктер орналасқан.

 

ДЭУ-3 көшесі

С.Қожанұлы көшесінен басталып, Лесной көшесінде аяқталады. Тұран даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 526,6м.

Евгений  Брусиловский көшесі

Жәнібек тархан көшесінен басталып, Абай даңғылын және А.Иманов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1751,9 м.

Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981) – композитор, Қазақстанның халық әртісі. Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Шығармалары: «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» опералары және т.б.

Бұл көшеде «Астана-Полиграфия» баспасы орналасқан.

 

«Егемен қазақстан» газеті көшесі

Бұрынғы атауы – М.Ломоносов көшесі. «Алатау» ықшам ауданынан басталып, А.Иманов, Кенесары көшелерін, Абай даңғылын қиып өтіп,  С.Сейфуллин  көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1147 м.

«Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет 1919 жылдың 17 желтоқсанында жарық көрді. Газет атауы қазіргі күнге дейін бірнеше рет ауысқан: «Еңбек туы» (1920), «Еңбекшіл қазақ» (1921-1925), «Еңбекші қазақ» (1925-1932), «Социалды Қазақстан» (1932-1937), «Социалистік Қазақстан» (1937-1991), «Егеменді Қазақстан» (1991-1993). Қазір «Егемен Қазақстан» деп аталады.

Бұл көшеде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы орналасқан.

 

Еділ көшесі

Бұрынғы атауы – № 19 көше. Абылай хан даңғылынан басталып, Қаратау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 647 м.

Еділ – Еуропадағы ең ұзын өзен. Ұзындығы – 3530 шақырым. Еділ өзені бастауын Валдай қыратынан алып, Каспий теңізіне құяды.

 

Екібастұз көшесі

Бұрынғы атауы – Советский көшесі. Ж.Жабаев көшесінен басталып, В.Маяковский көшесімен қиылысады.Ұзындығы–1385,4 м.

Екібастуз – Павлодар облысындағы қала. Қала – Қазақстандағы ірі көмір өндіру және энергетика орталығы.

 

ІІ Алматы көшесі

Н.Тілендиев даңғылынан аяқталады.

Алматы қаласының құрметіне қойылған.

 

Елубай Тайбеков көшесі

Құлынды көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Атасу, Р.Қошқарбаев, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1331,7 м.

Елубай Тайбеков (1901-1996) – мемлекет және қоғам қайраткері, жоғары мектептің еңбек сіңірген қызметкері.

 

Елім-ай көшесі

Бұрынғы атауы № 40-9 көше. Қ.Жалайыри көшесінен басталады. Ұзындығы – 932,5 м.

Елім-ай – қазақ халқының әні. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» – оқиғасына байланысты туған ән.

 

Енесай көшесі

Бұрынғы атауы – №130 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы (оң жақ) көше. Ұзындығы – 416 м.

Енесай – жер шарындағы аса ірі өзендерінің бірі, бұл өзеннің бойында түркі халықтарына ортақ жазба ескерткіштері табылған. Ғылымда олар «Орхон-Енесай жазба ескерткіштері» деп аталады.

 

Еңбекшілер көшесі

Бұрынғы атауы – Трудовой көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Жиделі, Үшкөпір көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1181,7 м.

Еңбекшілер – еңбек адамдарының құрметіне қойылған атау.

 

Еңлік-Кебек көшесі

Бұрынғы атауы – Садовый көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 1188,8 м.

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін, XVIII  ғасырдан бастап кең тараған дастанның бірі. Бүгінде жыр түрінде жеткен                «Еңлік-Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – Абайдың айтуымен Шәкәрім нұсқасы. Екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған нұсқа. «Еңлік-Кебек» – М.Әуезовтің белгілі шығармасы.

Еңлік-Кебек көшесі

Болашақ көшесінен басталады. «Көктал-1» тұрғын үй   алабы.

 

Ер Көкше көшесі

Бұрынғы атауы – № 22 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Арқайым көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Жаңаарқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 580 м.

«Ер Көкше» – тарихи  жыр. Бұл дастанның бірнеше нұсқасы бар.

 

Ер Қосай көшесі

Бұрынғы атауы – № 21 көше. Оңтүстік–Шығыс тұрғын алабы (оң жақ).  Арқайым  көшесінен  басталып, Жалаңтөс  көшесінде аяқталады. Жаңаарқа, Бурабай көшелерімен қиылысады.  Ұзындығы – 721,7 м.

«Ер Қосай» – тарихта  болған кісі есімі. Ол Ер Көкше батырдың баласы. «Ер Қосай» туралы жырдың сюжетіне, көбінесе, қиял-ғажайып сипаттар араласып отырғанымен, тарихта болған оқиғаларды қамтиды.

 

Ер Тарғын көшесі

Бұрынғы атауы – №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен басталып,  Жалаңтөс көшесінде аяқталады. Жаңаарқа, Бурабай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 721,8 м.

«Ер Тарғын» – Ноғайлы заманының батыры, қазақ-ноғай  халықтарының арасында кең тараған «Ер Тарғын» жырының басты кейіпкері.

 

Ер Төстік көшесі

Бұрынғы атауы – № 21 көше. У.Танашев көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 297,3 м.

Ер Төстік – халық ауыз әдебиетінің классикалық шығармаларының бірі.

 

Ерейментау көшесі

Бұрынғы атауы – № 36-9 көшесі. «Қараөткел» шағын ауданы. Тұран даңғылынан басталады. Ұзындығы – 402,9 м.

Ерейментау – Ақмола облысындағы аудан, қала атауы.

 

 

 

Еренқабырға көшесі

Бұрынғы атауы – Милосердие көшесі. «Энергетиктер» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 345,3 м.

Еренқабырға – Жоңғар Алатауындағы тарихи мекен.

 

Ертіс көшесі

Бұрынғы атауы – № 11 көше. Оңтүстік–Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127,1 м.

Ертіс – өзен. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жерімен ағады.

 

Есет батыр көшесі

Бұрынғы атауы – № 24 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Мұхамет-Салық Бабажанов, Ойсылқара көшелерін қиып, Исатай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 613,0 м.

Есет Көтібарұлы (1807-1888) – ұлы батыр, би шешен. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы. 1847-58 жылдары Кіші жүзге енетін руларды бастап Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы күресті. 1853-54 жылдары патшаның шекаралық әскерімен соғысты. Сонымен бірге Есет батыр 1847-78 жылдары Хиуа және Қоқан хандықтарына қарсы соғысып, еліміздің тәуелсіздігі, жеріміздің тұтастығы үшін саналы ғұмырын күреске арнады.

 

Естай көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-92 көше. Болашақ көшесінен басталып, Жаңақоныс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 765,2 м.

Естай Беркімбайұлы (1868-1946) – көрнекті әнші, ақын, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. «Жайқоңыр», «Дүние-ай», «Құсни – Қорлан», т.б. әндері бар.

 

Есіл көшесі

Бұрынғы атауы – № 13 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1232,5 м.

Есіл – Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары жерінен өтеді. Қала, аудан атауы.

 

 

 

Жағажай көшесі

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Көлсай көшесінен басталып, Көксай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2275 м.

Жағажай – өзен, көл, теңіз жағасындағы  құмды алаң.

 

Жайлаукөл көшесі

Бұрынғы атауы – № 42 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесінен басталып, Әміре Қашаубаев көшесін қиып, Ойсылқара көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,0 м.

Жайлаукөл – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы елдімекен.

 

Жайсаң көшесі

Бұрынғы атауы – Октябрьский көшесі.  Аңырақай көшесінен басталады. Ұзындығы – 312, 5м.

Жайсаң – «жайдары жүзді, мейірімді, шапағатты» деген мағынаны білдіреді.

 

Жайық көшесі

Бұрынғы атауы – №10 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, Қаратау көшесінде аяқталады. Хантау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 651,5м.

Жайық – өзен. Оңтүстік Орал тауынан басталып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды.

 

Жайылма көшесі

Бұрынғы атауы – 12-42 көше. Бозбиік көшесін қиып өтіп, Ж.Сейдалин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 360,3м.

Жайылма – өзен аңғарының тасқын кезде су басатын бөлігі.

 

Жақан Төлеубаев көшесі

Тамшалы көшесінен басталады.

Жақан Төлеубаев – Социалистік Еңбек Ері (1948), жылқышы.

 

Жақып Ақпаев көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-37 көше. Абайдың 150 жылдығы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1006,5 м.

Жақып Ақпаев (1876-1934) – Алаш қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі. Санкт-Петербург университетін бітірген. ХХ ғасырдың басындағы ең ықпалды қазақ зиялыларының бірі. Қарқаралы уезді қазақ комитеті оның құрметіне «Жақып медресесін» ашқан. Қазақ халқының құқығы мен бостандығы үшін күрескен қайраткер.

 

Жақып Омаров көшесі

Бейбітшілік  көшесімен  қиылысып,  М.Әуезов  көшесіне  дейін және  С.Торайғыров  көшесінен  қайта  басталып,  Ш.Уәлиханов, Тараз,  Асанқайғы,  Сырдария  көшелерімен  қиылысады.  Ұзындығы – 2392,3 м.

Жақып Омаров (1939-1996) – режиссер, актер, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақмола қаласында қазақ драма театрын ұйымдастырушылардың бірі.

Бұл көшеде Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры орналасқан.

 

Жалаңтөс көшесі

Бұрынғы атауы – № 23 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Ер Қосай, Ер Тарғын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 415 м.

Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы (1576-1656) мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. Әйтеке бидің үлкен атасы. Бұқарада, Бағдатта білім алған. Жас шағынан бастап Бұқара хандығының саяси өміріне белсене араласқан. 1612 жылы Самарқанның әмірі болып сайланды. Жалаңтөс әмір болып тұрғанда Самарқанның «Тіллә кари» және «Ширдор» сияқты белгілі медреселер салынды. Жалаңтөс баһадүр қолбасшы ретінде жоңғарларға қарсы ұрыстарға белсенді қатысқан. Ол Орбұлақ шайқасында қол бастаған.

 

Жалын көшесі

Бұрынғы атауы – Ф.Ушаков көшесі. Қарасай батыр көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Қазығұрт, М.Дулатов, Тайсойған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1370 м.

Жалын – «от, алау» деген мағынаны береді.

 

Жамбыл  көшесі

Бөгенбай батыр, Сарыарқа даңғылдарымен қиылысады. Ұзындығы – 3433 м.

Жамбыл Жабаев (1846-1945) – ұлы ақын, жыршы. Жамбылдың, Айкүміс, Сара, Сарбас, Құлмамбет, Доспамбет, Шашубаймен айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.

 

Жамбыл  көшесі

Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады.

 

Жамбыл Жабаев көшесі

Қарағанды-Астана тасжолынан басталып, Ақмешіт, Иманақ, Екібастұз, Керегетас көшелерімен қиялысады.

Ұзындығы – 3973 м.

 

Жанайдар Жирентаев көшесі

Қажымұқан көшесінен басталады. Ұзындығы – 850,5 м.

Жанайдар Жирентаев – интернационалист-жауынгер, полиция лейтенанты. 1994 жылдың ақпан айында қылмысты топқа қарсы қызметтік міндетін өтеу үстінде қаза тапқан.

 

Жанарыс көшесі

Бұрынғы атауы – № 7 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жанарыс көшесі  Сілеті көшесінен басталып, Қозыбасы көшесінде аяқталады. Хантау, Қаратау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 811,3 м.

Жанарыс – Орта жүздің атасы. Қазақ халқын құрайтын үш жүз бірде Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп аталса, енді бірде Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс деп аталады. Аңыз бойынша Қазақ деген кісінің Ақ, Жан, Бек деген үш ұлы болған. «Арыс» сөзі «ер азамат», «ел қамын жеген тұлға» деген ұғымды білдіреді. Жанарыстан (Орта жүз) арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ тарайды.

 

Жанкент көшесі

Бұрынғы атауы – № 42 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Қарқабат көшесінен басталып,  М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Сырымбет, Бағаналы, М.Жұмабаев даңғылы т.б. көптеген көшелермен қиылысады. Ұзындығы – 3057,8 м.

Жанкент – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орналасқан.

 

Жанқожа батыр көшесі

Бұрынғы атауы – № 85 көше. Доспамбет жырау, Әміре Қашаубаев, Батыр Баян көшелерін қиып, Қожаберген жырау көшесімен жалғасады. Ұзындығы – 1534,9 м.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) – ұлы батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.

 

Жаңаарқа көшесі

Бұрынғы атауы – № 25 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Дауылпаз көшесінен басталып, Балталы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 447,4 м.

Жаңаарқа – Қарағанды облысындағы аудан. Орталығы – Атасу кенті.

 

Жаңажол көшесі

Бұрынғы атауы – Дорожный көшесі. Жаңажол көшесі Н.Гоголь көшесінен басталып, А.Чехов, Ақжол  көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1737,3 м.

Жаңажол – «бұрын болмаған, енді салынған жол» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елдімекен атаулары бар.

 

Жаңақоныс көшесі

«Көктал» тұрғын алабы. Н.Тілендиев қысқа көшесінен басталып, Д.Бабатайұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1469 м.

Жаңақоныс – «қоныс, мекен, тұрғылықты жер» деген мағынада қолданылады. Халық енді көшіп келіп, орналасқан мекенді осылайша атайды. Осы аттас елдімекен атаулары бар.

 

Жаңатай Шәрденов көшесі

Ә.Ермеков көшесінен басталып, Құлагер көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 247,6 м.

Жаңатай Шәрденов (1927-1992) – кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі.

 

Жаңатұрмыс көшесі

Бұрынғы  атауы  –  Бөгенбай  көшесі.  «Күйгенжар»  тұрғын  алабы.   Атақоныс,   Шапағат   көшелерімен   қиылысады.  Ұзындығы – 1113,9 м.

Жаңатұрмыс – қоғамның, тұрмыстың жаңарға кезінде туған атау.

Қазақстанның бірнеше облыстарында осы аттас елдімекендер кездеседі.

 

 

 

Жаркент көшесі

Бұрынғы  атауы – № 8 көше.  Оңтүстік-Шығыс  тұрғын  алабы  (сол  жақ). Хантау  көшесінен  басталып,  Қозыбасы  көшесінде  аяқталады. Ұзындығы – 698,6 м.

Жаркент – қала, Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы.

 

Жарқайың көшесі

Бұрынғы   атауы  –  № 21 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Зайсан көшесінен  басталып,  Шаңтөбе  көшесімен  қиылысады.  Ұзындығы – 438,2 м.

Жарқайың – Қостанай облысындағы көл.

 

Жасыбай көшесі

Бұрынғы атауы – № 31 көше. У.Танашев көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 399,5 м.

Жасыбай – Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы көл.

 

Жасыл көшесі

Бұрынғы атауы – 5-кирпичный завод көшесі. Ойыл, Айнатас көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 172 м.

Жасыл – заттың түсіне байланысты қолданылатын сөз.

 

Жаһанша Досмұхамедұлы көшесі

Бұрынғы атауы – Литейный көшесі. Ақжол көшесінен басталып, Жетіген көшесімен қиялысады. Ұзындығы – 1501 м.

Жаһанша Досмұхамедұлы (1889-1932) – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін болған қоғамдық-саяси өзгерістер кезінде облыстық қазақ комитетінің төрағасы болды. 1917 жылы мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

Жаһанша Сейдалин көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-120 көше. Дәулеткерей көшесімен қиылысып, Н.Тілендиев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 982,1 м.

Жаһанша Сейдалин (1877-1923) – қоғам қайраткері. ХХ ғасырдың басында жалпықазақ съезін шақыруды алғаш көтерген тұлға.

 

 

 

Жаяу Мұса көшесі

Бұрынғы атауы – № 12-20 көше. Естай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 815,8 м.

Жаяу Мұса (1835-1929) – атақты әнші, ақын, композитор. «Ақсиса», «Баянауыл», «Ұлытау» сияқты шығармалары бар.

 

Жәнібек тархан көшесі

Республика даңғылынан басталып, А.Пушкин. көшесінде аяқталады. М.Ғабдуллин, А.Жұбанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2320,4м.

Жәнібек тархан Қошқарұлы (1693-1752) – қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Абылай хан тұсында қол бастап, хан кеңесшілерінің бірі болған.

Бұл көшеде № 54 қазақ орта мектебі орналасқан.

 

ЖЕЗДІ КӨШЕСІ

Бұрынғы   атауы  –  № 31 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ұлытау көшесінен басталып, Қайнар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 4736, м.

Жезді – Қарағанды облысындағы өзен, кент атауы.

 

ЖЕКЕБАТЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Зеленая Аллея көшесі. Атасу көшесінен басталып, Космонавтар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 481,8 м.

Жекебатыр – Ақмола облысындағы тау атауы.

 

ЖЕЛТОҚСАН КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, Мәскеу көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай даңғылдарымен қиылысады. Ұзындығы – 2360,9 м.

Желтоқсан көтерілісі – 1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО саясатының әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары.

Бұл көшеде Керей, Жәнібек хандарға арналған ескерткіш орнатылған.

 

ЖЕРҰЙЫҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Н.Чернышевский көшесі. А.Герцен көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2383,6 м.

Жерұйық – жайлы қоныс, бейбіт мекен. Жерұйық – қазақ әдебиетінде Асан Қайғы атына байланысты аңызда айтылатын жер атауы.

 

ЖЕТІГЕН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – 2-Угольный көшесі. А.Пушкин көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Анар, Ж.Досмұхамедұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2490,2 м.

Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Қазақстанда бұл атаумен  елдімекендер кездеседі.

 

ЖЕТІСУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы – 414,7 м.

Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі.

 

Жиембет жырау КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Солнечный көшесі. Қараөткел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 200,2 м.

Жиембет жырау, Бартоғашұлы (ХVІІ ғасыр) –жыраулық поэзияның көрнекті өкілі, би, әскербасы, батыр. Шығармаларының дені Есім ханға, осы дәуірдегі саяси-әлеуметтік мәселелерге арналған.

 

ЖИДЕБАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – А.Стаханов көшесі. М.Дулатов көшесінен басталып, Қазығұрт көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,9 м.

Жидебай – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы қоныс. Мұнда Абайдың тарихи-мемориалдық мұражайы бар.

 

ЖИДЕЛІ КӨШЕСІ

«Заречное» тұрғын алабы. Еңбекшілер көшесінен басталып, Үшкөпір көшесінде аяқталады. Қаратөбе, Ақниет, Ақселеу көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 953,3 м.

Жиделі – жидесі бар, жидесі мол жер.

 

ЖОЛЫМБЕТ КӨШЕСІ

Шет көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. А.Чехов, Бестөбе көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 889 м.

Жолымбет – Ақмола облысының Шортанды ауданындағы кент.

ЖОСАЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – В.Рагузов көшесі. Жосалы көшесі М.Дулатов көшесінен басталады. Ұзындығы – 331,7 м.

Жосалы – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығы.

 

ЖҰБАН АНА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 118 көше. «Комсомол» тұрғын алабы. Ақын Сара көшесінен басталып, Тұмар ханым көшесінде  аяқталады. Ұзындығы – 303,3 м.

Жұбан ананың ескерткіші қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында орналасқан. Бұл – XI ғасырда ірге көтерген архитектуралық ескерткіш. Жұбан ана күмбезі республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізбесіне енгізілген.

 

ЖҰМАБАЙ ШАЯХМЕТОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 185 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Исатай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 800,6 м.

Жұмабай Шаяхметов (1902-1966) – мемлекет және қоғам қайраткері. 1946-1954 жылдары Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған.

 

Жұмабек ТӘШЕНОВ КӨШЕСІ

А.Бараев көшесінен басталып, Тәуелсіздік даңғылында аяқталады. А.Тоқпанов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 2617 м.

Жұмабек Тәшенов (1915-1986) – мемлекет және қоғам қайраткері. ҚазССР Жоғарғы Советі Президиумының, Министрлер Советінің төрағасы қызметін атқарды.

Бұл көшеде Жамбылдың ескерткіші, «Алатау» спорт сарайы, Түрік Республикасының елшілігі орналасқан.         

 

ЖҰМАТ ШАНИН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Молодежный көшесі. Р.Зорге көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 183,7 м.

Жұмат Шанин (1892-1938) – қазақтың тұңғыш режиссері, актер, драматург, ұлттық кәсіби  театр өнерінің негізін салушылардың бірі.

 

ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 23-11 желекжолы. Жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Ұзындығы – 5524,9 м.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (19335-1983) – көрнекті ақын. Өлеңдерінің көбі белгілі бір сюжетке құрылған. Нәжімеденовтің «Келін», «Көзсіз батыр», «Қаңды сүт», «Соңғы махаббат» поэмалары, «Кішкентай», «Ақ шағыл» романдары бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны авторларының бірі.

 

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ КӨШЕСІ

С.Сейфуллин көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінен аяқталады. Қарағанды Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерімен, Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1100,9 м.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – ұлы жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. Қазақ көркем прозасының, драматургиясының, ұлттық психология, педагогика ғылымдарының негізін салушылардың бірі. «Қартқожа», «Ақбілек» романдары мен «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесаларының, «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбектерінің авторы.

 

ЖЫЛЫОЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 36-1 көшесі. Арна, Имантау, Атырау көшелерімен, Манкент орамымен қиылысады. Ұзындығы – 609,4 м.

Жылыой – Атырау облысының шығысында орналасқан аудан. Орталығы – Құлсары қаласы.

 

ЗАЙСАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 16 көше.  «Көктал» тұрғын алабы.  Арқалық көшесінен  басталып,  Ұлытау  көшесінде  аяқталады.  Ұзындығы – 780,3 м.

Зайсан – Шығыс Қазақстан облысындағы көл, аудан, қала атауы.

 

ЗАПАДНЫЙ КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, Ә.Жанбосынов көшесінде аяқталады. Н.Ирченко көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 212,7 м.

Западный – «батыс» деген мағынаны және ол елдің немесе елдімекеннің орналасу бағытын көрсетеді.

 

ЗЕҢГІ БАБА КӨШЕСІ

Прежнее название – № 67 көше. Айғыржал көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 668,3 м.

Зеңгі баба – қазақтың сенім-нанымында ірі қара сиыр малының пірі, иесі.

 

ЗЕҢГІР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Спортивный көшесі. Г.Әлиев көшесінен басталады. Ұзындығы – 123 м.

Зеңгір – «Аспан түстес, көк, көкшіл» деген мағынада.

 

ЗЕРЕНДІ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 48 көше. Оңтүстік–Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Талғар көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 616,2 м.

Зеренді – Ақмола облысындағы көл, аудан, кент атауы.

 

И.ЧЕХОЕВ КӨШЕСІ

Жаңажол көшесінен басталып, жолымбет көшесінде аяқталады. Мақат, Арқарлы, Аққайың орамымен қиылысады. Ұзындығы – 1841,4 м.

 

ИВАН ГРЯЗНОВ КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, К.Күмісбеков, И.Репин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 663,9 м.

Иван Грязнов (1897-1938) – кеңестік қолбасшы.

 

ИВАН ПАНФИЛОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Сенной көшесі. Республика даңғылынан басталып, Бөгенбай батыр даңғылын және С.Торайғыров, Ш.Айманов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2521,4 м.

Панфилов Иван Васильевич (1893-1941) – әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры.

 

ИГІЛІК КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Ленинаканский көшесі. Ағадыр көшесінен басталып,  Майтөбе,   Сарықұм   көшелерімен   қиылысады.   Ұзындығы – 1545,4 м.

«Игілік» – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым.

 

ИЛЬЯ РЕПИН КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, Кенесары көшесінде  аяқталады. Ә.Жанбосынов,  И.Грязнов  көшелерін  қиып   өтеді.  Ұзындығы – 476,8 м.

Репин Илья Ефимович (1844-1930) – орыстың ұлы суретшісі.

 

ИМАНАҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Бөгенбай көшесі. «Желездорожный» тұрғын алабы. Иманақ көшесі Ж.Жабаев көшесінен басталып, Екібастұз, Ақмешіт көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 911,2 м.

Иманақ – Қарағанды облысындағы тау атауы.

 

ИМАНЖҮСІП ҚҰТПАНОВ КӨШЕСІ

Біржан сал көшесінен басталып, Республика даңғылында аяқталады. Ы.Алтынсарин, Алтынемел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1003,5 м.

Иманжүсіп Құтпанов (1863-1931) – халық композиторы, ақын, әнші. Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы күрескен қайраткер.

 

ИМАНТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 36-14 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Имантау көшесі Жылыой көшесінен басталып, Машат орамы, Сұлутөр көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 422,3 м.

Имантау – Ақмола облысындағы тау, көл атауы.

 

ИОГАНН ГЕТЕ КӨШЕСІ

Біржан сал, Ы.Алтынсарин, Алтынемел көшелерін қиып өтіп, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1113,2 м.

Гете Иоганн Вольфганг (1749-1832) – ұлы неміс ақыны, драматург, ғалым. Веймар театрының ұйымдастырушысы және жетекшісі.

Бұл көшеде вокзал, «Сапаржай – Астана» автовокзалы орналасқан.

 

БЕСТӨБЕ КӨШЕСІ

Бестөбе көшесінен басталып, М.Шолохов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 229 м.

Дунаевский Исаак Осипович (1900 -1955) – орыс композиторы, РСФСР-ң халық әртіс.

 

ИСАТАЙ БАТЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №45 көше. Қорғалжын тасжолынан басталып, Ж.Шаяхметов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3489 м.

Исатай Тайманұлы (1791-1838) – 1936-1938 жылдары Батыс Қазақстандағы Жәңгір ханға шаруалар көтерілісінің (Махамбет Өтемісұлымен бірге) қолбасшыларының бірі.

 

КЕГЕН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 50 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Жанкент көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады.Ұзындығы – 429,9м.

Кеген – Алматы облысындағы өзен, кент атауы.

 

кейкі батыр көшесі

Бұрынғы атауы – № 4 көше. Ақжайлау көшесінен басталып, Айғыржал көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 569 м.

Кейкі батыр Нұрмағамбет Көкембайұлы (1871-1923) – 1916 жылғы Торғай көтерілісіне қатысқан атақты батыр. Кейкі батыр бейнесі Ә.Нұрмақовтың «Құланның ажалы» романы және Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді» пьесаларында көрініс табады.

 

КЕңГІР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 52 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Обаған көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Марқакөл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 410,9 м.

Кеңгір – Қарағанды облысындағы өзен.

 

КЕНЕСАРЫ КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, А.Жұбанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 5311,1 м.

Кенесары Қасымұлы (1802-1847) – қазақ халқының азаттығы жолындағы ұлы күрескер, мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, хан. Абылай ханның немересі. 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі. Кенесары Қасымұлы бастаған бұл қозғалыс Қазақстанның барлық дерлік өңірлерін қамтыды. Атағы кеңге жайылған Кенесарыны үш жүздің рулары қолдады. Кенесары отаршыл Ресей империясына да, Қоқан хандығының езгісіне де қарсы аяусыз, тоқтаусыз соғыс жүргізді. Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының тұтастығы мен тәуелсіздігін қалпына келтіруді көздеген. 1841 жылы қыркүйекте үш жүз өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Ұлытауда Кенесарының хан болып сайлануы қазақтың хандық мемлекетін қалпына келтіруге бағытталған тарихи қадам болды.

Бұл көшеде Қажымұқан атындағы орталық стадион, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Конгресс Холл» сарайы орналасқан.

 

 

 

КЕНЖЕБЕК КҮМІСБЕКОВ КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, Абай даңғылын және  Ә.Жанбосынов,  Кенесары,  Т.Бигелдинов,  С.Сейфуллин көшелерін  қиып өтеді. Ұзындығы – 1205,2 м.

Кенжебек Күмісбеков (1927-1997) – композитор,  ҚазКСР-нің халық әртісі. Ел арасына кең тараған әндері мен романстары мол. «Фараби  сазы», «Қорқыт туралы аңыз»  музыкалық поэмаларының авторы. ҚазКСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

КЕНТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Орский көшесі. Кеншілер, Ақшағыл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 228,2 м.

Кентау – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала. Кентау Қазақстандағы машина жасау және тау-кен өнеркәсібі орталықтарының бірі.

 

КЕНШІЛЕР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Шахтерский көшесі. Ақшағыл көшесінен басталып, Ю.Малахов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1004,2 м.

Кеншілер – жерасты қазба-байлықтарын өндіру саласында жұмыс істейтін адамдар.

 

КЕҢДАЛА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – ДСУ-450 көшесі. «Көктал» тұрғын алабындағы көше. Ұзындығы – 569,9 м.

«Кеңдала» деп көлемі, аумағы үлкен даланы айтады.

 

КЕҢЖАЙЛАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 168 көше. «Күйгенжар» тұрғын алабы. Ұзындығы – 1002 м.

Кеңжайлау – байырғы қазақ ұғымында жайлаудың кеңдігін білдіреді.

 

КЕҢСАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 71  көше. Ә.Қашаубаев көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 167,5 м.

Кеңсай – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде кездесетін жер атауы.

 

 

 

КЕҢШАЛҒЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  ВРЗ  көшесі.  Қарағайлы  орамынан  басталып,  Өндіріс көшесінде аяқталады. Сартүбек, Ақжелкен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 358,6 м.

«Кеңшалғын» – «аумағы үлкен шалғынды жер» деген сөз.

 

КЕРБЕЗҚЫЗ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 12-12  көше. Дайрабай орамынан басталып, Перне, Сонар, Сырғалы орамдарын қиып өтеді. Ұзындығы – 425 м.

Кербезқыз – күй атауы. Қыз мінезіне байланысты айтылатын атау.

 

КЕРЕГЕТАС КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Н.Бауман көшесі. Г.Потанин, Найзақара, Ә.Молдағұлова көшелерін қиып өтіп, Қарауыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1270 м.

Керегетас – Ерейментау ауданындағы тау.

 

КЕРЕЙ, ЖӘНІБЕК ХАНДАР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 23 көшесі. Тұран даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылын, Ақмешіт, Түркістан, Орынбор көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5865 м.

Керей, Жәнібек хандар – Қазақ хандығының негізін салушылар. Керей хан – 1450-60 жылдары Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі, қазақтың алғашқы ханы. Жәнібек хан – Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі, қазақтың екінші ханы, Барақ ханның баласы. Қазақ хандарының басым көпшілігі Жәнібек ханның ұрпақтары болып табылады. ХҮ ғасырдың 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек Шу бойындағы Қозыбасы деген жерде 200 мыңдай халықты ұйыстырып, Қазақ хандығын құрды. Бұл хандық адамның саны жағынан да, жер аумағы жағынан да бірте-бірте ұлғайып, қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалыптастырды. Қазақ хандығын, мемлекеттілігін қалыптастырған ұлы хандарға Астана қаласында ескерткіш орнатылған.

 

КИЕЛІСАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – С.Бородин көшесі. Сарыжайлау көшесінен басталып, Гүлзар орамында аяқталады. Ұзындығы – 232,8 м.

Киелісай – қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында аса қадірлі, қасиетті нәрсені, затты киелі деп атаған.

   

 

 

КИІКТІ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 20 көшесі. М.-С. Бабажанов көшесінен басталып, Байғозы батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 396 м.

Киікті – киік көп мекендейтін жерге байланысты қойылған атау. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді.

 

КОЛХОЗНЫЙ КӨШЕСІ

Шығанақ  көшесінен  басталып,  Абай  даңғылында  аяқталады. Кенесары, Т.Бигелдинов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 873,3 м.

«Колхоз» – «коллективтік шаруашылық» деген сөз.

 

КОНСТИТУЦИЯ КӨШЕСІ

Ақбұғы көшесінен басталып, Ш.Бейсекова, А.Байтұрсынұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1261,1 м.

Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы. Конституция – ең алдымен елдегі адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жариялайтын, оларға кепілдік беретін, сол сияқты елдегі әлеуметтік, саяси құрылыстың негіздерін, басқару мен мемлекеттік құрылымның нысанын, орта және жергілікті  билік органдарының негіздерін, олардың құзыреті мен өзара қарым-қатынастарын, мемлекеттік рәміздерді және ел астанасын, мемлекеттің тілін айқындайтын мемлекеттің негізгі заң.

Бұл көшеде Көлік және коммуникация колледжі орналасқан.

 

КОСМОНАВТАР КӨШЕСІ

М.Мақатаев көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1169 м.

Космонавт – ғарышқа ұшатын адам.

 

КӨКАРАЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы   атауы –  Геологический көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. М.Төлебаев көшесінен басталып, Шарбақты көшесінде аяқталады. Б.Серікбаев, Шалгөде көшелерімен  қиылысады. Ұзындығы – 1552,1 м.

Көкарал – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы ауыл.

 

 

 

 

КӨКБАСТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – 3-Кирпичный завод көшесі. Айнатас көшесін қиып өтіп, Ойыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 297,8 м.

Көкбастау – бұлақ, өзен, көлдердің атауы.

 

КӨКЖАЗЫҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  Степной  көшесі. «Железнодорожный»  тұрғын алабы. Ә.Әлімжанов көшесінен басталып, М.Горький көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423,3 м.

Көкжазық – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде кезедесетін жер-су атауы.

 

КӨКЖЕЛЕК КӨШЕСІ

Бұрынғы     атауы  –  Зеленый  көшесі.   «Промышленный»   тұрғын   алабы. М.Төлебаев  көшесінен  басталып,  Шарбақты  көшесінде  аяқталады. Ұзындығы – 1048,7 м.

Көкжелек – «көк» сөзінің тіркесуі арқылы орман ағаштарының көптігін білдіреді.

 

КӨКЖИЕК КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – 9-пятилетка көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 331,1 м.

Көкжиек – аспан мен жердің көз жететіндей түйіскен жері.

 

КӨКСАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Зеленый көшесі. «Интернациолнальный» тұрғын алабы. Көлсай көшесінен басталып, Майбалық орамы, Жағажай, Нұрлыжол көшелерімен қиылысады. Ұзындығы–1549,9 м.

Көксай – еліміздің бірқатар өңірлеріндегі жер-су атауы.

 

КӨКСЕҢГІР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – 15-Горем көшесі. Қамысты көшесінен басталып, Арқарлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 280,3 м.

Көксеңгір – боз, көкшіл шың дегенді білдіреді.

 

КӨКСУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Речной көшесі. «Күйгенжар» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 554,7 м.

Көксу – Алматы облысындағы өзен.

 

КӨКТАЛ КӨШЕСІ

Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Кеңдала, М.Дулатов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 5366,2 м.

Көктал – елімізде осы аттас елдімекендер көптеп кездеседі.

 

КӨКТЕРЕК КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Қазақстан көшесі. Оқжетпес көшесінен басталып, Д.Қарбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 584, 9 м.

Көктерек – елімізде осы аттас елдімекендер көптеп кездеседі.

 

КӨЛСАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Речной көшесі. Мереке көшесінен басталып, Көксай, Жағажай көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 673,6 м.

Көлсай – таулы жерлердің терең сайларына жиналған судан пайда болған көл атауы.

 

КӨШЕК БАТЫР КӨШЕСІ

Мирный көшесінен басталып, 3 шағын аудан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 138,1 м.

Көшек батыр Қарасайұлы – ұлт-азаттық қозғалысында ерлік көрсеткен батыр. Көшек батыр  – қазақ-жоңғар соғыстарына қатысқан қаһарман батырларының бірі. Батырға арналған «Көшек батыр» дастаны бар.

 

КҮЙШІ ДИНА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 70 көше. Тәуелсіздік даңғылынан басталады. Ұзындығы – 2952,1 м.

Дина Нүрпейісова (1861-1955) – домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Құрманғазы Динаның дарынына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күй үйретеді. Оны өзіне шәкірт тұтады. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік орындаушылық өнеріндегі ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Бойжұма», «Көгентүп» атты күйлері бар. Сонымен қатар «Тойбастар», «Әсемқоңыр» күйлерінің авторы.

 

 

 

 

Күләш Байсейітова көшесі

Бұрынғы   атауы – А.Байтұрсынов көшесі. Шыңтас орамынан басталып, Қарасай батыр, М.Дулатов, Абат-Байтақ, М.Жәлел, Шақпақ көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2447,8 м.

Күләш Жасынқызы Байсейітова (1912-1957) – аса көрнекті әнші,  қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, СССР халық әртісі. «Қыз Жібек» операсындағы Жібек рөлін, «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс рөлін, «Еңлік-Кебек» шығармасындағы Еңлік тәрізді бейнелерді сомдаған.

 

КҮРЕҢБЕЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 36-16 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Таңбалытас көшесінен басталып, Шарбақкөл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 446,1 м.

Күреңбел – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы елдімекен атауы.

 

ҚАДЫРҒАЛИ ЖАЛАЙЫРИ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 74 көше. «Ақбұлақ» тұрғын алабы. А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1004,8 м.

Қадырғали Жалайыри (1555 жылдар шамасында туылған – 1605) – орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, белгілі биі. Сырдария бойын мекендеген Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан  шыққан. Қадырғали Жалайыри ана тілімен қатар  араб, парсы тілдерін жете меңгеріп, Шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген. Қадырғали Жалайыри Қасым ханның қасында 1600 жылы өзінің «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы» деп те аталады) атты атақты шежіре кітабын жаза бастап, оны 1602 жылы аяқтады. Шежіре 157 беттен тұрады, Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, жарғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама береді. Қадырғали Жалайыридың шежіресі – ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма.

 

ҚАЖЫМҰҚАН КӨШЕСІ

Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Л.Мирзоян, Ж.Жирентаев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1628,3 м.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) – қазақтың әйгілі палуаны, классикалық күрестің шебері. Әлемнің бірталай ірі қалаларында болып, балуандық  өнерін көрсеткен. Бірнеше рет күрес аренасына шығып, 48 алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталған. 1937 жылы Орынборда өткен ең ірі чемпионатта бірінші орын алуына байланысты Қазақстан Орталық Атқару комитеті «Қазақ даласының батыры» деген атақ берген.

Бұл көшеде  «Түркістан» әмбебап дүкені, «Қазақстан» спорт сарайы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орналасқан.

 

ҚАЗАНАТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 36-5 көше. Манкент орамынан басталып, Жылыой, Аягөз көшелерін қиып өтеді, Тұран даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 694 м.

Қазанат – батырлардың жауынгерлік аты.

 

ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 52 көше. Исатай батыр көшесінен басталып, Айғыржал көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 429 м.

Қазтуған жырау Сүйінішұлы (ХҮ ғ.) – халық эпосының негізін салушылардың бірі. Ел аңызына сүйенсек, жырау қолбасшы болған. Шығармалары: «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір», «Мадақ жыры», «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы».

«Белгілі биік көк сеңгір», «Мадақ жыры», «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы».

 

ҚАЗЫҒҰРТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Деповский көшесі. Жидебай көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 234,8 м.

Қазығұрт – Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа келген жота. Ежелгі аңызда дүниені топтан су басқанда, Нұх пайғамбар кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Топан су қайтқан соң адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі осы Қазығұрт тауынан басталған. Қазығұрт тауының сыртқы сұлбасы шынында да қайырлап тұрған алып кемені елестетеді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында бір аудан және оның орталығы Қазығұрт атымен аталады.

 

ҚАЙНАР КӨШЕСІ

Н.Тілендиев  даңғылынан  басталып,  Арқалық,  Ақмола,  Тарбағатай,   Ұлытау,   Баршын   көшелерін   қиып   өтеді.  Ұзындығы – 2180,4 м.

Қайнар – елімізде кеңінен кездесетін жер-су атауы.

 

 

 

ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ КӨШЕСІ

Абылай хан даңғылынан басталып, Ш.Құдайбердіұлы даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 671,7 м.

Қайрат Рысқұлбеков (1965-1987) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Көтеріліс басылған соң абақтыға қамалады. Семей түрмесінде қайтыс болған. Қайрат есімі халық есінде азаттық жолындағы күрескер, қаһарман ұл ретінде қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

 

ҚАЙЫҢДЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Спортивный көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Ардагер көшесінен басталады. Ұзындығы – 634,5 м.

Қайыңды – қайың мол өскен жер дегенді білдіреді. Осы аттас елімізде бірнеше жер атаулары бар.

 

ҚАЛБА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 58 көше. Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы. Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Балқантау көшесінде аяқталады.  Ұзындығы – 370,6 м.

Қалба – Шығыс Қазақстан облысындағы жота атауы.

 

ҚАЛҚАМАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Мостовой көшесі. Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Р.Зорге, С.Мұқанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 437,6 м.

Қалқаман – Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі елдімекен атауы.

 

ҚАМБАР АТА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 46 көшесі. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Малайсары көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 702 м.

Қамбар ата – қазақтың сенім-нанымында жылқы малының пірі, иесі.

 

ҚАМЫСТЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  Гидростроительдер  көшесі.  Шет  көшесінен басталып, Көксеңгір, Арқарлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1725,9 м.

Қамысты – қамысы мол деген мағынаны білдіреді.

 

 

 

ҚАПАЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Е.Зайчукова көшесі. М.Төлебаев көшесінен басталады.  Ұзындығы – 491,7 м.

Қапал – Ақсу алабындағы, Алматы облысындағы кент және Ақсу ауылындағы өзен атауы.

 

ҚАПШАҒАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 29 көшесі. М.-С.Бабажанов көшесінен басталып, Байғозы батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395 м.

Капшағай – Алматы облысындағы қала.

 

ҚАРАҒАНДЫ КӨШЕСІ

С.Торайғыров көшесінен басталып, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Тараз, Асанқайғы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2906,9 м.

Қарағанды – қала, облыс атауы. Әуе, автомобиль, теміржол қатынастарының маңызды торабы орналасқан республикадағы ең үлкен қалалардың бірі. Қалада көмір, машина жасау, тамақ өнеркәсібі дамыған. Қарағанды облысы көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен облыс. Облыста темір, көмір, түсті металдар, машина жасау, жеңіл, тамақ, балық, кондитер өнеркәсібі қатты дамыған.

 

ҚАРАЖАЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Қарағанды көшесі. Нұрлыжол көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 380,1 м.

Қаражал – Қарағанды облысындағы қала.

 

ҚАРАКЕМЕР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 64 көшесі. Сыпатай батыр көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 335 м.

Қаракемер – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.

 

ҚАРАҚҰМ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Песчаный көшесі. Анар көшесінен басталып, С.Сәдуақасов, Алтынқұм,  Сарысу  көшелерін  қиып өтеді.  Ұзындығы – 366 м.

Қарақұм – құмды, құмдауытты жерлерге байланысты қойылатын атау.

 

 

ҚАРАӨТКЕЛ КӨШЕСІ

Толағай,  Р.Қошқарбаев, Құлагер, Ә.Ермеков, Темірқазык көшелерін қиып  өтіп,   Сарайшық   көшесінде  аяқталады.  Ұзындығы – 1130,9 м.

Қараөткел – Ақмола өңірінің байырғы жер атауы.

 

ҚАРАСАЗ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 61 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 751,5 м.

Қарасаз – Алматы облысының Райымбек ауданындағы ауыл.

 

ҚАРАСАЙ БАТЫР КӨШЕСІ

М.Тынышбаев көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1431,1 м.

Қарасай батыр (1589-1671) – Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Жиренайғыр, Ыңғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларында т.б. жерлердегі ұрыстарды жау шебін бұзып, Суықтөбе басына туын тіккен батыр. Сол жеңістен бастап Шапыраштының, одан тарайтын рулардың ұраны «Қарасай» болды. 1643 жылы Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған Орбұлақ шайқасына қатысқан. 1652 жылғы соғыстарда Қарасай батыр қазақ қазақ әскерлерінің басшыларының бірі болған. Көкшетау жерінде болған соғыстардың бірінде ауыр жараланып, дүние салады. Сүйегі өзімен бірге сол ұрыста қазаға ұшыраған арғын Ағынтай батырмен бірге жерленген.

 

ҚАРАСАҚАЛ ЕРІМБЕТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Марсовый көшесі. Атасу көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 923,8 м.

Қарасақал Ерімбет (1844-1916) – ақын, жыршы. Сыр өңіріндегі ақын-жыраулық, жыршылық, әншілік, айтыскерлік, сал-серілік өнердің ірі өкілі.

 

ҚАРАСУ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  № 10  көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ұлытау көшесінен басталып, Тастақ көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 848,8 м.

Қарасу – елімізде жиі кездесетін жер-су атауы.

 

ҚАРАТАЙ ТҰРЫСОВ КӨШЕСІ

Қарасақал Ерімбет көшесінен басталып, Қараөткел көшесінде аяқталады. «Шұбар» тұрғын үй алабы.

Қаратай Тұрысов – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

 

ҚАРАТАЛ  КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 36 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. М.Төлебаев көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 848,8 м.

Қаратал –  Алматы облысындағы өзен, аудан атауы. Қаратал атауымен Қазақстандағы бірнеше елдімекендер аталады.

 

ҚАРАТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 3 көше. Оңтүстік-Шыңыс тұрғын алабы (сол жақ). Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Ақарыс, Бекарыс, Бурабай, Іле көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1636,3 м.

Қаратау – қазақ халқы көнеден қоныстанған биіктігі орташа және аласа тау жоталары, байырғы мекен. Атақты «Елім-ай» тарихи әні осы жерде туған. Алатаумен салыстырғанда, Қаратауда жаз айларында қар жамылғысы болмайтындықтан осылай аталады. Қаратау – Жамбыл облысындағы қала.

 

ҚАРАТӨБЕ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Н.Некрасов көшесі.  Жиделі, Ақселеу көшелерін  қиып өтіп, Үшкөпір көшесінде аяқталады.  Ұзындығы – 719,8 м.

Қаратөбе – Батыс Қазақстан облысындағы аудан атауы.

ҚАРАУЫЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Зеленый переезд. Г.Потанин көшесінен басталып, Ә.Молдағұлова көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 976 м.

Қарауыл – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы.

 

ҚАРАШАШ КӨШЕСІ

Қарасақал  Ерімбет  көшесінен  басталып,  Х.Досмұхамедұлы, Н.Оңдасынов,    Қараөткел     көшелерімен    қиылысады.   Ұзындығы – 1023,1 м.

Қарашаш – қазақтың Жиренше шешенге байланысты тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері.

 

 

 

 

ҚАРАШАШ АНА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 22 көше. Ақын Сара көшесінен басталып, Ұмай ана, Тұмар ханым, Қыз Жібек көшелерімен қиылысады.

Қарашаш ана – Қожа Ахмет Иассауидің анасы. Қарашаш ананың әкесі Мұса Шейх Ибраһим ата (Ибрахим Шейх) шәкірттерінің бірі болған. Ең көрнекті тарихи дерек ХІІ-ХІҮ ғасырларда тұрғызылған Қарашаш ана күмбезі.

 

ҚАРҚАБАТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 57 көше. Балбырауын көшесінен басталып, Қызыларай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 654,9 м.

Қарқабат – аты аңызға айналған ел анасы.

 

ҚАРЛЫҒАШ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы Л.Андреев көшесі. Ы.Алтынсарин көшесінен басталады. Ұзындығы – 239,5 м.

Қарлығаш – құс, поэтикалық атау.

 

ҚАРМАҚШЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 65 көшесі. Сыпатай батыр көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 335 м.

Қармақшы – Қызылорда облысындағы аудан атауы.

 

ҚАРТАЛЫ КӨШЕСІ

Шыңтас орамы, Қарасай батыр, М.Дулатов, Оқжетпес көшелерімен қиылысып, М.Жәлел көшесінде аяқталады.    Ұзындығы – 3247,9 м.

Қарталы – өзен, елдімекен атауы.

 

ҚАСТЕК КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 72 көшесі. Ә.Қашаубаев көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 168 м.

Қастек – Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл.

 

ҚАШАҒАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Машинистер қысқа көшесі. Оқжетпес көшесінен   басталып,  М.Жәлел   көшесінде   аяқталады.  Ұзындығы – 395,6 м.

Қашаған – ақын, 1841 жылы Түркіменстанның Ташауыз облысы, Мырзабасы ауылында дүниеге келіп, 1929 жылы Маңғыстау облысы, Қырықкез ауылында қайтыс болады. 16-17 жасынан ақын атанған. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақынның «Қырымның қырық батыры» жырлары мен халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайтын «Атамекен», «Адай тегі», «Әзіреті Ғали», «Топан», т.б. дастаендары ел арасына кең тараған.

 

ҚИМА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 18 көше. Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Ақмола көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 321,3 м.

Қима – Ақмола облысындағы кент.

 

ҚОБЫЗ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 116 көше. М.Төлебаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 1083,6 м.

Қобыз – көптеген түркі халықтарында кездесетін кос ішекті музыкалық аспап.

 

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 1 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы.              Ұзындығы – 1582,6 м.

Қобыланды батыр – аты аңызға айналған қазақ батыры. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қара қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Оның қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын «Қобыланды батыр» жыры кең тараған.

 

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 35 көше. Байзақ датқа көшесінен басталып, Жанқожа батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы–1857 м.

Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1763) – жырау, қазақ халқының әскерiн басқарған қолбасшы, әйгiлi ғұлама, шежiрешi. Атақты «Елім-ай!» әнінің авторы. Ұзақ жылдар бұл ән халық әні болып есептелді.

 

ҚОЗЫБАСЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №2 көше. Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Іле көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1393,6 м.

Қозыбасы – Қазақ хандығы құрылған мекен. Іле Алатауының солтүстік-батысында Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. Қозыбасы ХІV-ХV ғасырларда өмір сүрген Моғолстан мемлекеттінің батыс бөлігінің өңір.

 

ҚОЗЫКӨШ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 74 көше. Сексек ата көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 335 м.

Қозыкөш – қазақ тіліндегі сандық өлшемдерде «жақын» мәнінде қолданылатын ұғым.

 

ҚОҢЫРӨЛЕҢ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – К.Маркс көшесі. Мұғалжар көшесінен басталып, Ақкемер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 122,5 м.

Қоңырөлең – Алматы облысындағы ауыл.

 

ҚОРДАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 28 көше. Б.Момышұлы даңғылынан басталып, Балқантау, Таскескен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2641,9 м.

Қордай – Жамбыл облысындағы асу, аудан.

 

ҚОРҚЫТ КӨШЕСІ

Ағыбай батыр көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 415,2 м.

Қорқыт – бағзы заманда өмыр сүрген бабаларымыздың бірі. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы, сазгер, аңыз кейіпкері. Ұлы бабамыз шамамен VІІІ-ІX ғасырларда Сыр бойында оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде туып-өскен. Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелердің бір саласы – оның дүниеге келуі, екінші саласы – ажалдан қашуы, үшінші саласы – қобызбен күй шығаруы болып келеді. Қоқыт – қобыз арқылы музыка өнерінің негізін салған ұлы сазгер әрі жыршы. Сонымен бірге, ел басқарған данышпан, қасиетті әулие.

 

ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫ КӨШЕСІ

Ақбидай   көшесінен   басталып,   Өзен   көшесінде   аяқталады. Ақсу-Жабағалы, Ынтымақ көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2207,2 м.

Қошке Кемеңгерұлы (1896-1937) – Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Омбыда құрылған қазақ жастарының ұйымы «Бірлікке» мүше болған. 1916-1918 жылдары «Балапан» қолжазба журналының редакторы болды. Прозадағы алғашқы туындыларының бірі – «Тұтқаның ойы» әңгімесі. Қ.Кемеңгеровтің «Жетім қыз», «Дүрия», «Назиқа» әңгімелері, «Алтын сақина», «Бостандық жемісі», т.б. драмалық туындылары бар.

 

ҚҰЛАГЕР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – ХПП көшесі. Көкарал көшесінен басталып, Атамұра, Шарбақты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1533,7 м.

Құлагер – Ақан серінің әйгілі тұлпары, поэтикалық атау.

 

ҚҰЛАНӨТПЕС КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 5 көше. Айдарлы көшесінен басталып, Саумалкөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 254,8 м.

Құланөтпес – Ақмола облысындағы өзен, ауыл атауы.

 

ҚҰЛТУМА АҚЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 12-5 көше. «Көктал» тұрғын алабы, Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 1051,6 м.

Құлтума Өтемісұлы (1860-1915) – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, әнші, композитор. «Үш көтерме», «Тау қиялап», «Өмір туралы», т.б. шығармалары бар.

 

ҚҰЛЫНДЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Летний көшесі. Космонавтар көшесінен басталып, Наркескен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 374,2 м.

Құлынды – елімізде кездесетін жер атауы.

 

ҚҰМБЕЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Летний көшесі. Ә.Ермеков көшесінен басталып, Құлагер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 154,3 м.

Құмбел – еліміздің кейбір өңірлерінде кездесетін жер атауы.

 

ҚҰМЖАРҒАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 60 көше. Махамбет көшесін қиып өтіп, Батыр Баян көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 348,7 м.

Құмжарған – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде кездесетін жер-су атауы

 

ҚҰМКЕНТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 35 көше. Айнакөл көшесінен басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1452,8 м.

Құмкент – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ортағасырлық қала орны.

ҚҰНДЫЗДЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 56 көше. Балқантау көшесінен басталып, Жанкент, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 447,9 м.

Құндызды – Ақтөбе облысындағы өзен, Шығыс Қазақстан облысындағы елдімекен атауы.

 

ҚҰРМАНҒАЗЫ КӨШЕСІ

Н.Гоголь көшесінен басталып, Көктомар орамымен қиылысады. Ұзындығы – 928,5 м.

Құрманғазы Сағырбаев (1823-1889) – Ұлы күйші-композитор, дүлдүл домбырашы. 70-тен аса күй қалдырған. «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», т.б. антропологиялық атауларға құрылған күйлері бар. Композитордың «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың», т.б. ғұмырбаяндық күйлері оның патша үкіметі, билік иелері тарапынан қуғын-сүргін көргенінің куәсі іспетті.

 

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Строительный көшесі. Мереке көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,2 м.

Бұл көше құрылысшылардың құрметіне қойылған.

 

ҚҰС ЖОЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  А.Попов  көшесі.  Шардара,  Сартүбек  көшелерімен  қиылысып,   Өндіріс  көшесінде  аяқталады.  Ұзындығы – 1097 м.

Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры.

 

ҚҰСМҰРЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 36 көше. Қайнар көшесінен басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 259 м.

Құсмұрын – Қостанай облысындағы көл, кент атауы.

 

 «Құсни, Қорлан» көшесі

Бұрынғы атауы № 36-13 көше. Сұлутөр көшесінен басталады.           Ұзындығы – 299,1 м.

«Құсни, Қорлан» – Естай Беркімбайұлының әні.

 

ҚЫЗ ЖІБЕК КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 82 көше. Баян сұлу көшесінен басталып, Айман-Шолпан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1686,3 м.

«Қыз Жібек» – лиро-эпостық жыр. Қазақ фольклортанушыларының басым көпшілігі жыр XVІІ ғасырда пайда болған деп есептейді.

 

ҚЫЗБЕЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 25 көше. Амантоғай көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 209 м.

Қызбел – Қостанай облысы Торғай өңіріндегі тау.

 

ҚЫЗЫЛКЕНІШ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 12-119 көше. В.Радлов көшесінен басталып, Дәулеткерей көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 429,9 м.

Қызылкеніш  (Қыз Әулие)  – XVII – ғасырдағы  сарай. Қарқаралы ауданында.

 

ҚЫЗЫЛҚАЙЫҢ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 12-34 көше. Ұзындығы – 510,2м.

Қызылқайың –  Қазақстанның бірқатар өңірінде кезедесетін жер-су  атауы.

 

ҚЫЗЫЛАРАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы – №43 көше. Қарқабат, Балқантау, Құндызды көшелерімен  қиылысып,  Обаған   көшесінде   аяқталады. Ұзындығы – 1250,4 м.

Қызыларай – Қарағанды облысындағы тау, ауыл атауы.

 

ҚЫЗЫЛОЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Инициативный  көшесі. Өлеңті көшесінен басталады. Ұзындығы – 308,8 м.

Қызылой – еліміздің бірқатар өңірлерінде кездесетін жер атауы.

 

ҚЫЗЫЛСУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – А.Суворов көшесі. М.Дулатов көшесінен басталып, Қырыққыз орамында аяқталады.  Ұзындығы – 738 м.

Қызылсу –  еліміздің бірқатар өңірлерінде кездесетін атау.

 

ЛАТИФ ХАМИДИ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №54 көше. Айғыржал көшесінен басталып, Махамбет көшесін қиып, Батыр Баян көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 807,8 м.

Латиф Хамиди (1906-1983) – көрнекті композитор, педагог. «Қазақ вальсі», «Бұлбұл», «Қызыл қыран» сияқты әндердің авторы.

 

ЛЕВ ТОЛСТОЙ КӨШЕСІ

Ә.Әлімжанов көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 692,5 м.

Лев Николаевич Толстой (1828-1910) – орыстың ұлы жазушысы. «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Арылу» сияқты классикалық романдардың авторы.

 

ЛЕВОН МИРЗОЯН КӨШЕСІ

Қажымұқан көшесінен басталып, В.Петров, Б.Майлин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1157,7 м.

Левон Исаевич Мирзоян (1897-1939) – мемлекет қайраткері. 1933-37 жылдары  Қазақ өлкелік партия комитетінің ОК-нің бірінші секретары болды.

 

ЛЕПСІ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 15 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Лепсі көшесі Хантау көшесінен басталып, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1131,9 м.

Лепсі – Алматы облысындағы өзен, елдімекен атауы.

 

ЛЕСНОЙ КӨШЕСІ

С.Қожанұлы көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылын және Ақбаян көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 195,4 м.

Лесной – орманды деген ұғымды береді.

 

ЛУИ ПАСТЕР КӨШЕСІ

Ш.Уәлиханов көшесін қиып өтіп, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1293 м.

Луи Пастер (1822-1895) – француз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы.

 

МАЙДАҚОҢЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №87 көше. Айғаным көшесінен басталып, Жаңаарқа, Бурабай көшелерін қиып, Мұғалжар орамында аяқталады. Ұзындығы – 1598,0 м.

«Майдақоңыр»  – Сүгір Әлиұлының күйі, Әсет Найманбайұлының әні.

 

 

 

МАЙҚАЙЫҢ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 62 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Майқайың көшесі Дауылпаз көшесінен басталып, Тәуелсіздік даңғылында аяқталады. Арқат орамы мен Балталы көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 406,5 м.

Майқайың – Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы кент.

 

МАЙЛЫҚОЖА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 12-17 көше. Бытығай, Аушадияр орамдарын қиып өтеді де, Шортанбай ақын көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 520 м.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) – қазақ халқының суырып салма ақыны. «Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса», «Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», «Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт» шығармаларының авторы.

 

МАЙТӨБЕ КӨШЕСІ       

Бұрынғы атауы – Воронежский  көшесі. Майтөбе көшесі Ағадыр көшесінен басталып, Сарықұм көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 666,5 м.

Майтөбе – Жамбыл облысындағы көне бекініс атауы.

 

МАКСИМ ГОРЬКИЙ КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, Н.Ирченко, Ә.Жанбосынов, И.Грязнов, Кенесары көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 638,8 м.

Максим Горький (1868-1936) – орыс жазушысы. Оның қаламынан туған «Ана», «Артамоновтар ісі», «Клим Самгиннің өмірі», «Менің университеттерім» повестері, пьесалары дүние жүзіне кең тараған.

 

МАҚАТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы –  1-Карьерный көшесі. Бестөбе көшесінен басталып, Шет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 472,3 м.

Мақат – Атырау облысы, Мақат ауданының орталығы, кент.

 

МАЛАЙСАРЫ БАТЫР КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы – №39 көше. Мәди, Әбілхан Қастеев көшелерімен қиылысып, Үмбетей жырау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1459,1 м.

Малайсары Тоқтауылұлы (1700-1756) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен атақты батыр, би.

 

МАНАС КӨШЕСІ

Абылай хан даңғылынан басталып, Қобыланды батыр көшесінде аяқталады.

Манас – қырғыз халқының батырлық эпосы.

 

МАНАТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 89 көше. Алтыбақан,  Обаған көшелерін қиып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 787,4 м.

Манатау  – тау атауы.

 

МАРЖАНСУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Встреча көшесі. Маржансу көшесі Мирный көшесінен басталып, Арай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 227 м.

Маржансу – «маржандай таза, мөлдір су» деген мағынаны білдіреді.

 

МАРҚАКӨЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 53 көше. Оңтүстік-Шығыс  тұрғын алабы (оң жақ). Қарасаз көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Кеңгір, Таскескен, Арғанаты көшелерімен қиылысады.  Ұзындығы – 435 м.

Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысындағы көл, қорық атауы.

 

 

МАСАТЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы –  № 112 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Масаты көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Қордай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1380,2 м.

Масаты – қымбат бағалы, жұмсақ түкті барқыт, жібек мата.

 

МАХАМБЕТ КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы – № 80 көше. Айғыржал көшесінен басталып, Домбауыл, Сырым батыр көшелерін қиып, Асы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1842,7 м.

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) – ұлы ақын. Шаруалар көтерілісі жетекшілерінің бірі. Оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Арғымаққа оқ тиді», «Жабығу», т.б шығармалары бар.

 

 

МАЯТАС КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы – № 24 көше. «Көктал»  тұрғын  алабы.  Ұлытау көшесінен басталып, Шаңтөбе көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 309,7 м.

Маятас – Оңтүстік Қазақстан облысындағы мезолит дәуірінен сақталған тұрақ.

 

МӘДИ КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы – № 41 көше. Әміре Қашаубаев, Исатай батыр көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1126,5 м.

Мәди Бәпиұлы (1880-1924) – көрнекті әнші-композитор, ақын. Арқадағы әншілік дәстүрдің ірі өкілі. «Қаракесек», «Үшқара», «Шіркін-ай», т.б. әндері бар.

 

МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН КӨШЕСІ

Ә.Ысмайылов  көшесінен  басталып,  Абай даңғылында аяқталады. Рамазан, Жәнібек тархан, Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл,  М.Дулати көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1208,4 м.

Мәлік Ғабдуллин (1915-1973) – қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері. Кеңес Одағының Батыры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Бұл көшеде № 10 орта мектеп орналасқан.

 

МӘНШҮК МӘМЕТОВА КӨШЕСІ

Жәнібек тархан көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл, М.Дулати көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 818,1 м.

Мәншүк Мәметова (1922-1943) – қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Алаш қайраткері А.Мәметовтің отбасында тәрбиеленген. Кеңес Армиясы қатарына өз өтініші бойынша 1942 жылы алынған. Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыстан шыққан екі батыр қыздың бірі. Пулеметшілер бөлімшесінің командирі. Невель қаласы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Невель, Орал, Алматы қалаларында батырдың ескерткіштері бар.

 

МӘРИЯМ ЖАГОРҚЫЗЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 74 көше. «Комсомол» тұрғын алабы. Тұран даңғылынан басталып, Қарашаш ана көшесінде аяқталады. Айғаным көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 729,2 м.

Мәриям Жагорқызы (1887-1959) – (шын аты-жөні Рыкина Мария Егоровна) халық өнерпазы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Халық арасында кең тараған «Дударай» әнінің кейіпкері.

 

МӘСКЕУ КӨШЕСІ

Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, М.Әуезов көшесінде аяқталады. Бекетай, Ә.Ділманов, Жеңіс даңғылын, Бейбітшілік көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2281,2 м.

Мәскеу – Ресей федерациясының астанасы.

Бұл көшеде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы орналасқан.

 

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы – Үштөбе көше. М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Ақшатау орамында аяқталады. Ұзындығы – 375,4 м.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – халқымыздың ұлы тұлғасы, өмірі өнеге болған, қазақ жеріндегі ислам қайраткерлерінің көрнекті өкілі, әулие тұлға, ақын, тарихшы. 1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады. 1907 жылы Қазандағы Құсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады. Ақын «Дала уәлаяты» газеті мен «Айқап» журналында заман ағымына  байланысты публицистикалық мақалалар да жариялап тұрды. Ол «Ер Сайын», «Ер Көкше», «Көрұғлы», «Шара батыр» жырларын, ақын-жыраулар мұраларын жинап жариялаушы. «Қазақ шежіресі» кітабында қазақ ру-тайпаларының құрылымы көрініс тапқан. Жасынан діни білім алған, Құран-Кәрімді жаттап өскен, діни тәлім-тәрбие көрген Мәшһүр өз шығармаларын жазғанда шариғат ережелерін басшылыққа алып отырған.

 

МЕДЕУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – А.Островский көшесі. Ш.Бөкеев, Аспара, Т.Шевченко, Оқжетпес көшелерін қиып өтіп,  Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2664,2 м.

Медеу – дүние жүзіндегі ең ірі мұз айдыны.

 

МЕРЕКЕ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Мир көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Құрылысшылар, Көлсай, Армандастар, Өркениет, Нұрлыжол көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 979,7 м.

Мереке – атаулы күндерді атап өту. Мерекелер діни, халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, кәсіптік болады.

МЕРКІ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Мереке көшесі. Космонавтар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 584,6 м.

Меркі – өзен, көне қала және Жамбыл облысындағы аудан, кент атауы.

 

МИРНЫЙ КӨШЕСІ

Ә.Марғұлан, Тобылғысай, Толағай, Маржансу көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 457 м.

Мирный – «бейбіт, тыныштық» деген мағынаны білдіреді.

 

МИХАИЛ ЛЕРМОНТОВ КӨШЕСІ

Ш.Уәлиханов көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады.  Тараз,  Асан Қайғы  көшелерімен  қиылысады.  Ұзындығы – 826,6 м.

Михаил Юрьевич Лермонтов (1814-1841) – орыстың ұлы ақыны.

Бұл көшеде «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы орналасқан.

 

МИХАИЛ ШОЛОХОВ КӨШЕСІ

Ырыс   орамынан  басталып,  Жолымбет  көшесінде аяқталады. Балтакөл орамы  мен  И.Дунаевский көшесін  қиып  өтеді. Ұзындығы – 972  м.

Михаил Александрович Шолохов (1905-1984) – орыстың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының академигі, Ленин және Нобель сыйлықтарының лауреаты.

 

МИЯЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №75 көше. Бекет ата көшесінен басталып, Әміре Қашаубаев көшесін қиып, Сексек ата көшесінде аяқталады.Ұзындығы – 334,6 м.

Миялы – Қазақстанда жиі кездесетін жер атауы.

 

МОЙЫЛДЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  № 14 көше.  «Көктал» тұрғын алабы. Ақмола көшесінен басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 514,4 м.

Мойылды – Шалқар алабындағы өзен. Қазақстанда жиі кездесетін жер-су атауы.

 

 

 

МОДЕСТ МУСОРГСКИЙ КӨШЕСІ

Бестау орамымен қиылысып, С.Әліұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 370,2 м.

Модест Петрович  Мусоргский (1839-1881) – композитор, пианист. «Борис Годунов», «Сорочин жәрмеңкесі» опералары, «Көрмедегі көріністер» деген әйгілі суреттеме сюитасы, «Раек» атты музыкалық памфлеті бар.

 

МОЙЫНТЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 30 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Мойынты көшесі Жанкент көшесінен басталып, Сұлутөбе көшесінде аяқталады. Обаған, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 821,5 м.

Мойынты – Қарағанды облысындағы өзен, ірі теміржол стансасы.

 

МОНШАҚТЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы   атауы – № 9 көше. «Көктал»  тұрғын   алабы.  Ұлытау көшесінен  басталып,  Ақтөбе  көшесінде  аяқталады.   Ұзындығы – 381,2 м.

Моншақты – Қарағанды облысы, Шет ауданындағы тау аты.

 

МОСТОПОЕЗД-463 КӨШЕСІ

Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 40,3  м.

Мостопоезд – көпірлер мен өткелдер салатын және оларды жөндейтін арнайы поезд.

 

МҰҒАЛЖАР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы –  К.Маркс көшесі. «Тельман» тұрғын алабы. Қоңырөлең көшесінен басталады. Ұзындығы – 1232,5 м.

Мұғалжар – Ақтөбе облысындағы тау, аудан атауы.

 

МҰЗТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Овражный көшесі. С.Мұхамеджанов көшесінен басталып, Фахд бен Абдулл Азиз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1207,3 м.

Мұзтау – Жетісу Алатауының оңтүстігіндегі жоталар тобының ең биік сілемі.

 

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ КӨШЕСІ

Наркескен көшесінен басталып, Марал көпірінде аяқталады. Балауса, Босаға көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1749 м.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976) – қазақтың аса көрнекті ақыны. «Аққайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қарындастар, қош болыңдар», «Шекарада», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Алтай – Атырау», «Қашқын», «Райымбек! Райымбек!», «Моцарт. Жан азабы» атты поэма, толғаулары мен  лирикалық өлеңдердің және әңгімелердің, повестердің авторы.

 

МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Қарағанды-Астана трассасы. М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Қарағанды тас жолына дейін созылып жатыр. Б.Момышұлы даңғылын, Арқайым, Жаңаарқа,  Бурабай, Жалаңтөс,   Құмкент,   Айнакөл   көшелерін   қиып    өтеді.  Ұзындығы – 4886,3 м.

Мұқан Төлебаев (1913-1960) – қазақтың көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Шығармалары: «Жорық», «Кестелі орамал», «Отан», «Ақмақта», «Жастар вальсі» әндері, опералары және т.б.

 

МҰНАЙШЫЛАР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Нефтяниктер көшесі. Ақжол, Н.Гоголь көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1752,5 м.

Мұнайшылар – мұнай өндірісіндегі мамандық атауы.

 

МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы – № 12-14 көше. Н.Тілендиев көшесінен басталады. Ұзындығы – 631,0 м.

Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) – ірі ақын, айтыскер. «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», т.б. шығармалары бар. Өз шығармаларында отаршылдық саясатты сынады. Өзінің басты шығармаларының бірі «Үш қиян» толғауында қазақ халқының отаршылдық саясаттан көрген қиындығын бейнеледі. «Сарыарқа» толғауында рулық араздыққа қарсы шықты. Ақынның «Қарасай-Қази», «Қазтуған» дастандарында ел мен жерді қорғаудағы қазақ батырларының ерлігін жырлады. Ол Бала Оразбен, Жаскелеңмен, Тыныштықпен, Жантолымен, Шолпанмен және тағы да басқа ақындармен айтысқан.

 

МҰРЫН ЖЫРАУ КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы – № 16 көше. У.Танашев көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 334,8 м.

Мұрын жырау (1860-1954) – жырау, жыршы.  «Қырымның қырық батыры» циклды эпосын жырлаған.

МҰСА ЖӘЛЕЛ КӨШЕСІ

Мұзтау көшесінен басталып, Ақан сері көшесінде аяқталады. С.Мұхамеджанов, Ш.Бейсекова, А.Байтұрсынұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 935,0 м.

Мұса Жәлел (1906-1944) – татар ақыны. Шығармалары: «Еділден хат», «Өткен жолдар», «Хат тасушы», «Жолдастар» және т.б.

 

МҰСТАФА ШОҚАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Перспективный көшесі. «Промышленный»  тұрғын алабы. Көкжелек көшесінен басталады.Ұзындығы – 1108,8 м.

Мұстафа Шоқай (1886-1941) – отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі. Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) уезіне қарасты Шоқай ауылы. Алғашқы қоғамдық жұмысы – оның 1914 жылы Ә.Бөкейханның ұсынысымен ІV Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының хатшылығы. Өмірінің соңында, тамыз айының басынан қараша айының соңына дейін немістің бірнеше лагерін аралап, тұтқындағы ондаған мың түркістандықтармен кездеседі, оларды өлім тұзағынан құтқарып алуды өзінің бірден-бір борышы санайды. 1941 жылы Берлинде құпияға толы жағдайда қайтыс болады. Сүйегі Берлин қаласындағы мұсылмандар бейітінде жерленген.

МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 166 көше. Ашутас, Майлыкент, Жылыбұлақ орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 4495,4 м.

Мұхамеджан Сералин (1872-1929) – көрнекті ақын, жазушы, көсемсөзші. Қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» редакторы. Бұл журнал қазақ жазба әдебиетінің және ұлттық баспасөздің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Шығармалары: «Топжарған», «Гүлхашима» поэмалары. «Ұшқын», «Ауыл» газеттерінің бас редакторы болған.

 

МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ КӨШЕСІ

Қарасай батыр көшесінен басталып, Ы.Алтынсарин көшесінде аяқталады.  Ақбұғы,  Біржан сал көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 727,6 м.

Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937) – қоғам қайраткерi, қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. Талдықорған облысының Қапал ауданында туған. Верный (Алматы) гимназиясын бiтiрiп, Петербургтегi қатынас жолдары инженерлерi институтын тәмамдаған. «Қазақ» газетiнде мақалалар жариялап тұрған. Алаш партиясын құруға тікелей араласып, 1917 жылғы желтоқсан айында жарияланған Алаш автономиясы үкіметінің он бес мүшесінің бірі болады. «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысады. Орыс география қоғамының, Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, «Талап» ұйымының мүшесі болады. Қазақ халқының арғы-бергі тарихына қалам тартып, бүгінгі күндері де маңызын жоймаған зерттеу еңбектерін жариялайды, қазақ шежіресін түзеді. Саяси қуғын-сүргiн құрбаны.

 

МҰХАМЕТ-САЛЫҚ БАБАЖАНОВ КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы – № 25 көше. Наурызбай батыр, Байзақ датқа көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1807,3 м.

Мұхамет-Салық Бабажанов (1832-1871) – этнограф, ағартушы, ауыз әдебиетін зерттеуші. 1951 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусының азиялық бөлімін бітірген. Халық ауыз әдебиеті үлгілері мен естеліктерін жинастырған. Оның жинастырған қазақ халқының тарихы, археологиясы, этнографиясына қатысты материалдары мен экспонаттары Ресейдің ғылыми мекемелері мен мұражайларында орнатылған. Қазақтардың діни наным-сенімдері, дәстүрлері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізген.

 

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ КӨШЕСІ

М.Ғабдуллин көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1063,5 м.

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1561) – белгілі тарихшы,  әдебиетші. «Тарих-и-Рашидидің», «Жаһаннаме» дастанының авторы.  Жетісудағы Дулат тайпалары әмірлерінің ұрпағы. Толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхамед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау, «дулат» – шыққан тайпасының аты. 1999 жылы М.Х. Дулатидің 500 жылдық тойы халықаралық дәрежеде Ташкент қаласында аталып өтті. Тараз мемлекеттік университетіне Мұхаммед Хайдар Дулати есімі берілді.

 

МҰХИТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №12-50 көше. Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 1069,3 м.

Мұхит Мералыұлы (1841-1918) –  көрнекті композитор, әнші-ақын, күйші-домбырашы. «Дүние-ай», «Зәуреш», «Кербез», т.б. әндері бар.

 

МҰХТАР ӘУЕЗОВ КӨШЕСІ

А.Иманов көшесінен басталып, Ә.Молдағұлова көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин  көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2716,8 м.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, ҚР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор. Шығыс Қазақстан (Семей) облысының Абай ауданында дүниеге келген. Алты жасынан атасы Әуездің үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап өскен. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы қазақ әдебиетін әлемге танымал етіп, ұлы ақынның көркем бейнесін тұлғалауда теңдессіз шеберлік танытқан қаламгер. Қазақ көркем прозасының, оның ішінде роман жанрының, драматургияның дамуына зор үлес қосқан классик. Өз  заманының ең жоғарғы сыйлықтары – КСРО Мемлекеттік сыйлығы мен Лениндік сыйлықтың  иегері. Мұхтар Әуезовтің  драмалық шығармалары қазақ драматургиясының дамуына ерекше үлес қосты. Оның «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Түнгі сарын», «Абай», «Қарақыпшақ Қобыланды» және тағы да басқа пьесалары әлемдік деңгейдегі пьесалар болып табылады. Мұхтар – Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихы туралы еңбектердің авторы. Қазақтың көркем проза, роман, драматургия жанрларының дамуына үлкен үлес қосқан. СССР-дің Мемлекеттік сыйлығының және Лениндік премияның лауреаты.

Бұл көшеде Украина елшілігі, Соғыс ардагерлерінің ауруханасы, Орталық сөйлесу пункті, Баспочтампт, №2 балалар ауруханасы, «Перизат» мейрамханасы, «Қан орталығы», Австрия Республикасының консулдығы орналасқан.

 

МЫҢАРАЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Одинцовтар көшесі. І.Есенберлин көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 851,1 м.

Мыңарал – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы ауыл, темір жол стансасы.

 

 

 

МЫҢЖЫЛҚЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 13 көше. «Көктал» тұрғын алабы.  Арқалық көшесінен   басталып,   Ақмола   көшесінде  аяқталады.     Ұзындығы – 153 м.

Мыңжылқы – Қаратау жотасының солтүстік-батысындағы тау басы.

 

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ КӨШЕСІ

С.Мұхамеджанов көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. А.Байтұрсынұлы, Ақан сері, Жалын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3721,7 м.

Міржақып Дулатов (1885-1935) – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог, жалынды көсемсөз шебері. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі. Қостанай облысы Қызбел ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш романы – «Бақытсыз Жамал» (1910) және «Азамат» (1913), «Терме» (1915) кітаптарының авторы. Жазушылық, қоғамдық қызметке қоса педагогтік міндетті де көтерді.

 

НАГОРНЫЙ КӨШЕСІ

Дулыға көшесінен басталады. Ұзындығы – 574,4 м.

Нагорный – қыратты деген ұғымды береді.

 

НАЙЗАҚАРА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Совхозный көшесі. Мәскеу көшесінен басталып, Қарауыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 601,2 м.

Найзақара – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы тау.

 

НАРКЕСКЕН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Майский көшесі. Наркескен көшесі М.Мақатаев көшесінен басталып, Космонавтар көшесінде аяқталады. Ұзындығы-541,5 м.

Наркескен – қылыштың бір түрі.

 

НАРЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Коммунистический көшесі. Нарын көшесі Алмалық көшесінен басталып, Ардагер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 613,2 м.

Нарын – Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы тау, қыр, өзен, құм атаулары.

 

НАУРЫЗ КӨШЕСІ

Ұлытау көшесінен басталып, Құсмұрын, Ордабасы, Тарбағатай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1322,2 м.

Наурыз – көне мейрам. «Нау» (жаңа) және «руз» (күн) – жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаны білдіреді. Халық күнтiзбесi бойынша Жаңа жыл көктемгi күн мен түн теңелуi – тоғыс күнi басталады, яғни наурыздың  21-iне дәл келедi.

 

НАУРЫЗБАЙ БАТЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 84 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Айғыржал, Батыр Баян көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 605,0 м.

Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781) – қазақтың белгілі батыры, қазақ-жоңғар шайқасындағы қолбасшылардың бірі. Тарихта «Шапырашты Наурызбай» деген есіммен белгілі. Жоңғарлармен болған 1729 жылғы шешуші Аңырақай шайқасында шапырашты қолын басқарған. 1748-53 жылдары Малайсары, Малай, Қасқара батырлармен бірге Шығыс Қазақстан, Жетісу өңірлерін жоңғарлардан азат ету жорықтарына қатысқан.

 

НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛҰЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Вокзальный көшесі. Ж.Жабаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 933,6 м.

Нәзір Төреқұлұлы (1892-1937) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ірі тарихи тұлғалардың бірі, Алаш қозғаласының қайраткері. Жергілікті ұлт өкілдерінің алғашқыларының қатарында Түркістан компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына сайланған. Одан кейін де Түркістан Орталық Атқару комитетін (ЦИК), Оқу-ағарту халық комиссариатын басқарды. Ташкенттегі тұңғыш жоғарғы оқу орнын ашуда басты тұлғалардың бірі болды. 1922-1926 жылдары Мәскеуге шақырылып, КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарды, ғылыми-педагогикалық жұмысқа араласқан. 1928 жылы небәрі 36 жасында Һижаз Неж (Сауд Арабиясы), әрі қосылған аймақтардағы КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалды. Араға  екі жыл салып КСРО-ның тұңғыш қазақ елшісі атанды.

 

НИКИТА МИТЧЕНКО КӨШЕСІ

Р.Қошқарбаев көшесінен басталып, Қарашаш көшесінде аяқталады. Ә.Ермеков көшесімен қиылысады. Ұзындығы-504,3 м.

Никита Андреевич Митченко (1913-1941) – Ұлы Отан соғысының батыры, қатардағы жауынгер, 28 панфиловшылар дивизиясы батырларының бірі.

НИКИФОР ИРЧЕНКО КӨШЕСІ

Западный көшесінен басталып, Желтоқсан көшесінде аяқталады. Сарыарқа даңғылын және И.Репин, М.Горький көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1053,3 м.

Никифор Михайлович Ирченко (1886-1919) – Атбасар уезіндегі Маринск  көтерілісі басшыларының бірі.

 

НИКОЛАЙ ГОГОЛЬ КӨШЕСІ

Игілік көшесінен басталып, Ақсай көшесінде аяқталады. Құрманғазы, Жаңажол көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы-985,7 м.

Николай Васильевич Гоголь (1809-1852) – орыс жазушысы. Гоголь есімін көпшілікке танытқан «Диканька маңындағы хутор кештері», «Арабески», «Тарас Бульба» туындылары.

 

НИКОЛАЙ НЕКРАСОВ КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Н.Ирченко,    Ә.Жанбосынов   көшелерімен   қиылысады.   Ұзындығы – 552,3м.

Николай Александрович Некрасов (1821-1878) – орыстың белгілі ақыны. «Русьте кім жақсы тұрады?», «Атай», «Орыс әйелдері» дастандары, «Өмір сәні – жастық шақ», «Ана», «Белгісізбін мен әлі», «Элегия» т.б.

 

НИКОЛАЙ ПАВЛОВ КӨШЕСІ

Шара Жиенқұлова көшесінен басталып, М.Лермонтов, Алаш тасжолы, И.Панфилов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 32 м.

Николай Васильевич Павлов (1893-1971) – орыстың ботаник-ғалымы, академик.

 

НИКОЛАЙ ХЛУДОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Ф.Моос,  Космонавтар, Балауса көшелерімен қиылысып, Наркескен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 649,4 м.

Николай Гаврилович Хлудов (1850-1935) – белгілі кескіндемеші, суретші. Қазақстанға 1877 жылы келген. Түркістандағы археология үйірмесінің белді мүшесі болған. Николай Хлудов «Дауылда қалғандар», «Тайынша мінген бала», «Бие сауу», «Жасауыл» атты қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелейтін суреттердің авторы.

 

НИКОЛАЙ ЩОРС КӨШЕСІ                                                                     

Жамбыл, Боталы, Тәттімбет көшелерімен қиылысып, Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1492,1 м.

Николай Александрович Щорс (1895-1919) – әскери қайраткер, Азамат соғысының батыры.

 

НОВОСТРОИТЕЛЬНЫЙ КӨШЕСІ

Космонавтар көшесінен басталып, Наркескен көшесінде аяқталады. Балауса, Жекебатыр көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 400 м.

Новостроительный – «жаңа құрылыс» деген мағынаны білдіреді.

 

НОҒАЙЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Зеленый берег көшесі. Дулыға көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 261,4 м.

Ноғайлы – Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған Ноғай Ордасының негізін қалаған түркі-моңғол тайпаларының ортақ атауы. ХV-ХVІ ғасырлардың аяғында Ноғайлы жұрты көрші елдерге де осы атпен мәлім болған. ХVІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ноғайлы бірнеше ұлысқа бөлініп кеткен. Ноғайлы мәдениетінің ең негізгі мұрагерлерінің бірі – қазақ халқы болып табылады.

НОРМАНДИЯ-НЕМАН ЭСКАДРИЛЬЯСЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 146 қысқа көше, Қызғалдақ көшесі. Космонавтар көшесінен басталып, М.Мақатаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 489,9 м.

Нормандия-Неман – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери ұшқыштар құрамасының атауы. Бұл құрамаға совет, француз ұшқыштары енген.

 

НҰРЛЫЖОЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Школьный көшесі. Армандастар көшесінен басталып, Ұлан орамы, Өркениет көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1700,6 м.

Нұрлыжол – «келешегі жарқын, ашық, жарық» деген мағынаны білдіреді.

 

НҰРТАС ОҢДАСЫНОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Изумрудный көшесі. Құлынды көшесінен басталып, Қарашаш көшесінде аяқталады. Толағай, Р.Қошқарбаев,   Ә.Ермеков    көшелерімен    қиылысады.  Ұзындығы – 1095,3 м.

Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904-1989) – мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым. 1969 жылы «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі», 1974 жылы «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көрді.

 

НҰРХАН АХМЕТБЕКОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 79 көшесі. Қордай көшесінен басталып, Бесшалқар көшесінде аяқталады. Сүтбұлақ, Алқоңыр, Ақтоған орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 927 м.

Нұрхан Ахметбеков (1903-1964) – композитор, әнші, домбырашы. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Шығармалары: «Есімсері», «Қарға», «Амангелді», «Жасауыл қырғыны», «Қамарлы заман», «Албан Жұпар ханым», «Июнь толқыны», «Жеңіс».

 

ОБАҒАН КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  № 39  көше.  Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қарасаз көшесінен басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3005,8 м.

Обаған – Тобыл алабындағы өзен.

 

ОЙЖАЙЛАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Е.Пугачев көшесі. Жерұйық көшесінен басталып, Әулие ата көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 354 м.

Ойжайлау – Жетісу өңіріндегі жайлау, өзен атауы.

 

ОЙСЫЛҚАРА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 51 көшесі. Наурызбай батыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 668 м.

Ойсылқара – қазақтың сенім-нанымында түйе малының пірі, иесі.

 

ОЙЫЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Квартальный көшесі. Арқарлы көшесінен басталып,  Жасыл,  Көкбастау  көшелерімен  қиылысады.  Ұзындығы – 1240 м.

Ойыл – Жайық алабындағы өзен және Ақтөбе облысындағы аудан, елдімекен атауы.

 

ОКТЯБРЬДІҢ  70  ЖЫЛДЫҒЫ КӨШЕСІ

Октябрьдің 70 жылдығы көшесі «Заречное» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 503,7 м.

Октябрьдің 70 жылдығына қойылған атау.

 

 

 

ОҚЖЕТПЕС КӨШЕСІ

Бұрынғы атаулары – Бесағаш, К.Станиславский  көшелері. Тамшалы, Әулие ата, А.Байтұрсынұлы көшелерін қиып өтіп, А.Затаевич көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3221,1 м.

Оқжетпес – Ақмола облысындағы Бурабай көлінің солтүстік жағалауындағы конус пішіндес биік жартас.

 

ОМБЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 17 көшесі. У.Танашев көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 399 м.

Омбы – Ресейдегі қала, Омбы облысының орталығы. Бұл қалада қазақтың Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сынды біртуар азаматтары білім алған.

 

ОРАЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Садовый көшесі. Орал көшесі «Заречное» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 252,7 м.

Орал – Батыс Қазақстан облысының орталығы, ірі теміржол стансасы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала – Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Қалада тамақ, жеңіл, машина жасау өнеркәсібі дамыған. Қалаға ірілі-ұсақты 16 елдімекен қарайды.

 

ОРБҰЛАҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы – Ақмешіт көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 437,5 м.

Орбұлақ – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қоңтайшы арасында өтті. Ұрыс болған жердің атауы «Орбұлақ шайқасы» деп аталып, гранит тастан белгі қойылды.

 

ОРДА КӨШЕСІ

Бұрынғы   атауы  –  А.Нахимов   көшесі.   Аспара   көшесінен   басталып, Д.Карбышев  көшесінде аяқталады. Оқжетпес көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 574,5 м.

Орда – Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданындағы ауыл.

 

ОРДАБАСЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  № 38 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Наурыз көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 218,5 м.

Ордабасы – Ордабасы құрылтайы, 1726 жылы қазақтың үш жүз өкілдерінің Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесіне қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты үш биге ескерткіш орнатылған. Оңтүстiк Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан аудан аты. Орталығы – Темірлан ауылы.

 

ОРДАТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 76 көше. Сексек ата көшесінен басталып, Бекет ата көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 335 м.

Ордатау – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы аласа таулар.

 

ОРЛЫКӨЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 181 көше. Республика даңғылынан басталады. Ұзындығы – 667,1 м.

Орлыкөл – елімізде кездесетін жер-су атауы.

 

ОРХОН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 125 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында (оң жақ) орналасқан. Ұзындығы – 1310,8 м.

Орхон – Орхон өзені бойынан табылған VІІ-VІІІ ғасырларға жататын көне түркі сына жазбалары. Жазба ескерткіштерде Білге, Күлтегін, Тоныкөк батырлардың ерлігі дәріптеледі. Орхон жазуларының ізі қазақ руларының таңбаларында қазірге дейін сақталған.

 

ОРЫНБАЙ АҚЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 12-18 көше. Шамшырақ, Аушадияр, Сәйгүлік орамдарын қиып өтеді де, Шортанбай ақын көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 215 м.

Орынбай ақын Бертағыулы – ел аузында Қарауыл Орынбай атымен танылған ақын-импровизатор, әнші, сазгер. Оның «Болыстыққа талас емес», «Өлген соң бай мен жарлы мал демейді», «Адамның жаратылуы туралы», «Қырық парыз» және тағы басқа шығармалары бізге жеткен.

 

ОРЫНБОР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 35 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Тәуелсіздік,  Достық,  Сығанақ  көшелерімен қиылысады.   Ұзындығы – 9444 м.

Орынбор – Ресейдегі қала, облыс орталығы. Орынборда 1917 жылы Алаш партиясы, Алашорда үкіметі құрған екі жалпықазақ сиездері (шілде, желтоқсан) өткен. 1920-1925 жылдары Қазақстанның астанасы болған.

Бұл көшеде Қазақстан Республикасының көптеген министрліктері мен агенттіктері орналасқан.

 

ОСПАН БАТЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 14 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Сексек ата көшесінде аяқталады. «Үркер» тұрғын үй алабы. Ұзындығы – 437,2 м.

Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (1899-1951) – ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалысының батыры. 1940 жылы қазақтардың Көктоғайда болған Шыңжаң губернаторына қарсы көтерілісіне қатысады. 1944-45 жылдары Алтай, Тарбағатай, Құлжадағы қазақ жайлауларын Қытай билігінен тартып алуда Оспан айрықша белсенділік көрсетеді. 1945 жылы Шығыс Түркістан республикасының армиясы құрылып, Оспан батыр оған басшылық етеді. 1950 жылы қазақ ақсақалдары мен белсенділігінің құрылтайы өтіп, Шығыс Түркістанды қытайлардан азат етуді жалғастыру мәселесі қозғалады. Оспан батыр күресті жалғастыруды құптайды. Оспан батыр – шетелдегі қазақтардың ұлт-азаттығы қозғалысының жетекшісі әрі батыры.

 

ОТЫКЕН КӨШЕСІ

Қордай көшесінен басталып, Сарыағаш көшесін қиып өтеді, Бесшалқар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1310,8 м.

Отыкен – Алтайдағы көне қоныстардың бірі.

 

ОТЫРАР КӨШЕСІ

Республика даңғылынан басталып, Абай даңғылында аяқталады. М.Ғабдуллин,  Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді.  Ұзындығы – 1861,7 м.

Отырар – тарихи қала, саяси және мәдени орталық. V-XV ғасырларда Отырар Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Орталық Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолия мен Қытайға қатынайтын маңызды қала болған.

Бұл көшеде Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы орналасқан.

 

 

 

ОШАҚТЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №47 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Талғар көшесінен басталып, Обаған көшесін қиып өтіп, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 615,2 м.

Ошақты – жер атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамында ошақ қасиетті де, қастерлі дүние болып саналады. «Ошағы құлап, оты сөну» бір шаңырақтың тыныс тіршілігі тоқтағандығын, «түтін түтетіп, ошақ құру» жаңа, жас отаудың дүниеге келгендігін білдірген.

 

ӨЗЕН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Озерный көшесі. «Өндіріс» тұрғын алабы. Сусамыр, Қ.Кемеңгерұлы көшелерімен қиылысып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1632,8 м.

Өзен – осы аттас елдімекендер кездеседі.

 

ӨЛЕҢТІ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Стартовый көшесі. Қызылой көшесімен  қиылысып,  А.Тоқпанов көшесінде аяқталады.  Ұзындығы – 287,8 м.

Өлеңті – «жағасында өлеңшөбі қалың өсетін өзен» мағынасындағы атау, яғни шөп атауына байланысты шыққан. Елімізде осы аттас атаулар кездеседі.

 

ӨНДІРІС КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Северное тасжолы. Өзен, Т.Тоқтаров, С.Әліұлы, Ақбидай, Үшқоңыр көшелерімен қиылысады.      Ұзындығы – 11892,4 м.

Өндіріс – тұтынуға қажетті материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы, елімізде осы аттас елдімекендер кездеседі.

 

ӨРКЕН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Школьный көшесі. Байқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 186,9 м.

Өркен – өсімдіктің негізгі бөлігі. Сабақтан және онда дамитын жапырақ пен бүршіктен тұрады. Сонымен бірге «көбею, кең қанат жаю» деген мағынаны білдіреді. Қазақта «өркенің өссін», «өркенің жайылсын» деген бата, тілек сөздер бар. Республика көлемінде көптеген елдімекендер «Өркен» деп аталады.

 

 

 

ӨРКЕНИЕТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Пришкольный көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Мереке көшесінен басталып, Нұрлыжол көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 254,5 м.

Өркениет – «өркен жаю, даму» деген сөздермен байланысты. «Алға ұмтылып, даму, жаңалықтарға қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.

 

ӨРНЕК КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – В.Чкалов көшесі. Жерұйық көшесінен басталып, Ш.Бөкеев, 8 наурыз көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 395,6 м.

Өрнек – оюдың бір түрі. Өрнек негізінен зерлеу, дәнекерлеу, қақтау, қалыптау, құю, соқпалау, термелеу, әдістері арқылы жасалады. Қазақстанның бірнеше облыстарында елді мекен аттарында кездеседі.

 

ӨРІС КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Узорный көшесі. Романтиктер көшесінен  басталып,  А.Тоқпанов  көшесінде  аяқталады. Ұзындығы -119,5 м.

Өріс атауына байланысты қазақта «Өрісің кеңейсін», «Қыз өссе – өрісің» деген нақыл сөздер қалған.

 

П.СЕМЕНОВ-ТЯНЬ-ШАНСКИЙ КӨШЕСІ

Құсжолы көшесінен басталады. Ұзындығы – 122,1 м.

Петр Петрович Семенов-Тянь-Шанский (1827-1914) – географ, саяхатшы, Жетісу өңірін зерттеуші.

 

ПАРИЖ КОММУНАСЫ КӨШЕСІ

Қарасай батыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 110,3 м.

Париж коммунасы – Францияда 1871 жылы орнаған төңкерісшіл үкіметтің атауы.

 

ПЕРВОМАЙСКИЙ КӨШЕСІ

Ұзындығы – 332,8 м.

Первомайский – 1 мамыр мерекесінің құрметіне қойылған атау.

 

ПИОНЕРСКИЙ КӨШЕСІ

Абай даңғылын, Т.Бигелдинов көшесін қиып өтіп, Кенесары көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 600,2 м.

Пионер – қоғамдық-әлеуметтік салада алғаш болып із салған адамға немесе адамдар тобына айтылады.

 

ПРИДОРОЖНЫЙ КӨШЕСІ

Көктал көшесінен басталып, Құс жолы көшесінде   аяқталады.

Придорожная – жолдың жаны дегенді білдіреді.

 

Р.ЗОРГЕ КӨШЕСІ

Ж.Шанин көшесінен басталып, Қалқаман көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 283,2 м.

Рихард Зорге (1895-1944) – барлаушы, Кеңес Одағының Батыры

 

РАМАЗАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. Республика даңғылынан Ш.Иманбаева көшесіне дейін М.Ғабдуллин, Р.Қошқарбаев көшелерімен қиылысып, Ш.Уәлиханов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 748 м.

Рамазан – мұсылманның ай есебі бойынша тоғызыншы ай, қасиетті ораза айы. Осы айда Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) алғаш Құран аяттары түсіп, пайғамбарлығы аян болған. Бұл оқиға Рамазан айының 27-і күні болған деп белгіленіп, мұсылмандар дәстүрінде осы түнді Қыдыр түні ретінде атап өтеді.

 

РЕЧНОЙ КӨШЕСІ

Республика даңғылынан басталып, А.Бараев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 517,9 м.

Речной – өзен алабы.

 

РОДНИКОВЫЙ КӨШЕСІ

Құлагер  көшесінен  басталады.  Ұзындығы – 430,5 м.

Родниковый – қайнар, бұлақтың бастауы.

 

РОМАНТИКТЕР КӨШЕСІ

Өлеңті көшесінен басталып, Өріс көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 282 м.

Романтиктер – арманшыл, қиялшыл дегенді білдіретін атау.

 

САБЫР РАҚЫМОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы    атауы  -  Р.Қошқарбаев    көшесі.   Рамазан  көшесінен  Кенесары көшесіне дейін келіп, С.Сейфуллин көшесінен қайта басталады. А.Иманов, Ә.Жангелдин көшелерін және Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1633,3 м.

Сабыр Омарұлы Рахимов (1902-1945) – әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес Одағының батыры.

Бұл көшеде Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мұсылман мешіті, «Ажар» сауда орталығы орналасқан.

 

САДОВЫЙ КӨШЕСІ

С.Сейфуллин көшесімен қиылысып, Қарағанды көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 302,3 м.

Садовый – бау-бақшалы деген ұғымды білдіреді.

 

САЛБУРЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №19 көше. Мұхамет-Салық Бабажанов көшесін қиып, Әміре Қашаубаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 300,0 м.

Салбурын – аңшы, саятшылардың топталып, бірнеше күнге аң аулауға шығуы, яғни топтық аң аулау.

 

CАРАЙШЫҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – 12-көше. Сарайшық көшесі Б.Момышұлы даңғылынан басталып, Тұран даңғылында аяқталады. Х.Досмұхамедұлы,  Қараөткел  көшелерін  қиып  өтеді.         Ұзындығы – 2409,8 м.

Сарайшық – ортағасырлық тарихи қала. Атырау қаласының маңында, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Еуропа мен Азияны қақ бөліп жатқан Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан Сарайшық шаһарының іргесі Алтын Орда тұсында қаланған болатын. Оны Шыңғыс ханның немересі, Жошының баласы Бату хан салдырғаны туралы Әбілғазы хан шежіресінде жазылған. Еуропадан шығып, Еділдегі Алтын Орданың астанасы Бату Сарайы арқылы Хорезмге, одан әрі Қытай, Үндістанға баратын трансконтинентальды керуен жолы Сарайшықты басып өтетін. Сол жолдың бағыты жайлы бізге көптеген көпестер мен саяхатшылар қалдырған деректер жетті. Сарайшықта Алтын Орданың бірнеше хандары және басқа да тарихи тұлғалар жерленген. Солардың арасында Мөңке-Teмip, Тоқтай, Жәнібек,  Бердібек хандар бар. Шаһар бірсыпыра уақыт арасында Қазақ хандығының батыстағы астанасы міндетін де атқарған. Өмірінің соңында Сарайшықта тұрған қазақтың әйгілі ханы Қасым да осы шаһарда жерленген деп айтылады. Кейіннен Ноғай ордасының орталығы болған шаһар.

Бұл көшеде шетелдік елшілік ғимараттары орналасқан.

 

САРГҮЛ КӨШЕСІ

А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 363,7 м.

Саргүл – Қазақстанның Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында  кездесетін гүл.

 

САРЖАЙЛАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Степной көшесі. Төңкеріс,   Қ.Кемеңгерұлы көшелерімен   қиылысып,   Өндіріс  көшесінде  аяқталады. Ұзындығы – 1333,2 м.

Саржайлау – жайлау аты. «Кең жайлау» мағынасындағы атау. «Саржайлау» атауына байланысты бірнеше музыкалық шығармалар бар.

 

САРҚАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №33 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Сұлутөбе көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 821,5 м.

Сарқан – Алматы облысындағы аудан, қала.

 

САРТҮБЕК КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Павлодар көшесі. А.Матросов көшесінен басталып, Бектау, Құсжолы, Үшқоңыр көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 884,5 м.

Сартүбек – түбектің түсіне, яғни «сарғайған, сарғыш түбек» деген мағынаға байланысты қойылған көне атау.

 

САРЫАҒАШ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №8 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ұлытау көшесінен  басталып,  Тарбағатай  көшесінде  аяқталады. Ұзындығы-149,6м.

Сарыағаш – қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының орталығы. Сондай-ақ бұл жерде «Сарыағаш» шипажайы орналасқан.

 

САРЫБҰЛАҚ КӨШЕСІ

Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Мәскеу көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 585,9 м.

Сарыбұлақ – өзен, суға байланысты қойылатын атау. Қазақстанның бірқатар жерлерінде кездеседі.

 

САРЫЖАЗЫҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 95 көше. «Саяжай» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 398,7 м.

Сарыжазық  – жер атауы.

 

САРЫКӨЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 54 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ).  Сарыкөл көшесі Балқантау көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде  аяқталады.  Таскескен  көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 321,1 м.

Сарыкөл – географиялық ұғым, Сарыкөл сөзіне байланысты көл, су, тоғай, т.б. атаулар кездеседі.

 

САРЫҚҰМ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Калужский көшесі. Тайбурыл, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 247 м.

Сарықұм – Қарағанды облысындағы Сарыарқаның оңтүстігіндегі құмды алқап.

 

САРЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №110 көше. Қордай көшесінен басталып, Көкжелек көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1242,4 м.

Сарын  – дәстүрлі атау. Әдетте бұл атау музыкалық шығармаларға қатысты қолданылады. Сондай-ақ, қазіргі кезде әдебиетке, жалпы өнерге қатысты қолданылып жүр.

 

САРЫӨЗЕК КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Элеваторный көшесі. И.Гёте көшесі мен Республика даңғылының қиылысқан жерінен басталады.     Ұзындығы – 173,6 м.

Сарыөзек – жер атауына қатысты ұғым. Алматы облысындағы кент, теміржол стансасы.

 

САРЫӨЗЕН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №15 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1081,2 м.

Сарыөзен – су атауына байланысты қойылады. Қазақстанда осы аттас бірнеше өзен бар.

 

САРЫСУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы Балочный көшесі. В.Вишневский көшесінен басталып, Анар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 895,5 м.

Сарысу – Жамбыл облысындағы өзен, аудан атауы.

 

 

 

САРЫТОҒАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Советский көшесі. Ж.Жабаев көшесінен басталып, В.Маяковский көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 278,9м.

Сарытоғай – ағаш жапырағының түсіне байланысты берілген атау. «Сарыжапырақты тоғай» деген ұғымды береді.

 

САУМАЛКӨЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №35 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ұлытау көшесінен  басталып, Баршын  көшесінде  аяқталады.        Ұзындығы – 292м.

Саумалкөл – «жазда жайлы, қыста құтты көл» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас Қазақстанда бірнеше көл аттары бар.

 

САУРАН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №78 көше. Сығанақ, Алматы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5666,9 м.

Сауран – ортағасырлық қала. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың көлемі солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай – 800 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай – 550 м. Сауран қаласы жазба деректерде X ғасырдан бастап кездеседі.

Бұл көшеде Есіл аудандық әкімдігі орналасқан.

 

СӘБИТ МҰҚАНОВ КӨШЕСІ

Қалқаман көшесінен басталады. Ұзындығы – 160,9 м.

Сәбит Мұқанов (1900-1973) – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, академик.  «Ботагөз», «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз», «Өмір мектебі», «Сырдария» романдарын және драматургия саласында «Шоқан Уәлиханов», «Қашқар қызы», «Сәкен Сейфуллин» пьесаларымен көптеген өлеңдері, дастандары бар.

 

С.КУБРИН КӨШЕСІ

І Алматы  көшесінен  басталып,  Сарыарқа  даңғылында аяқталады.

С.Кубрин – ХХ   ғасыр   басындағы   Ақмоланың   белгілі   көпесі.

 

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН КӨШЕСІ

К.Күмісбеков көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Бейбітшілік, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді.                       Ұзындығы – 4166,2 м.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) – мемлекет және қоғам қайраткері. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. «Бірлік» ұйымы басшыларының бірі болды. 1914 жылы Қазанда «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы шықты. «Домбыра», «Экспресс», «Көкшетау», «Қызыл ат», «Альбатрос», «Аққудың айырылуы», «Сыр сандық», т.б. өлеңдер мен поэмалардың авторы.

Бұл көшеде С.Сейфуллиннің мұражайы мен ескерткіші, ҚР Бас прокуратурасы, қазақ-түрік лицейі орналасқан.

 

8 НАУРЫЗ КӨШЕСІ

Жерұйық көшесінен басталып, Ш.Бөкеев, Өрнек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 484 м.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құрметіне қойылған атау.

 

СЕЙІТҚАЛИ МЕҢДЕШЕВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы Южный көшесі. Қ.Тұрысов көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 787,2 м.

Сейітқали Меңдешев (1882-1937) – мемлекет және қоғам қайраткері, ҚазАКСР ОАК төрағасы.

 

СЕКСЕК АТА КӨШЕСІ

Бұрынғы    атауы    №2   көше.   Айғыржал   көшесінен   басталып,   Бекзат Саттарханов көшесін қиып, Сырым батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 667,1 м.

Сексек ата  – қазақтың дәстүрлі дүниетанымында ешкі малының пірі.

 

СЕМЕН ЧЕЛЮСКИН КӨШЕСІ

Шығанақ көшесінен басталып, С.Сейфуллин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1243,1 м.

Семен Челюскин (1700-1760) – орыс зерттеушісі, теңіз офицері.

 

СЕРПЕР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №40-16 көше. Қадырғали Жалайыри көшесінен басталады. Ұзындығы – 595,9 м.

Серпер – күй атауы.

 

СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №79 көше. Мұрын жырау, Жасыбай көшелерімен қиылысып, Үмбетей жырау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1249,1 м.

Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) – қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы, сыншы. Алаш қозғалысына қатысушы. «Күміс қоңырау», «Күлпәш», «Салмақбай, Сағындық», т.б. шығармалары бар.

 

СОВРЕМЕННИКТЕР КӨШЕСІ

Романтиктер көшесінен басталып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 144,2 м.

Современниктер деген сөз «замандастар» деген ұғымды білдіреді.

 

СОЛНЕЧНЫЙ КӨШЕСІ

Қараөткел көшесінде аяқталады.  Ұзындығы-200,2 м.

Солнечный – «шуақты» немесе «жаймашуақ» деген ұғымды білдіреді.

 

СОНАР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы № 12-58 көше. Болашақ көшесінен басталып, Кербезқыз көшесін қиып өтеді. Мұрат Мөңкеұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 330 м.

Сонар – жаңа жауған, әлі із түспеген алғашқы соны қарда саятқа шығу. Сонар бірнеше түрге бөлінеді.

 

СТЕПАН РАЗИН КӨШЕСІ

С.Разин көшесі Сарыбұлақ, Берел, Бекетай көшелерімен және Шідерті орамымен қиылысады. Ұзындығы – 1259,4 м.

Степан Разин (1630-1671) – Ресейдегі шаруалар көтерілісінің жетекшісі.

 

СУСАМЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – М.Лунин көшесі. И.Крылов қысқа көшесінен басталып, Өзен көшесінде аяқталады.  Ұзындығы – 767,6 м.

«Сусамыр» – Жамбыл облысындағы жайлау атауы. Атауға байланысты қазақтың халық әні бар.

 

СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНҰЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – В.Терешкова көшесі. Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Лесной көшесімен қиылысады.       Ұзындығы – 1437,6 м.

Сұлтанбек Қожанұлы (1894-1938) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. 1917 жылы көктемде Ташкентте М.Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге «Бірлік туы» газетін шығарды. Мектепке арналған «Есептану құралы» оқулығы мен «Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына» атты кітаптары шықты.

 

         СҰЛТАНБЕК ҚОЖАХМЕТОВ КӨШЕСІ

К.Байсейітова  көшесінен  басталып,  С.Мұхамеджанов  көшесінде аяқталады.  Ш.Бейсекова,  Оқжетпес көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1261,3 м.

Сұлтанбек Қожахметов – металлург, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. Негізгі еңбектері түсті металлургияға қатысты. Мыс пен қорғасын өндірудің жаңа технологияларын тауып, жүзеге асырған. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

         СҰЛТАНМАХМҰТ Торайғыров көшесі

Кенесары көшесінен Отырар көшесіне дейін және Ж.Омаров көшесінен басталып, Бөгенбай батыр даңғылына дейін созылып жатыр. С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы –  1704,5 м.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – ақын-ағартушы.  1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылы «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме мақалаларын осы журналда жариялайды. «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Алаш ұраны» өлеңдерін, «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді.

        

СҰЛУКӨЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы   атауы   –   Олимпийский  көшесі.  Болашақ  көшесінен  басталып, Ардагерлер көшесінде аяқталады. Алмалық көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 828,6 м.

Сұлукөл – көл аты. Көлдің ғажаптығына,  сұлулығына байланысты қойылған атау. Еліміздің бірнеше жерлерінде Сұлукөл атты көлдер кездеседі.

 

 

 

 

СҰЛУТӨБЕ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  №34  көше.  Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Қордай көшесінде аяқталады Ұзындығы – 638,4 м.

Сұлутөбе – шоқы, жота, төбелердің көркемдігіне, әсемдігіне байланысты қойылған атау. Бірнеше өңірлерде осы аттас жерлер бар.

 

СҰЛУТӨР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №36-12 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Атырау көшесінен басталып, Имантау, Арна көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 621,3 м.

«Сұлутөр» – Жамбыл облысындағы жайлаудың атауы.

 

СҮГІР ӘЛІҰЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – А.Даргомыжский көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады.                       Ұзындығы – 541,7 м.

Сүгір Әліұлы (1882-1961) – күйші-композитор. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. «Телқоңыр», «Бесік жыры», «Шалқыма», «Ыңғай көк», «Қосбасар», «Бес жорға», «Балбырауын», «Кер толғау», «Желдірме», «Назқоңыр», «Бозінген», т.б. күйлері тағдыр жайлы тереңнен сыр шертеді. Сүгір домбырада оң бұраумен қатар, теріс бұрауды да пайдаланған әрі төкпе күймен шертпе күйдің үздік шебері болған. Ол домбыра үнін қобыз үніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген.

 

СҮЙІНБАЙ АҚЫН КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы №81 көше. Н.Тілендиев көшесінен басталып, Абайдың 150 жылдығы, Жаһанша Сейдалин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы –  4546,5 м.

Сүйінбай  Аронұлы – ұлы ақын, айтыскер,  жыршы. Оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Қарасай батыр» атты дастандарында қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың ерлігі кеңінен бейнеленеді. Сүйінбайдың өлең-толғауларында заман шындығы, әлеумет өмірі аса көркем шыншылдықпен суреттелген. Қырғыз ақыны Қатағанмен айтысы ұлттық әдебиетіміздің ең таңдаулы шығармаларының қатарынан орын алады.

 

СЫПАТАЙ БАТЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы   атауы  №62  көше.  Жанқожа  батыр көшесінен басталып, Үкілі Ыбырай көшесін қиып өтіп, Жұмабай Шаяхметов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 580,0 м.

Сыпатай Әлібекұлы (1837-1899) – ұлт-азаттық қозғалыстың қолбасшысы, батыры. Сыпатай батыр – ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, ортасында қоқандықтардың езгісіне қарсы күрескен батыр.

 

СЫПЫРА ЖЫРАУ КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы №34 көше. Уәлитхан Танашев көшесінен басталып, Смағұл Сәдуақасов көшесін қиып өтеді.                  Ұзындығы – 792,9 м.

Сыпыра жырау – ХІV-ХV ғасырларда өмір сүрген атақты жырау. «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты», т.б. өлең-жырлары бар.

 

СЫРДАРИЯ КӨШЕСІ

Ж.Омаров көшесінен басталып, Күлтегін орамында аяқталады. С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин көшелерімен қиылысады.      Ұзындығы–1204,8 м.

Сырдария – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы ірі өзен.

 

СЫРЫМ БАТЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №44 көше. Доспамбет жырау, Батыр Баян көшесімен қиылысып, Уәлитхан Танашев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3671,0 м.

Сырым  Датұлы (1723-1802) – ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, батыр, би, шешен. Кіші жүздегі патшалы Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыста Сырым батырдың орны айрықша. Ол 1783-1797 жылдар аралығында орыс әскеріне қарсы көптеген жорықтар ұйымдастырған. Бұл жорықтар тарих ғылымында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» деген атаумен қалды. Сырымның шешендік сөздері өзінің тереңдігімен, көркемдігімен ерекшеленіп, ұлттық шешендік өнердің айрықша үлгілері ретінде бағаланады.  

 

ТАЙЫР ЖАРОКОВ КӨШЕСІ

А.Герцен көшесінен басталып, Оқжетпес көшесін қиып өтіп, Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы –  572,3 м.

Тайыр Жароков (1908-1965) – белгілі ақын. «Тасқын», «Тасқынға тосқын», «Күн тіл қатты» т.б. шығармалардың авторы.

 

 

 

ТАЛАПКЕР КӨШЕСІ

Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Қарталы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 988 м.

Талапкер – Ақмола облысындағы ауыл атауы.

 

ТАЛҒАР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №44 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қарасаз көшесінен басталып, Қордай көшесінде аяқталады. Ұзындығы-2394,9 м.

Талғар – Алматы облысындағы аудан, қала атауы, Іле Алатауының ең биік шыңы – Талғар шыңы деп аталады.

 

ТАЛҒАР КӨШЕСІ

Ақсеңгір көшесінен басталады, Игілік көшесін қиып өтеді. «Өндіріс-1» тұрғын алабы.

 

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ КӨШЕСІ

К.Күмісбеков  көшесінен  басталып,  Бейбітшілік  көшесінде аяқталады.   Сарыарқа,    Жеңіс    даңғылдарын    қиып    өтеді.  Ұзындығы – 2056,2 м.

Талғат Бигелдинов (1922 ж.т.) – даңқты ұшқыш, авиация генерал майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған бірден-бір қазақ. Украина, Курск, Ясско-Кишинев, Берлин және Париж маңындағы 15 топтық шайқасқа қатысып, бір өзі жаудың 7 ұшағын қиратқан. Ленин орденімен, жауынгерлік Қызыл Туы орденімен екі рет марапатталған. Александр Невскийдің және Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерінің, Қызыл Ту орденінің иегері.

         Бұл көшеде М.Горький атындағы орыс драма театры, «Астана-Финанс» лизингтік компаниясы, «Алтын Дала» қонақүйі орналасқан.

 

ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ  КӨШЕСІ

М.Горький көшесінен басталып, Ә.Әлімжанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 377,5 м.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (1951 ж.т.) – қазақтан шыққан екінші ғарышкер. 1994 жылдың 1 шілде – 4 қараша аралығында «СоюзТМ-27» ғарыш кемесінің борт инженері ретінде ғарыш кеңістігіне шықты. Екінші рет 1998 жылы ғарыш кемесі экипажының командирі, үшінші рет 2001 жылы экспедициясының командирі ретінде ғарышқа ұшқан. Қазақстанның «Халық қаһарманы», Ресей Федерациясының қаһарманы.

 

 

ТАМШАЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – А.Беляков көшесі. Атакент орамынан басталып, Д.Карбышев көшесіне дейін және М.Дулатов көшесінен қайта басталады. Ұзындығы – 1441,5 м.

Тамшалы – Маңғыстау облысындағы ерекше және тарихи жер. Маңызды нысан ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.

 

ТАҢБАЛЫТАС КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №76 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Тұран даңғылынан басталып, Аягөз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423,5 м.

Таңбалытас – таулы жердегі жартастарға, үңгір қабырғаларына немесе жеке бір тастарға шекіліп, таңбаланған суреттер мен белгілер.

        

ТАҢЖАРЫҚ ЖОЛДЫҰЛЫ КӨШЕСІ 

Бұрынғы  атауы  №12-6  көше.  Сұлама   орамымен   қиылысады. Ұзындығы – 573,2 м.

Таңжарық Жолдыұлы (1903-1947) – шетелдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, ағартушы. «Жастарыма», «Елмен, жермен қоштасу», «Ақын сыры», т.б. шығармалары бар.

 

ТАРАЗ КӨШЕСІ

Жәнібек  тархан көшесінен басталып, М.Лермонтов көшесінде аяқталады, Кенесары, Абай даңғылын, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1765,6 м.

Тараз – Талас өзенінің бойындағы ежелгі қала. Қазіргі кезде Жамбыл облысының орталығы. Қалада тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі дамыған. Қаланың батыс және оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдері, ал оңтүстігі мен шығысында Талас Алатауы орналасқан. 2000 жылы ЮНЕСКО көлемінде Тараз қаласының  2000 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

 

ТАРАС ШЕВЧЕНКО КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 103 көше. Кенесары көшесінен басталып, Колхозный, Некрасов көшелерін қиып өтіп, Сарыарқа даңғылында аяқталады.

Тарас Шевченко (1814-1861) – украин ақыны, суретші. Маңғыстауға жер аударылған жылдары 20-ға жуық повесть, 100-деп астам өлең, 500-ге тарта сурет салды. Ол «Түс», «Тәңірінің қолында еді балта» өлеңдерінде, «Егіз», «Варнак», «Бақытсыз» повестерінде жергілікті қазақтардың өмір салтын арқау еткен.

 

ТАРБАҒАТАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 7 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Наурыз көшесінен басталып, Тастақ көшесінде аяқталады.                         Ұзындығы – 777 м.

Тарбағатай – Шығыс Қазақстан облысындағы тау.

 

ТАСКЕСКЕН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 40 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Таскескен көшесі Обаған көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2314 м.

Таскескен – Шығыс Қазақстан облысындағы кент.

 

ТАСҚҰДЫҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Троицкий көшесі. Тасқұдық көшесі Ақшағыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 131,9 м.

Тасқұдық – тастан жасалған құдыққа байланысты туған атау. Осы аттас елдімекендер де кездеседі.

 

ТАСТАҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №30 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Тарбағатай көшесінен басталып, Қарасу көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 311,2 м.

Тастақ – «тас араласқан, тасы көп» деген мағынаны білдіреді.

 

ТАУКЕНТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №188 көше. Малайсары батыр көшесінен басталып, Уәлитхан Танашев көшесін қиып, Смағұл Сәдуақасов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 130,3 м.

Таукент – Қазақстанның кейбір өңірлерінде кездесетін жер-су атауы.

 

ТАХА ХУСЕЙН КӨШЕСІ

А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 684,5 м.

Таха Хусейн (1889-1973) – араб жазушысы, әдебиеттанушысы, тарихшысы (Египет). Мысырдағы араб тілі академиясының президенті. Бірнеше реалистік повестердің авторы.

 

ТАШКЕНТ КӨШЕСІ

Ашхабад көшесінен басталып, Т.Шонанұлы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 381,1 м.

Ташкент – ежелгі Жібек жолының бойында орналасқан қала. 1918-1924 жылдар аралығында Түркістан АКСР-нің астанасы болды. Ташкентте қазақтың «Бірлік туы», «Ақ жол» секілді бірқатар басылымдары жарық көрген.

 

ТӘТТІМБЕТ КӨШЕСІ

Боталы көшесінен басталып, С.Кубрин көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 852 м.

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) – қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Тәттімбет қырықтан аса күй шығарған. «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Терісқақпай», «Бес төре», т.б. күйлердің авторы.

 

ТЕКЕС КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №189 көше. Батыр Баян көшесінен басталып, Махамбет батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 107,3 м.

Текес  –  Алматы облысы, Райымбек ауданындағы өзен, ауыл.

 

ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Самарқанд көшесі. Ташкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1346,7 м.

Телжан Шонанұлы (1894-1938) – қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, аудармашы, тілші ғалым. 1908-1912 жылдары Ырғыздағы орыс-қазақ училищесінде, 1912-1916 жылдар аралығында Орынбордағы қазақ мұғалімдер институтында оқыған. Т.Шонанұлы ұлттық автономия жолында күрес жүргізген Алаш қайраткерлерінің қатарында болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ сиезінде Алашорда үкіметі жанынан құрылған оқу комиссиясының құрамына енгізілді. Т.Шонанұлы 1923-37 жылдар аралығында 32 оқулық, кітап, 72 мақала жазған.

 

ТЕЛҚОҢЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 36-8 көше. Шарбақкөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 609,1 м.

Телқоңыр – Сүгір Әлиұлының күйі.

 

ТЕМІРҚАЗЫҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Космонавтиканың 30 жылдығы көшесі. Космонавтар көшесінен басталып, Қараөткел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 852,6 м.

Темірқазық – Кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Қазақ халқы Темірқазық жұлдызы арқылы бағыт-бағдарын дәл анықтап отырған.

 

ТЕҢІЗ КӨШЕСІ

Г.Әлиев көшесінен  басталып,  Алпамыс  көшесінде  аяқталады. Ұзындығы – 163,3 м.

Теңіз – Ақмола облысындағы көл.

 

ТОБЫЛҒЫСАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Новолунный көшесі. Мирный көшесінен басталып, Арай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 243 м.

Тобылғысай – тобылғы мол өскен сай.

 

ТОҚТАР ӘУБӘКІРОВ КӨШЕСІ

М.Горький көшесінен басталып, Ә.Әлімжанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 393,8 м.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Техника ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері. Авиация генерал-майоры. Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшқан.

 

ТОЛАҒАЙ КӨШЕСІ

Мирный көшесінен басталып, Н.Оңдасынов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 495,8 м.

«Толағай» – халық аңызы, аңыздың бас кейіпкері.

 

ТОРҒАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №22 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ұлытау көшесінен басталып, Жарқайың көшесінде аяқталады. Ордабасы, Маятас көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 410,9 м.

Торғай – Қостанай облысындағы аудан орталығы, тарихи өңір.

 

ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ КӨШЕСІ

Ю.Малахов  көшесінен басталып,  Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1311,1 м.

Төлеген Тоқтаров (1920-1942) – Кеңес Одағының Батыры. Т.Тоқтаров 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында болды.

 

 

 

ТӨҢКЕРІС КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Танкерисский көшесі. Шиелі көшесімен қиылысып, Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 642 м.

Төңкеріс – тарихи, әлеуметтік ұғым, ол бір билеуші топты екінші топтың күшпен құлатып, үстемдікті өз қолына алуы деген мағынаны білдіреді.

 

ТҰМАР ХАНЫМ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №174 көше. «Комсомольский» тұрғын алабыАқбаян көшесінен басталып, Баян сұлу көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1268,7 м.

Тұмар ханым (шамамен б.з.б. 570-518) – әйгілі сақ-массагет патшасы. II Кирмен соғысып, жеңіске жеткен.

 

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №30 көше. Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Түркістан, Орынбор көшелерін қиып өтеді.                   Ұзындығы – 2500 м.

Тұрар Рысқұлов (1894-1938) – аса көрнекті мемлекет қайраткері. Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектебінде оқыған. 1910 жылы Т.Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша үздік бітірген. 1918 жылы қыркүйекте АКСР-нің Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалады.  1920 жылы 21 қаңтарда Т.Рысқұлов Түркістан АКСР-і ОАК-нің төрағасы болып сайланады.

 

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІ

Жеңіс даңғылынан басталып, Ә.Бөкейхан көшесінде аяқталады. Желтоқсан көшесімен қиылысады.

Ұзындығы – 604,6 м.

 

ТҮЛКІБАС КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №29 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Сұлутөбе көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 821,5 м.

Түлкібас – Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан.

 

 

 

ТҮРКІСТАН КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  №34 көше.  Сарайшық  көшесінен  басталып, Тәуелсіздік, Достық, Сығанақ, Алматы  көшелерін  қиып  өтеді. Ұзындығы – 6554,5 м.

Түркістан (Иасы) – Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи қала, аудан. Түркістан – «түркі елі» дегенді білдіреді. Сырдария өзенінің оң жағалауы мен Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Түркістанның көркі мен мәртебесі – түркі әлемінің ғұламасы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі. 2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді. Қазіргі кезде Түркістан қаласы мәдени жағынан да, әлеуметтік жағынан да өсу үстінде.

Бұл көшеде «Бәйтерек» алаңы, «Астаналық» бизнес орталығы, «Француз кварталы» тұрғын үй кешені орналасқан.

 

УӘЛИТХАН ТАНАШЕВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №40 көше. Малайсары батыр көшесінен басталып, Мәди, Әбілхан Қастеев көшелерін қиып, Үмбетей жырау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1095, 0 м.

Уәлитхан Танашев (1887-1968) – Алаш қозғалысының қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі. Қазан университетін бітірген. 1917 жылы Торғай облысы қазақтарының сиезінде төралқа төрағасының орынбасары, Оралда өткен Бөкей қазақтарының сиезінде төралқа төрағалығына сайланған. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Екінші жалпықазақ сиезінде Алашорда үкіметінің министрі болып бекітілді. Батыс Алашорда жетекшілерінің бірі.

 

УЗКИЙ КӨШЕСІ

Узкий көшесі Желтоқсан көшесінен басталады.                      Ұзындығы – 318,2 м.

Узкий – «тар, енсіз көше» деген мағынаны білдіреді.

 

УЛЬЯНА ГРОМОВА КӨШЕСІ

Абай даңғылынан басталып, Изобильный қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 239,6 м.

Ульяна Громова (1924-1943) –  Кеңес Одағының Батыры.

 

ҰЛАНБЕЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Пекарня көшесі. Ұланбел көшесі Қарасай батыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 192,6 м.

Ұланбел – топонимикалық атау.

 

ҰЛБИКЕ АҚЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы –  № 136  көше.  «Комсомольский»  тұрғын  алабы. Тұран даңғылынан басталып,  Айғаным  көшесінде  аяқталады.  Ұзындығы – 397,8 м.

Ұлбике Жангелдіқызы – айтыс ақыны, әнші, домбырашы. Ізтілеу, Серәліқожа, Майлықожа, Мәделіқожа, Таспа ақындармен айтысқан. Күдеріқожамен айтысы оның есімін елге танытты.

 

ҰЛЫТАУ КӨШЕСІ

Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Арқалық, Қайнар, Наурыз, көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы –    3458,2 м.

Ұлытау – қасиетті жер, қазақ бірлігінің бастауы болып аталып келген. Әйгілі Тәуке ханды үш жүздің өкілдері Ұлытауда хан сайлаған. Абылай ханның ордасы Ұлытауда болған. Әбілқайыр хан, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Бөгенбай, Қабанбай, т.б. тарихи тұлғалардың өмірлері Ұлытаумен тікелей байланысты.

 

ҰМАЙ АНА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №173 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қорғалжын тасжолынан басталып, Қарашаш ана көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 935,2 м.

Ұмай ана – ертедегі Ұлы Даланы мекендеген түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушысы, береке-молшылық тәңірісі.

 

ҰШҚЫШТАР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Ю.Гагарин көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Ұшқыштар көшесі Аққұм көшесінен басталады. Ұзындығы –  206,5 м.

«Ұшқыштар» – ұшқыштардың құрметіне қойылған көше аты.

 

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №11 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Сыпатай батыр, Махамбет батыр көшелерін қиып, Айғыржал көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3087,7 м.

Ыбырай Сандыбайұлы (1860-1930) – көрнекті композитор, белгілі әнші, ақын импровизатор. «Гәкку», «Арай», «Желдірме», т.б. әндері бар.

 

ҮЛКЕН КӨШЕСІ

Алпамыс көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 120,7 м.

«Үлкен» – заттың, құбылыстың көлемі жағынан аумақты, зор, ірі екендігін білдіретін сөз.

 

ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №81 көше. Доспамбет жырау көшесінен басталып, Исатай батыр көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 5293,2 м.

Үмбетей Тілеуұлы (1697-1786) – жыраулық поэзияның көрнекті өкілі. Үмбетей жырау шығармаларының басты тақырыбы елдің тәуелсіздігі, халықтың бірлігі мен ынтымағы. «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бөгембай өліміне», т.б. толғаулары бар.

 

ҮСТІРТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – М.Кольцов көшесі. Сусамыр, Шиелі көшелерін қиып өтіп, Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 560,6 м.

Үстірт – батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Үстірт арқары, Үстірт ескерткіштері, Үстірт қорығы бар.

 

ҮШКӨПІР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Строительный көшесі. Еңбекшілер көшесінен басталып, Жиделі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 373,5 м.

Үшкөпір – Қазақстанның  кейбір жерлерінде кездесетін елді мекен атауы. Үш (сан есім) + көпір (зат есім) сөздерінен құралған.

 

ҮШКҮЛТАЙ СУБХАНБЕРДИНА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №90 көше. Бурабай көшесінен басталып, Жайық, Еділ көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1072,1 м.

Үшкүлтай Субханбердина (1927-1964) – ғалым, белгілі алаштанушы, библиограф.

 

ҮШҚАРА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Клубный көшесі. Үшқара көшесі Конституция көшесінен басталып, Бұланты көшесімен қиылысады.                    Ұзындығы – 259,1 м.

Үшқара – Қазақстанда жота, қоныс, тау аттарында кездеседі. Алматы облысындағы Сораяқкөл көлінің оңтүстік батысында, Қаратал ауданында орналасқан.

 

ҮШҚИЯН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Д.Мануильский көшесі. Жәнібек тархан көшесінен басталып, Баянауыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 448 м.

Үшқиян – Қазақстанның батысындағы өңірлердің атауы. Мұрат Мөңкеұлының шеберлігін танытқан «Үш қиян» атты шығармасы бар. Бұл – отаршылдықты әшкерелеген ақынның өз қоғамына көзқарасын бейнелеген поэма-толғауы.

 

ҮШҚОҢЫР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – З.Космодемьянская көшесі. Ақсеңгір көшесі мен Тайбурыл көшесінің қиылысқан жерінен басталып, Сартүбек, Ақжелкен, Өндіріс көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1659,5 м.

Үшқоңыр – Алматы облысы, Қарасай ауданындағы жоталы қоныс. Батысында Ұзынқарғалы, шығысында Шамалған өзендері ағып өтеді.

 

ҮШТӨБЕ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №37 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 375,4 м.

Үштөбе – Алматы облысы Қаратал ауданының  орталығы, қала, теміржол стансасы.

 

ФАХД БЕН АБДУЛЛ АЗИЗ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Вагонный көшесі. Фахд бен Абдулл Азиз көшесі Мұзтау көшесінен басталып, Ақан сері көшесінде аяқталады. С.Мұхамеджанов, Ш.Бейсекова, А.Байтұрсынұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1489,2 м.

Фахд бен Абдулл Азиз-Фахд ибн аль-Абдулл ас-Сауд  -  Сауд Арабияның королі.

 

Ф.ШУБИН КӨШЕСІ

Оқжетпес көшесі, Атакент орамымен қиылысып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 449,3 м.

Федор Кузьмич Шубин – орыс офицері, ХІХ ғасырдың І жартысында Аманқарағай, Құсмұрын, Атбасар сыртқы округтарын ашуға атсалысқан.

 

ХАЙРЕТДИН БОЛҒАНБАЕВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 114 көше. Егінді, Көкжиде, Ашутас орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 885,4 м.

Хайретдин Болғанбаев (1893-1937) – Алаш қозғалысының қайраткері, көсемсөзші. Бірінші және Екінші жалпықазақ сиездеріне қатысқан. Түркістан автономиясын құруға атсалысқан. Ақмолада Алаш комитетін құруда белсенділік танытқан. 1917-1918 жылдары Мұстафа Шоқай, Сұлтанбек Қожановпен бірлесіп, «Бірлік туы» газетін жарыққа шығарды. 1921 жылы Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлының тапсырмасымен А.З.Валиди Тоғаймен кездесті. Ұлт тағдыры және руханият мәселелеріне арналған бірқатар еңбектері бар.

 

ХАЛЕЛ ҒАББАСОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 12-49 көше. Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 1039,7 м.

Халел Ғаббасов (1888-1931) – Алаш қозғалысының қайраткері. 1910 жылы Мәскеу университеті заң факультетінің студенті, 1911 жылы студенттер толқуына қатысқаны үшін оқудан шығарылады. Осы жылы сол университеттің физика-математика факультетіне түсіп, алтын медальмен бітіріп шығады. Бірінші жалпықазақ сиезінде Бүкілресейлік құрылтайға ұсынылған. 1917 жылдың қазанынан Семей облыстық Алаш партиясы комитетінің төрағасы болды. Екінші жалпықазақ сиезінде Алаш милициясын құру туралы баяндама жасаған. Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланған.

 

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Перспективный көшесі. «Шұбар» тұрғын алабы. Атасу көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1089,8 м.

Халел Досмұхамедұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, Батыс Алашорданың төрағасы, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 жылы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітірген. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында жалпықазақ сиездерін ұйымдастырып, оны өткізуге атсалысты. 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ сиезінде жарияланған Алашорда үкіметінің – Ұлт Кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер – халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құру ісіне күш салды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай – Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.

ХАНТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы      атауы   –    №4  көше.        Оңтүстік-Шығыс    тұрғын   алабы.   Ғ.Мұстафин   көшесінен   басталып,    Еділ   көшесінде   аяқталады.  Ұзындығы – 1645,7 м.

Хантау – Жамбыл облысы, Мойынқұм, Шу аудандары жерінде орналасқан тау. Қазақ хандығы құрылған өңірлердің бірі.

 

 

ШАБАЛ БЕЙСЕКОВА КӨШЕСІ

Конституция көшесінен басталып, Н.Тілендиев даңғылында аяқталады. Аманқарағай, М.Дулатов, Оғыланды орамы, Абат-Байтақ, С.Қожахметов, М.Жәлел, Шақпақ, Фахд бен Абдулл Азиз көшелерін қиып өтеді.

Шабал Бейсекова (1917-1997) – әнші, Қазақстанның халық әртісі. Шабал Бейсекованың орындаған партиялары: Жібек (Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек»), Ажар (А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай» операсы), Сара (М.Төлебаевтің «Біржан мен Сара»), Татьяна (П.Чайковскийдің «Евгений Онегин») және т.б. Опера өнерін дамытқаны үшін оған 1949 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

 

ШАҒЫЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы Балочный көшесі.  В.Вишневский көшесінен басталып, Анар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 895,5 м.

Шағыл– құмды, құмдауытты жерлерге байланысты қойылатын атау.

 

ШАҚПАҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Транспортный көшесі. Мұзтау көшесінен басталып, Ақан сері көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 860,1 м.

Шақпақ – Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданындағы ауыл. Ауылдың оңтүстік-батысындағы төбеде Шақпақ әулие кесенесі бар.

 

ШАЛГӨДЕ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Тыңның 30 жылдығы көшесі. Жігер орамынан басталып, Атамұра көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 622,1 м.

Шалгөде – Алматы облысы Райымбек ауданындағы жайлау, өзен атауы.

 

ШАЛҚАР КӨШЕСІ

«Железнодорожный» тұрғын алабындағы көше.         Ұзындығы – 567,6 м.

Шалқар – «кең-байтақ, шексіз де шетсіз дала» деген мағынаны білдіреді. Ақтөбе облысындағы аудан, қала, ірі теміржол стансасының атауы

 

 

 

ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 30 көше. Смағұл Сәдуақасов көшесінен басталып, Айғыржал, Махамбет батыр көшелерін қиып өтіп, Батыр Баян көшесінде аяқталады. Ұзындығы –2067,1 м.

Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560) – ұлы жырау, қолбасшы, қазақтың жыраулық мектебінің ірі өкілі. «Алаштан байтақ озбаса…», «Би Темірге айтқаны…», «Жапырағы жасыл жас терек…», т.б. толғаулары бар. Шалкиіз жыраудың біздің заманымызға жеткен толғаулары өзінің көркемдігімен, тарихилығымен, мол тағылымымен ерекшеленеді.

 

ШАЛҚЫМА КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы №77 көше. Жұмабек Тәшенов көшесінен басталады. Ұзындығы – 397,5 м.

«Шалқыма»  – Сүгір Әлиұлының күйі.

 

ШАҢТӨБЕ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №23 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Ордабасы көшесінен басталып, Амантоғай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 560 м.

Шаңтөбе – жер атауына байланысты айтылады. Осындай ауыл аттары да кездеседі.

 

ШАПАҒАТ КӨШЕСІ

Бұрынғы  атауы  –  Набережный  көшесі.  «Күйгенжар»    тұрғын   алабы. Атақоныс   көшесінен  басталып, Жаңатұрмыс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 513,9 м.

Шапағат – «рақым, мейірім, шарапат» деген мағынаны білдіретін сөз. Ертедегі қазақтар жақсылығы мол жылды «шапағаты мол жыл», қайырымды адамды «шапағаты мол адам» деп атаған.

 

ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Д.Фурманов көшесі. И.Панфилов пен М.Лермонтов көшелерінің қиылысқан жерінен басталып, Б.Бейсекбаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1727,7 м.

Шара Жиенқұлова (1912-1991) – белгілі биші, педагог. Қазақстанның халық әртісі. Тұңғыш ойнаған рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» пьесасындағы – Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қаракөз (М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзінде»), т.б. рөлдерді сомдады. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде «Тәттімбет», «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» билері дүниеге келді.

 

ШАРБАҚКӨЛ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №36-7 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Аягөз көшесінен басталып, Күреңбел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 352,3 м.

Шарбақкөл – «Шарбақкөл» деп айналасы қоршалып жатқан көлді айтады. Ақмола облысында Шарбақкөл атты көл бар.

 

ШАРБАҚТЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Юбилейный көшесі. М.Төлебаев көшесінен басталып, Бестөбе көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2374 м.

Шарбақты –Павлодар облысындағы аудан атауы.

 

ШАРДАРА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – С.Тюленин көшесі. Үшқоңыр көшесінен басталып, Бектау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 853 м.

Шардара – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала, аудан. «Шардара» ежелгі парсы тілінен аударылған, «төрт қақпа» деген мағынаны білдіреді.

 

ШАРЛЬ ДЕ ГОЛЛЬ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы № 40-19 көше. Кербұлақ тұйық көшесінен басталып, Ақжелкен көшесінде аяқталады.

Шарль де Голль – Француз Республикасының Президенті, қолбасшы, генерал.

 

ШӘКЕН АЙМАНОВ КӨШЕСІ

Ж.Омаров көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінде аяқталады. С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерімен, Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді.                    Ұзындығы – 1475,7 м.

Шәкен Айманов (1914-1970) – аса көрнекті актёр, режиссёр. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ол қазақ сахнасында көптеген рөлдерді сомдады. 1953-1970 жылдар аралығында «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлес қосқан. Фильмдері: «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар Көсе», т.б.

Бұл көшеде Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешіт, № 4 қазақ мектеп-лицейі орналасқан.

 

 

 

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 23-1 желекжол. «Арыс» көпірінен басталады. Жаңа әкімшілік орталық. Ұзындығы – 6690 м.

Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) – ұлы композитор, Қазақстанның халық әртісі. Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Ш.Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы.

 

ШӘҢГЕРЕЙ БӨКЕЕВ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Н.Крупская көшесі. Жерұйық көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2216,9 м.

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920) – аса көрнекті ақын, ағартушы. Батыс Қазақстан облысының Орда қаласында дүниеге келген. Шығыстың классикалық әдебиетінен және орыс, еуропа әдебиетінен сусындап, қазақтың суырыпсалма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған білімдар ақын. Шығармалары: «Өмірдің өтуі», «Ғылым», «Ұршық», «Сұңқардай шалықтаған тас ұяның», «Қияға мен бір қыран көз жіберген» және т.б.

 

ШЕРТЕР КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №65 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Дауылпаз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 408,5 м.

Шертер – қазақ халқының екі немесе үш ішекті музыкалық аспабы. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы терімен қапталған.

 

ШЕТ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Крайний көшесі. Мақат, Арқарлы, Жолымбет, Қамысты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1048,7 м.

Шет – Қарағанды облысындағы аудан атауы. Орталығы – Ақсу-Аюлы кенті.

 

ШИЕЛІ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Л.Чайкина көшесі. Шортанды көшесінен басталып, Қатаркөл орамында аяқталады. Төңкеріс, Т.Тоқтаров, Үстірт көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 707,9 м.

Шиелі – Қызылорда облысындағы аудан, кент атауы.

 

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ КӨШЕСІ

А.Бараев көшесінен басталып, Ы.Дүкенұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 2478,1 м.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, этнограф,  географ, фольклортанушы. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге» жырларының нұсқаларын хатқа түсірді. «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерінде баяндайды. «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы атты» еңбегі – Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Оның «Абылай», «Қазақтың шежіресі», «Шона батыр», «Қазақтың көші-қоны» сияқты қазақтың тарихы мен этнографиясына, қазақ даласының әлеуметтік-саяси қатынастарына арналған еңбектерінің мәні зор.

Бұл көшеде «Жасыбай» қонақүйі, «Әлем» сауда орталығы орналасқан. 

 

ШОЛПАН ИМАНБАЕВА КӨШЕСІ

А.Бараев көшесінен басталып, Отырар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1158,8 м.

Шолпан Иманбаева (1904-1926) – қазақ ақыны. 1923 жылы «Жолаушы мен жұмыскер» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Оның 1927 жылы «Шолпан өлеңдері» атты жинағы жарық көрді.

 

ШОПАН АТА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы №18 көше. Салбурын көшесінен басталып, Қамбар ата, Есет батыр көшелерімен қиылысады.                           Ұзындығы – 665,2 м.

Шопан ата – қазақтың дәстүрлі дүниетанымында төрт түліктің ішіндегі қойдың пірі.

 

ШОРТАНБАЙ АҚЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 12-80  көше. Болашақ көшесінен басталып, Жаяу Мұса көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 644,7м.

Шортанбай  Қанайұлы (1818– 1881) –  аса көрнекті ақын, жырау. Дәстүрлі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, ұлттық жазба әдебиетін бастаушылардың бірі. Ұлы діни қайраткер. «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған» т.б. толғаулары бар.

 

 

 

ШОРТАНДЫ КӨШЕСІ

Шиелі көшесімен қиылысып, Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 361,1 м.

Шортанды – Ақмола облысындағы аудан, кент, ірі теміржол стансасының атауы.

 

ШӨЖЕ АҚЫН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы № 12-19 көше. Новый тұйық көшесінен басталып, Шортанбай ақын көшесінде аяқталады.                        Ұзындығы – 512,0 м.

Шөже Қаржаубайұлы (1808 – 1895) – көрнекті ақын, айтыскер, дәстүрлі қазақ поэзиясының өкілі. «Дәукейге», «Домбыра  шыққан тықылдан», «Бәйтікті мақтағаны» және т.б. өлең-жырлары бар.

 

ШУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №14 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Хантау көшесінен басталып, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127 м.

Шу – өзен, Жамбыл облысындағы аудан, қала, ірі теміржол стансасының атауы.

 

ШҰҒЫЛА КӨШЕСІ

Бұрынғы   атауы  –   Лесной  көшесі.  Н.Тілендиев   даңғылынан   басталып, Абайдың  150  жылдығы,  Ардагерлер  көшелерімен  қиылысады. Ұзындығы – 1134,8 м.

Шұғыла – «арай», «таң шапағы», «сәуле шашып тұр» деген мағынаны білдіреді.

 

ШЫҒАНАҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Ишимский көшесі. Кенесары көшесінен басталып, Желтоқсан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1969,3 м.

Шығанақ – еліміздің бірқатар өңірлерінде кездесетін жер-су атауы.

 

ШЫҢҒЫРЛАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Луговой көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Гүлдала орамымен қиылысады. Ұзындығы – 312,7 м.

Шыңғырлау – Батыс Қазақстан облысындағы өзен, аудан атауы.

 

ШЫҢҒЫСТАУ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Теміржолшылар кенті көшесі. Н.Тілендиев даңғылынан басталады. Ұзындығы – 703,8 м.

Шыңғыстау – Шығыс Қазақстан  облысы Абай ауданындағы тау атауы. Бұл өңір Абай өмірімен тығыз байланысты.

 

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – К.Тимирязев көшесі. Жеңіс даңғылынан басталып, И.Гёте көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 758,6 м.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – ұлы ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклор танушы, қоғам қайраткері. Ол 1864 жылы Торғайда қазақ-орыс мектебін, 1883 жылы Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырған. 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы жарық көреді. «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Шеше мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», т.б. әңгімелері мен аудармалары бар.

 

ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Дружба көшесі. Бейбітшілік көшесінен басталып, И.Панфилов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1683,2 м.

Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) – ұлы күйші-қобызшы, композитор. «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «Ықылас», «Жезкиік», «Аққу», «Бестөре» – азаматтық ойын айқындайтын саяси-әлеуметтік мәні бар, терң толғаныстан туған күйлер. Сүгір, Ашай, Әйкен – Ықылас мектебінің белгілі өкілдері.

 

ЫНТАЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Магнитогорский көшесі. Ақшағыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 250,7 м.

Ынталы – «ықылас-ынтасы зор, талапты» деген мағынаны  білдіреді.

 

ЫНТЫМАҚ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Паровозный көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 447,7 м.

Ынтымақ – «береке-бірлік, ұйымшылдық, татулық» деген мағынаны береді. Елімізде Ынтымақ атты елді мекендер көп кездеседі.

 

ЫРҒЫЗ КӨШЕСІ

Бұрынғы   атауы  –  №18 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 595,3 м.

Ырғыз – Ақтөбе облысындағы өзен, аудан, кент атауы.

ІЛЕ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №16 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1232 м.

Іле – Алматы облысындағы өзен.

 

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – І.Есенберлин және Ақжайық көшелері. Конституция көшесінен басталып, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1391,1 м.

Ілияс Есенберлин (1915-1983) – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, «Жазушы» баспасының директоры қызметтерін атқарған. «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогияларының, «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар» және т.б. романдарының авторы.

Бұл көшеде Қаржы-экономикалық академиясы, К.Байсейітова атындағы опера және балет театры орналасқан.

 

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРҰЛЫ КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Училищный көшесі. Абылай хан даңғылынан басталып, Мақтымқұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1218,2 м.

Ілияс Жансүгірұлы (1894-1938) – көрнекті ақын. Ол «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын жазды. Бұл шығармалар Жансүгіровтің эпикалық жанрдағы ізденістерінің сәтті жемісі. І.Жансүгірұлы драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп, «Кек», «Түрксиб», «Исатай – Махамбет», т.б. пьесалар  жазды.

Бұл көшеде Астана гуманитарлық колледжі орналасқан.

 

ЮЖНЫЙ КӨШЕСІ

Р.Қошқарбаев көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 787,2 м.

Южный – «оңтүстік» деген мағынаны білдіреді.

 

ЮРИЙ ГАГАРИН КӨШЕСІ

Конституция көшесінен басталып, М.Дулатов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 574,9 м.

Юрий Гагарин (1934-1968) – ғарышқа тұңғыш ұшқан адам, Кеңес Одағының Батыры. 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.

 

ЮРИЙ МАЛАХОВ КӨШЕСІ

Сусамыр көшесінен басталып, Жерұйық көшесінде аяқталады. Жетісай орамы мен Кеншілер көшесін қиып өтеді.                           Ұзындығы – 1834,1 м.

Юрий Николаевич Малахов – Кеңес Одағының Батыры.

 

ЯКОВ СВЕРДЛОВ КӨШЕСІ

Бестерек көшесінен басталады. Ұзындығы – 399,4 м.

Свердлов Яков Михайлович (1885-1919) –  мемлекет қайраткері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАСЖОЛДАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛАШ ТАСЖОЛЫ

Бұрынғы атауы – Софиев тасжолы. Ш.Жиенқұлова көшесінен басталып, Ақжол, Жолымбет көшелерімен қиылысады.             Ұзындығы – 14717,3 м.

Алаш (ежелгі түрік сөзі – «бауырластар, қандастар, туыстар») – көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. «Алаш» сөзі «қазақ» атауының баламасы ретінде берілген. «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш» деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі «Алаш» ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыс – «Алаш қозғалысы» деп аталды. Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталғанқазақтың саяси-демократиялық қозғалысы. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру, қазақ жерлеріне  ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, егішілік пен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылдың ақпан және желтоқсан аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. 1917 жылы Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нәтижесі болды.

Бұл тасжолда Орталық базар, Көк базар орналасқан.

 

ШОССЕ АЛАШ

Прежнее название – Софиевская трасса. Начинается  с улицы Ш.Жиенкулова, пересекается  с улицами  Ақжол, Жолымбет. Длина–14717,3 м.

Алаш (древнетюркское слово означает родственники, братья) – понятие, появившее в древности, когда тюркские народы жили одной общиной.  Слово  «алаш» использовалось, как вариант слова «казах». Казахи на пути национальной независимости вновь вернулись древнему понятию «Алаш» и сделали его девизом свободы и единства народа. Национальное-освободительное движение в начало ХХ века называлось «Движение Алаш». Движение Алаш – это политико-демократическое движение казахов в первой четверти  ХХ века, против  колонизаторской политики Российской империи. Главная цель движения – это самоуправление казахов, т.е. создание государственного устройства, которые могли защищать национальные интересы, ввести ограничение переселенцев, применяя передовые опыты возродить скотоводство, развитие земледелия и развитии промышленности, открыть пути к рыночным отношениям, развивать национальную культуру, образование и язык. В 1917 году народно-освободительное движение  «Алаш»  создает Алашординское правительство и партию «Алаш».

На этой трассе расположены Центральный рынок, рынок «Көк базар»

 

ҚАРАҒАНДЫ ТАСЖОЛЫ

Абылай хан даңғылынан басталып, Ж.Жабаев, М.Төлебаев, Армандастар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 14359,4 м.

Қарағанды тасжолы – Қарағанды мен Астана қалаларын жалғастырып жатқан жол. Қарағанды – қала, облыс атауы. Әуе, автомобиль, теміржол қатынастарының маңызды торабы орналасқан республикадағы ең үлкен қалалардың бірі. Қалада көмір, машина жасау, тамақ өнеркәсібі дамыған. Қарағанды облысы көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен облыс. Облыста темір, көмір, түсті металдар, машина жасау, жеңіл, тамақ, балық, кондитер өнеркәсібі қатты дамыған.

 

ҚАРҚАРАЛЫ ТАСЖОЛЫ

Бұрынғы атауы – Рождественский трассасы. Ұзындығы–7408м.

Қарқаралы – Қарағанды облысындағы қала, қазақ жеріндегі көне қоныстардың бірі, тарихи өңір. Ғылыми-жадығаттық зерттеу жұмыстары бұларда біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың бас кезінде өмір сүрген адамдардың мал бағумен, егін шаруашылығымен, кен ісімен айналысқанын айғақтайды. Қарқаралыдан 2010 жылдың жазында табылған «Алтын адам» бұл өңірді  мекендеген адамдардың мәдениеті жоғары болғандығын білдіреді. Сондай-ақ Қарқаралы – тау атауы. Сарыарқадағы ұзындығы қырық, ені жиырма бес шақырымдай жатаған тау. Биігі – Жиренсақал деп аталатын 1338 метрлік шоқы. Атаудың шығу тегін тау шоқыларының қарқара деп аталатын әйел бас киімінің бітіміне ұқсастығынан деп те санайды. Алайда осы тауды мекендейтін қарқара атты құстың да жерге атау болуы мүмкін екендігін де атап өтеміз.

 

ҚОРҒАЛЖЫН ТАСЖОЛЫ

Қорғалжын тасжолы Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Тұран даңғылымен қиылысады. Ұзындығы – 16154 м.

Қорғалжын – Ақмола облысындағы аудан, кент. Қорғалжын қорығы – еліміздегі ірі қорықтардың бірі.

Бұл тасжолда Қазақ гуманитарлық университеті, Техникалық лицей орналасқан. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕЛЕКЖОЛДАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКАДЕМИК АЛЕКСАНДР СКРЯБИН ЖЕЛЕКЖОЛЫ

Бұрынғы атауы – Заводской желекжолы. Бейбітшілік көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 202,5 м.

Александр Николаевич Скрябин (1878-1972) – гельминтолог-ғалым. КСРО Ғылым Академиясының академигі, КСРО Медицина Ғылым Академиясының академигі.

 

«НҰРЖОЛ» ЖЕЛЕКЖОЛЫ 

Жаңа әкімшілік орталықта орналасқан. Ұзындығы – 1252 м.

Нұржол – екі сөздің бірігуінен жасалған. «Нұр» сөзі сәуле, жарық, шұғыла дегенді білдіреді.  Ал «жол» сөзі қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде өте қасиетті ұғым.

Желекжолда «Бәйтерек», «Нұрсая» тұрғын үй кешені, «Транспорт тауэр» ғимараты орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚА  КӨШЕЛЕР  МЕН  ОРАМДАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

С.Кубрин көшесінен басталып, С.Сейфуллин көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 402,5 м.

Абай (Ибраһим) (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, композитор.

 

АБЫРАЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – С.Лазо қысқа көшесі. Л.Толстой көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады.                           Ұзындығы –  327,1 м.

Абыралы – Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тау.

 

АЙДЫН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Депутатский қысқа көшесі. Ақан сері көшесінен басталып, Сүмбе орамында аяқталады.               Ұзындығы – 687,1 м.

Айдын – жайылып жатқан су алабы.

 

АЙСАРЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – № 12-116 қысқа көше. Айдархан Тұрлыбаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 157 м.

Айсары – Ақмола облысындағы теміржол стансасы.

 

АҚБАСТАУ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Братский қысқа көшесі. Алқатерек орамынан басталып, Қоянды орамында аяқталады. Ұзындығы – 117,6 м.

Ақбастау – еліміздің бірқатар өңірлерінде кездесетін жер-су атауы.

 

АҚБЕРЕН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – № 21 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қарқабат көшесінен басталып, Талғар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 165,5 м.

Ақберен – мылтықтың ауыз әдебиетінде кездесетін ежелгі атауы. «Берен» сөзі тілімізде «асыл, болат» деген мағынаны білдіреді.

 

АҚЖЕЛЕҢ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – № 21 тұйық  көше. Аягөз көшесінен басталады. Ұзындығы – 372,9 м.

Ақжелең  – күй өнерінде қалыптасқан музыкалық жанр. Ел арасында «Алпыс екі Ақжелең», «Алпыс екі тамырлы Ақжелең» деген сөз қалған.

 

АҚКЕНТ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – В.Жуковский қысқа көшесі. А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады.                    Ұзындығы – 255,6 м.

Ақкент – Алматы облысы, Панфилов ауданындағы ауыл.

 

АҚКӨЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – № 11 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Таскескен көшесінен басталып, Құмкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 202,4 м.

Ақкөл – Ақмола облысындағы аудан,қала атауы. Еліміздің бірқатар өңірлерінде кездеседі.

 

АҚҚАЙЫҢ ҚЫСҚА КӨШЕСІ 

Бұрынғы атауы – №11 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 335,8 м.

Аққайың – қайың тұқымдасына жататын ағаш.

 

АҚМАЯ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Пролетарский қысқа көшесі. Қоянды орамынан басталып, Алқатерек орамында аяқталады.                 Ұзындығы – 135,1 м.

Ақмая – Қарағанды облысындағы қола дәуірінің қонысы.

 

АҚПАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Ремонтный қысқа көшесі. Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 563,1 м.

Ақпан – қыстың соңғы айы. Осы аттас елдімекендер бар.

 

АҚСҰҢҚАР ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы – №27   қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,8 м.

Ақсұңқар – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

 

АҚСҮМБЕ ОРАМЫ

А.Пушкин көшесінен басталады. Ұзындығы – 603.4м

Ақсүмбе – Қаратаудың солтүстігінде осы аттас өзеннің жағалауында орналасқан Х-ХҮ ғасырлардағы ежелгі қала атауы.

 

АҚТОҒАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 162 қысқа көше. Ақтоған орамы Бірімжановтар көшесінен басталады. Ұзындығы – 136.8 м.

Ақтоған – Қазақстанның кейбір өңірлерінде кездесетін жер-су  атауы. Әдетте маңында тоғаны бар елдімекендер осылай аталады.

 

АҚТҮБЕК ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Пролетарский қысқа көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 237,3 м.

Ақтүбек – түбектің түсі мен кең аумағына байланысты қойылған атау.

 

АҚШАТАУ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №10 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Үштөбе көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Таскескен көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 197,5 м.

Ақшатау – еліміздің бірқатар өңірлерінде кездесетін жер атауы.

 

АҚШОҚЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №159 тұйық көше. «Қараөткел» шағын ауданы, Есіл ауданында орналасқан. Ұзындығы – 299,3 м.

Ақшоқы – Абайдың қонысы. Осы жерде ұлы ақынның бірқатар шығармалары дүниеге келген.

 

АЛАМАН ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы   -   №3 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Жайық көшесінен басталып, Бұқтырма көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 226 м.

Аламан – ұзақ бәйгенің түрі.

 

АЛДАСПАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 12-78 қысқа көше. Шөже ақын көшесінен басталып, Жаяу Мұса көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 134,8м.

Алдаспан – қазақтың байырғы қару-жарақ атауы. Поэтикалық атау.

 

 

 

АЛЕКСАНДР БЕЛЯКОВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Атакент   орамынан  басталып, Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 288,7 м.

Беляков Александр Васильевич (1897-1982) – авиация генерал-лейтенанты, Кеңес Одағының Батыры.

 

АЛЕКСАНДР ЗАТАЕВИЧ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Қарауыл көшесінен басталып, А.Затаевич көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 203,2 м.

Александр Викторович Затаевич (1869-1936) – музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі.

 

АЛЕКСАНДР РАДИЩЕВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Жәнібек тархан көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 710 м.

Радищев Александр Николаевич (1749-1802) – орыс ойшылы, жазушы.

 

АЛҚАТЕРЕК ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Оренбургский қысқа көшесі. Оқжетпес көшесінен басталып, Ақмая, Арқат орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 331,1 м.

Алқатерек – Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы ауыл.

 

АЛҚОҢЫР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 109  қысқа көше. Ұзындығы – 136,8м.

Алқоңыр – поэтикалық  атау.

 

АЛМАЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы  -  №13   қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 169,4 м.

Алмалы – алмасы көп, бау-бақшалы жер. Сондай-ақ осы аттас елді мекендер бар.

 

І АЛМАТЫ ОРАМЫ

2-Алматы көшесінен басталып, Н.Тілендиев даңғылында аяқталады.

 

 

 

ІІ АЛМАТЫ ОРАМЫ

Жамбыл көшесінен басталып, 1-Алматы орамында аяқталады.

 

АМАНГЕЛДІ ИМАНОВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Асанқайғы көшесінен басталып, М.Ломоносов көшесінде аяқталады. Н.Гастелло қысқа көшесімен қиылысады.           Ұзындығы – 280,6 м.

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі.

 

АНАТОЛИЙ МАКАРЕНКО ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Радищев қысқа көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 427,5 м.

Анатолий Семенович Макаренко (1888-1939) – педагог және жазушы. Шығармалары: «Флаги на башнях», «Педогогическая поэма», «Книга для родителей».

 

АНТОН ЧЕХОВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Чехов көшесінен басталады. Ұзындығы – 85,2 м.

Антон Павлович Чехов (1860-1904) – орыстың ұлы жазушысы.

 

АРАҚАРАҒАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Вагоноремонтный қысқа көшесі. Шыңтас орамымен қиылысып, Қарасай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 220,2 м.

Арақарағай – Қостанай облысындағы Алтынсарин ауданының солтүстік-батысында орналасқан шоқ қарағайлы орман.

 

АРАЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №5 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 408,2 м.

Арал – Өзбекстан мен Қазақстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан көл, Қызылорда облысындағы аудан, қала атауы.

 

АРҚАТ ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы  -  №30   қысқа   көше.   Оңтүстік-Шығыс   тұрғын  алабы (оң жақ). Майқайың көшесінен басталып, Шертер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 132 м.

Арқат – Шығыс Қазақстан облысындағы тау.

 

АРШАЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Ф.Глинка қысқа көшесі. Сарыадыр орамында аяқталады. Ұзындығы – 122,1 м.

Аршалы – кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл көп жылдық өсімдік. Ақмола облысында Аршалы атты аудан бар.

 

АСАУКӨК ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 151 қысқа көше. Ұзындығы –151.7м

Асаукөк – поэтикалық атау.

 

АСТРАХАН ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Балқаш қысқа көшесінен басталып, Макинский қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 245,1 м.

Астрахан – Ақмола облысының орталық бөлігіндегі аудан.

 

АТАКЕНТ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – В.Малиновский қысқа көшесі. А.Беляков көшесімен қиылысып, А.Герцен көшесінде аяқталады.         Ұзындығы – 737,5 м.

Атакент – Оңтүстік-Қазақстандағы кент.

 

АТБАСАР ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Н.Тілендиев даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 614,3 м.

Атбасар – Ақмола облысындағы қала, аудан.

 

АУШАДИЯР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №12-81 қысқа көше. Орынбай ақын көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 184,0 м.

Аушадияр – үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең-жыр.

 

АШУТАС ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 13 көше. Ашутас орамы Хайретдин Болғанбаев, Мұхаметжан Сералин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 447.8

Ашутас  – қазақтың емшілік дәстүріндегі дәрі іспеттес тас.

 

ӘЛҚИССА ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 40-2 көше. Әлқисса орамы Шалқыма көшесінен басталып, Дарабоз көшесінде аяқталады.                       Ұзындығы – 210.1м

Әлқисса – Нұрғиса Тілендиевтің осы аттас күйі бар.

 

ӘСЕМҚОҢЫР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы  № 12-66 қысқа көше. Әсемқоңыр орамы А.Үлімжіұлы көшесінен басталып, Жаяу Мұса көшесінде аяқталады.Ұзындығы – 208.7 м.

Әсемқоңыр – Дина Нүрпейсіованың күйі.

 

БАҒЛАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 40-10 қысқа көше. Бағлан орамы Дарабоз  көшесінен басталады. Ұзындығы – 233.5м

Бағлан – ерте туған семіз қозы. Поэтикалық атау.

 

БАЙЫНҚОЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 12-43 қысқа көше. Байынқол орамы Жаһанша Сейдалин көшесінен басталады. Ұзындығы – 181,1м.

Байынқол – Іле алабындағы өзен, Текес өзенінің оң сағасы.

 

БАЛҚАШ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 688,4 м.

Балқаш – көл, Қарағанды облысындағы қала атауы, Алматы облысындағы аудан атауы.

 

БАЛТАКӨЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Узкий қысқа көшесі. М.Шолохов көшесінен басталады. Ұзындығы – 121,6 м.

Балтакөл – көл, елді мекен аты.

 

БАРҚЫТБЕЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Ф.Дзержинский қысқа көшесі. Конституция көшесінен басталып, М.Дулатов көшесінде аяқталады.                  Ұзындығы – 560,5 м.

Барқытбел – Тарбағатай тау бөктерінің бұрынғы атауы.

 

БАСТАҢҒЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы  № 12-3 қысқа көше. Ұзындығы – 170.2м

Бастаңғы – қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайды.

 

 

БӘСІРЕ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 12-82 қысқа көше. Бәсіре орамы Майлықожа ақын көшесінен бласталып, Орынбай ақын көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 184.0м

Бәсіре –  қазақ шаңырағында дүниеге ұл келгенде сол күні туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты бар.

 

БЕЙНЕУ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – А.Матросов қысқа көшесі. Ақбидай көшесінен басталады. Ұзындығы – 155,9 м.

Бейнеу – Маңғыстау облысындағы аудан, кент.

 

БЕКЕТАЙ ОРАМЫ

Берел көшесінен басталып, С.Разин орамында аяқталады.

 

БЕРЕКЕ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №6 қысқа көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 458,6 м.

Береке – «ырыс, молшылық, мол» дегенді білдіреді.

 

БЕСТАУ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – С.Бородин қысқа көшесі. С.Әліұлы көшесінен басталып, Киелісай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 227 м.

Бестау – Қарағанды облысындағы тау.

 

БЕСТӨРЕ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №12-76 қысқа көше. Шөже ақын көшесінен басталып, Жаяу Мұса көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 121,1 м.

«Бестөре» – Ықылас Дүкенұлының күйі.

 

БЕСШАТЫР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Строители қысқа көшесі. М.Дулатов көшесінен басталады. Ұзындығы – 688,8 м.

Бесшатыр – көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші.

 

БИДАЙЫҚ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №10 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Д.Бабатайұлы көшесінен басталып, Жаркөл қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы-283,1 м.

Бидайық – астық тұқымдас көп жылдық жабайы өсімдік. Осы аттас елімізде бірнеше елді мекендер кездеседі.

БОЗШОЛАҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 145 көше. Бозшолақ орамы Бірімжановтар көшесінен басталады. Ұзындығы –128.1м

Бозшолақ – дәстүрлі атау.

 

БОЗІНГЕН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 180 қысқа  көше. Бозінген орамы Қордай көшесінен басталады. Ұзындығы – 411.0 м

Бозінген – дәстүрлі атау. Сүгірдің, Т. Момбековтың осы аттас күйлері бар.

 

БУРЫЛТАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 157 қысқа көше. Керей, Жәнібек хандар көшесінен басталады. Ұзындығы – 401,6 м.

Бурылтай  – Оңтүстік Қазақстан облысындағы жартаста көне заманда салынған түрлі суреттер мен таңбалар.

 

БЫТЫҒАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №12-83 қысқа көше. Болашақ көшесінен басталады. Ұзындығы –215,0 м.

Бытығай – ХІІІ-ХІV ғасырлардағы қала. Қорғалжын ауданы, Нұра өзенінің бойында.

 

ВАСИЛИЙ ПЕРОВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Иманов көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 199,2 м.

Василий Григорьевич Перов (1833-1882) – орыс суретшісі.

 

ВОЛГОГРАД ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Севостополь қысқа көшесінен басталады.

Ұзындығы – 180,3 м.

Волгоград – Ресей Федерациясындағы облыс, қала.

 

ГЕОРГИЙ ЧИЧЕРИН  ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Л.Брусиловский көшесінен басталып, А.Жұбанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 236,5 м.

Георгий Васильевич Чичерин (1872-1836) – дипломат. ССРО, РСФСР шетел істері жөніндегі халық комитетінің төрағасы.

 

ГҮЛДАЛА ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Луговой қысқа көшесі. Жазық орамынан басталып, Шыңғырлау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 116,8 м.

Гүлдала – гүлге оранған дала деген мағынаны береді.

 

ГҮЛЗАР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Степной қысқа көшесі. Киелісай көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 433,4 м.

Гүлзар – бау-бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң.

 

ДАЙРАБАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы  № 12-13 қысқа көше. Дайрабай орамы Мұрат Мөңкеұлы көшесінен басталып, Кербезқыз көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 730.2м

«Дайрабай» – Дайрабай Ерназарұлының белгілі күйі.

 

ДАЛЬНИЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бекетай көшесінен басталады. Ұзындығы – 417,8 м.

Дальний – «алыс, ұзақ, шалғай» деген мағынаны білдіреді.

 

ДЕГЕЛЕҢ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №2 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Қозыбасы көшесінен басталады.                        Ұзындығы – 265,3 м.

Дегелең – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы шоқылы тау.

 

ДЕГЕРЕС ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы  -  №1   қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Ақарыс көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 460,7 м.

Дегерес – Іле Алатауының батысындағы үстіртті тау.

 

ДМИТРИЙ КАРБЫШЕВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Д.Карбышев қысқа көшесі Оқжетпес көшесінен басталып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 347,9 м.

Карбышев Дмитрий Михайлович (1880-1945) – генерал-лейтенант, Кеңес Одағының Батыры.

 

ДМИТРИЙ ЛИХАЧЕВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Севастополь қысқа көшесінен басталып, Минский қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 162,9 м.

Лихачев Дмитрий Сергеевич (1906-1999) – ғалым, Социалистік Еңбек Ері.

 

ЕГІНДІ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №38 қысқа көше. Хайретдин Болғанбаев көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 224,0 м.

Егінді – Қазақстанның кейбір өңірлерінде кездесетін жер атауы.

 

ЕЛЕК ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Орский қысқа көшесі. Елек орамы Кеншілер көшесінен басталады. Ұзындығы – 203,8 м.

Елек – Жайық алабындағы өзен.

 

ЕСІЛ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Астрахан қысқа көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 256,4 м.

Есіл – Қазақстандағы ірі өзендердің бірі.

 

ЖАЗЫҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Лесозаводской қысқа көшесі. Гүлдала орамынан басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады.             Ұзындығы – 1037,5 м.

Жазық – тауы, қыраты, белі жоқ, көкжиегіне көз жетпес мекен дала.

 

ЖАЙДАРМАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №24 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Балбырауын көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 241,1 м.

Жайдарман – кісіге байланысты айтылады. Ақкөңіл, жарқын жүзді, жайдары дегенді білдіреді.

 

ЖАҚАН ТӨЛЕУБАЕВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ 

А.Герцен   көшесінен  басталып, Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 345 м.

Жақан Төлеубаев (1898-1978) –  Социалистік Еңбек Ері.

 

ЖАЛАУЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Н.Крупская қысқа көшесі. Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 171,2 м.

Жалаулы – Сілеті және Қарасу өзендерінің тұйық алабындағы көл.

 

 

 

 

ЖАҢАӨЗЕН ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы  -  №19   қысқа   көше.   Оңтүстік-Шығыс   тұрғын алабы (оң жақ). Аршын көшесінен басталып, Керуен орамында аяқталады. Ұзындығы – 167,7 м.

Жаңаөзен – Маңғыстау облысындағы қала.

 

ЖАРКӨЛ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №9 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 243,4 м.

Жаркөл – көл атауы. Осы аттас елімізде бірнеше көл аттары кездеседі.

 

ЖАРСУАТ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Локомотивный қысқа көшесі. Фахд бен Абдулл Азиз көшесінен басталып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 597,7 м.

Жарсуат – Ақмола облысындағы Қорғалжын көлінің оңтүстігінде жатқан тұйық көл.

 

ЖАУҚАЗЫН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 170 қысқа көше. Жауқазын орамы Арай көшесінен басталып, Мұқағали Мақатаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 466.4 м.

Жауқазын – лалагүлдер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Поэтикалық атау.

 

ЖЕЗКИІК ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – П.Боровский қысқа көшесі. Ақкөл қысқа көшесінен басталып, Өзен көшесінде аяқталады.                             Ұзындығы – 302,3 м.

Жезкиік – киікті түр-түсіне байланысты образдап айту.

 

ЖЕЛДІРМЕ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 155 қысқа көше. Қамажай ормамынан басталады. Ұзындығы – 89,2м.

«Желдірме» – Дәулеткерей Шығайұлының күйі. Осы аттас музыкалық шығармалар Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Иса Байзақовтың мұрасында бар

 

 

 

ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Колхозный көшесінен басталып, Шымкент қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 202,9 м.

Железнодорожный (теміржол) – локомотивтер мен вагондардан тұратын теміржол көлігінің жүруіне арналған теміржол.

 

ЖЕЛМАЯ ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы  №73  қысқа  көше. Есіл ауданында орналасқан. Ұзындығы – 413,8 м.

Желмая – түйе атауы. Бұл атау фольклорда, дәстүрлі қазақ поэзиясында кеңінен қолданылып, поэтикалық реңкке ие болған.

 

ЖЕТІСАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Ю.Малахов қысқа көшесі. Ю.Малахов көшесінен басталады. Ұзындығы – 949 м.

Жетісай – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала, аудан.

 

ЖОЛАМАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №12-45 қысқа көше. Жаһанша Сейдалин көшесінен басталады. Ұзындығы – 181,1 м.

Жоламан – Қазақстанның кейбір өңірлерінде кездесетін жер атауы.

 

ЖУСАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №40 қысқа көше. Родниковый көшесінен басталып, Қалампыр орамында аяқталады. Ұзындығы – 339,6 м.

Жусан – ұлттық рәмізге, қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының белгісіне айналып, ән-өлеңдерде елге деген сүйіспеншіліктің айғағындай жырланады.

 

ЖҰМБАҚТАС ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №2 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы.  Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 599 м.

Жұмбақтас – Ақмола облысы, Бурабай курортындағы көлдің ортасына орналасқан арал тас.

 

ЖЫЛЫБҰЛАҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 127 қысқа көше. Мұхамеджан Сералин көшесінен басталып, Хайретдин Болғанбаев көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 427,0м.

Жылыбұлақ – еліміздегі байырғы жер-су аттары.

 

 

ЖІГЕР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Юбилейный қысқа көшесі. Г.Игищев көшесінен басталып, Шарбақты көшесінде аяқталады.                   Ұзындығы – 227,2 м.

Жігер – адамның ұнамды ерік сапаларының бірі. «Қажыр-қайрат, күш-қуат» деген мағынаны білдіреді.

 

ЗАГОРОДНЫЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Жамбыл көшесінен басталып, С.Разин №1 қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 159 м.

Загородный – қала сыртындағы дегенді білдіреді.

 

ЗАХАР КАТЧЕНКО ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бекетай көшесінен басталады. Ұзындығы – 109,4 м.

Захар Петрович Катченко – Ақмола облыстық совдептің алғашқы төрағасы.

 

ИВАН КРЫЛОВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Сусамыр   көшесінен   басталып,   Шиелі   көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 166,7 м.

Иван Андреевич Крылов (1769-1844) – орыс жазушысы, мысалшы.

 

ИВАН КУЛИБИН ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Иманов көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 198 м.

Иван Петрович Кулибин (1735-1818) – Ресейдің өздігінен білім алған механигі. Оптикалық құралдар үшін әйнекті өңдеу тәсілдерін жетілдірген.

 

ИВАН СЕЧЕНОВ ТҰЙЫҚ КӨШЕСІ

Бекетай көшесінен басталып, Дальний қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 148,6 м.

Иван Михайлович Сеченов (1829-1905) – ғалым, ойшыл, орыс физиологиялық мектебінің негізін салушы.

 

ИЗЕНДІ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 12-52 қысқа көше. Таңжарық Жолдыұлы орамынан басталады. Ұзындығы – 98,9м.

Изенді – өсімдік  атынан қойылған атау. Осы аттас елімізде көл, қыстау, ауыл аттары бар.

 

 

ИЗОБИЛЬНЫЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Изобильный қысқа көшесі Кенесары көшесінен басталып, У.Громова көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 312,1 м.

Изобильный – «көл-көсір» дегенді білдіреді. Қазақстанда осы аттас елді мекендер кездеседі.

 

КӘУСАР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №23 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Балбырауын көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 241,1 м.

Кәусар (араб. «көп», «мол», «үлкен», «көлемді») – «таза, тәтті, мөлдір» ұғымдарын білдіретін бейнелі сөз. Діни мағынасында – жаннаттағы қасиетті су. Құранда 3 аяттан тұратын Кәусар сүресі бар.

 

КЕЛЕС ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы   -   №31   қысқа   көше.   Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қалба көшесінен басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 323,5 м.

Келес – Сырдария алабындағы өзен.

 

КЕЛЕШЕК ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №5 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 277,5 м.

Келешек – «болашақ» сөзінің синонимі. Келер күн, ертеңгі өмір, алдағы уақыт дегенді береді.

 

КЕМЕЛ ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы  -  №20   қысқа   көше.    Оңтүстік-Шығыс   тұрғын алабы (оң жақ). Обаған көшесінен басталып, Зеренді көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 220,7 м.

«Кемел адам» (араб. «инсан-и камил» – толық адам) – ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып, тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам.

 

КЕРБҰЛАҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Широкий қысқа көшесі. Шардара көшесінен басталады. Ұзындығы – 303,1 м.

Кербұлақ – бұлақ аты. Елімізде осы аттас бұлақтар мен Алматы облысында аудан атауы бар.

 

КЕРТОЛҒАУ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №134 қысқа көше. Нұрхан Ахметбеков көшесінен басталады. Ұзындығы – 97,2 м.

Кертолғау – дәстүрлі атау. Поэтикалық реңкке ие болған.

 

КЕРУЕН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №18 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Балқантау көшесінен басталып, Таскескен көшесінде аяқталады. Жаңаөзен орамымен қиылысады.                  Ұзындығы – 199,9 м.

Керуен – көліктерге жүк артып, ұзақ жолға сапар шеккен жолаушылар тізбегі. Қазақ халқы басқа да көшпелі халықтар сияқты жолсыз, сусыз, иен далада жүк тасуға, көбінесе, түйе керуенін пайдаланған.

 

КИЕВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Г.Чичерин қысқа көшесінен басталып, Мырзашөл қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 160,9 м.

Киев – Украина Республикасының астанасы.

 

КОНСТАНТИН ЦИОЛКОВСКИЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Минский қысқа көшесінен басталып, Севастополь қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 763 м.

Константин Эдуардович Циолковский (1857-1935) – осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған кеңес ғалымы.

 

КӨКЖИДЕ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №133 қысқа көше. Хайретдин Болғанбаев көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 291,7 м.

Көкжиде – Қазақстанның бірқатар өңірлерінде кездесетін жер атауы.

 

КӨКОРАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы  -  №29   қысқа   көше.   Оңтүстік-Шығыс   тұрғын алабы (оң жақ). Талғар көшесінен басталып, Обаған көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 312,1 м.

Көкорай деп жайқалған көк шөпті, шалғынды, жазиралы жерді айтады.

 

 

 

 

КӨКПАР ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы  -  №26   қысқа   көше.   Оңтүстік-Шығыс  тұрғын  алабы (оң жақ). Талғар көшесінен басталып, Обаған көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 312,1 м.

Көкпар – бауыздаған ту серке не ешкіні, екі жікке бөлініп, ат үстінде тартысатын ұлттық ойын. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.

 

КӨКТОМАР ОРАМЫ 

Бұрынғы атауы – Арматурный қысқа көшесі. Н.Гоголь көшесінен басталып, Құрманғазы көшесінде аяқталады.                 Ұзындығы – 561,3 м.

Көктомар –Ақмола облысы  Целиноград ауданындағы тоған.

 

КӨКТӨБЕ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №4 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 433,1 м.

Көктөбе – төбе аты. Көк сөзі «заңғар биік» немесе «аспан» мағынасына сай келеді. Кейде Көктөбе деп төбенің түсіне де қарап айта берген. Осы аттас елімізде бірнеше елді мекендер бар.

 

КӨКШЕТАУ ОРАМЫ

Ақбидай көшесінен басталып, А.Матросов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 211,4 м.

Көкшетау – қала, Ақмола облысының орталығы. Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан орманды, көлді тау.

 

КӨКІЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №87 қысқа көше. Алматы ауданы, «Мичурин» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 397, 5 м.

Көкіл – әйгілі күйші Қазанғап Тілепбергенұлының күйі.

 

КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Д.Карбышев көшесінен басталып, Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 595,4 м.

Күләш Байсейітова (1912-1957) – аса көрнекті қазақ әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО халық әртісі. Брусиловскийдің «Жалбырындағы» Хадиша, «Ер Тарғынындағы» Ақжүніс, М.Төлебаевтың «Біржан – Сарасындағы» Сара бейнелерін сомдаған К.Байсейітова өз шығармашылығында шеберліктің шырқау шыңына көтерілді.

 

КҮЛТЕГІН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Сенной қысқа көшесі. И.Панфилов көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. М.Лермонтов, Сырдария, Ә.Әлімжанов көшелерімен қиылысады.               Ұзындығы – 947 м.

Күлтегін (684-731) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, Құтлұғ қағанның кенже баласы. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты.

 

КҮЛТӨБЕ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Районный қысқа көшесі. Абай даңғылынан басталып, Л.Толстой көшесінде аяқталады. Ж.Омаров, С.Сейфуллин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 619,1 м.

Күлтөбе – ортағасырлық бекініс орны. Қазақстанда Күлтөбе атты төбелер көп кездеседі.

 

КҮНШУАҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №83 қысқа көше. Аманат көшесінен басталып, М.Жұмабаев даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 414,7 м.

Күншуақ – поэтикалық реңкке ие болған атау.

 

КҮРШІМ ОРАМЫ

Күршім орамы «Көктал» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы–717,9 м.

Күршім – Ертіс алабындағы өзен, Шығыс Қазақстан облысындағы аудан атауы.

 

ҚАЙРАҚТЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Карьерный қысқа көшесі. Арқарлы көшесінен басталып, Аққайың орамында аяқталады. Ұзындығы – 103,2 м.

Қайрақты – Есіл алабындағы өзен. Ақмола облысының Атбасар, Жақсы аудандары жерімен ағып өтеді.

 

ҚАЛАМПЫР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 88 қысқа көше. Қалампыр орамы  Родниковый көшесін жалғастырады. Ұзындығы – 291,4 м.

Қалампыр – қалампыр тұқымдасына жататын өсімдік. Бұл атау поэтикалық ұғымда да қолданылады.

 

ҚАЛҚАМАН-МАМЫР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №175 қысқа көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Баян сұлу көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 314,4 м.

«Қалқаман-Мамыр» – 1722 жылы болған оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты «дәстүрді бұзғаны үшін» екі жас өлім жазасына кесіледі. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық кітапханасы мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында   9 нұсқасы сақтаулы.

 

ҚАМАЖАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 150 қысқа көше. М.Жәлел көшесінен басталады. Ұзындығы – 460м.

Қамажай – осы аттас халық әні мен халық биі бар.

 

ҚАМҚАЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №134 қысқа көше. Қамқалы орамы Сарыарқа ауданындағы орам. Ұзындығы – 201,3 м.

Қамқалыдағы «қамқа» сөзі түркілерге иран тілінен ауысқан. Қамқалы атауы «құндызды» сөзіне пара-пар. Зер талшықтары қосылып, тоқылған жібек матаны айтады.

 

ҚАРАҒАЙЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Вагонный қысқа көшесі. Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 256,4 м.

Қарағайлы деп қарағай көп өскен, қарағайы қалың жерді айтады. Еліміздің бірқатар жерлерінде осы аттас ауыл аттары кездеседі.

 

ҚАРАЖОРҒА ОРАМЫ 

Бұрынғы атауы № 12-113 қысқа көше. Ұзындығы – 306.6м

Қаражорға – қазақтың халық биі.

 

ҚАРҚАРА ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Молодежный қысқа көшесі. Ұлан орамынан басталады. Ұзындығы – 121,6 м.

Қарқара – Іле алабындағы өзен, Алматы облысының Райымбек ауданының жерімен ағады. 1916 жылы патша саясатына қарсы болған көтеріліс «Қарқара көтерілісі» деп аталады.

ҚАРОЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Электровозный қысқа көшесі. Қашаған көшесінен басталып, Сүмбе орамында аяқталады.                       Ұзындығы –  174,4 м.

Қараой – Алматы облысы Балқаш ауданындағы елдімекен.

 

ҚАРТАЛЫ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Қарталы көшесінен басталады. Ұзындығы – 188,3 м.

Қарталы – басы оңтүстiк Оралдың шығыс етегiнен басталып, Қазақстандағы Әйет өзенiне құяды.

 

ҚАТАРКӨЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – М.Кольцов қысқа көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Ақкөл қысқа көшесінде аяқталады. Қатаркөл орамы Шиелі, Сусамыр көшелерімен қиылысады.                 Ұзындығы – 538,1 м.

Қатаркөл – көл атауы. Қатар жатқан көлдерді осылай атаған. Ақмола облысы, Бурабай ауданында Қатаркөл атты көл және елді мекен бар.

 

ҚОБДА ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Энергетиктер қысқа көшесі. Абылай хан даңғылынан басталады. Ұзындығы – 629,4 м.

Қобда – Елек алабындағы өзен. Ұзындығы – 225 шақырым. Қарақобда мен Сарықобда өзендерінің қосылған жерінен басталып, Елек өзеніне құяды. Ақтөбе облысында осы аттас аудан бар.

 

ҚОҒАЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 153 қысқа көше. Қамажай орманынан басталады. Ұзындығы – 120,1м.

Қоғалы – Қазақстандағы бірқатар өңірінде кездесетін байырғы  жер-су атауы.

 

ҚОРҒАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №177 қысқа көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қорған орамы Қыз Жібек көшесінен басталады.                 Ұзындығы – 301,2 м.

Қорған – жау шабуылынан қорғану үшін жасалған қамал, бекініс. Елімізде осы аттас елдімекендер көздеседі.

 

 

 

ҚОСАЛҚА ОРАМЫ  

Бұрынғы атауы №105 қысқа көше. Мирзоян көшесінен басталып, Манатау, Сырымбет көшелерін қиып өтеді.               Ұзындығы – 806,1 м.

Қосалқа – Дәулеткерей Шығайұлының күйі.

 

ҚОСБАСАР ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы  №161  қысқа  көше.  Мирзоян  көшесінен  басталып, Манатау   көшесін    қиып,   М.Жұмабаев      даңғылында    аяқталады. Ұзындығы – 160,0 м.

Қосбасар – Тәттімбет Қазанғапұлының күйі.

 

ҚОСТАНАЙ ОРАМЫ

Өндіріс көшесінен басталып, Бектау көшесінде аяқталады. А.Матросов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 433,1 м.

Қостанай – облыс және қала атауы. Қостанай қаласы – Қазақстандағы аса ірі темір, әуе және автомобиль жолдары тораптарының бірі. Қалада тамақ, жеңіл, құрылыс, химия, электроэнергетика өнеркәсіптері дамыған. Қостанай облысы елімізде жер аумағы жағынан ең ірі облыстардың бірі. Облыста ауыл шаруашылығы, әсіресе, егіншілік қатты дамыған.

 

ҚОЯНДЫ ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы –  Андре  Марти   қысқа   көшесі.  Оқжетпес     көшесінен басталып, Ақмая, Ақбастау, Арқат орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 376,1 м.

Қоянды – Сарыарқаның қиыр оңтүстік-батысындағы шоқылы тау, Қарағанды облысындағы елдімекен атауы. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Алаш қозғалысының бастауы болған «Қарқаралы құзырхаты» қабылданған. Құзырхатты дайындағандар Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпаев және т.б.

 

ҚҰМСУАТ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №140 қысқа көше. Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 378,3 м.

Құмсуат – Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы елдімекен.

 

ҚҰРАҚТЫ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – А.Суворов қысқа көшесі. Конституция көшесінен басталып, Қырыққыз орамында аяқталады. М.Дулатов, Тайсойған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 733,6 м.

Құрақты – шалғыны мол, шұрайлы жер атауы. Қазақтар шөбі шүйгін, жасыл жерді «құрақ» деп атаған.

 

ҚЫЗАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №6 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 401,3 м.

Қызан – Маңғыстау облысындағы жер атауы. Бұл жер Мұрын жыраудың туған жері.

 

ҚЫЗЫЛЖАР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Петропавл қысқа көшесі. Жезкиік орамымен қиылысып, Сусамыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 375,2 м.

Қызылжар – еліміздегі көптеген елді мекендердің атауы. «Қызыл» сөзінің мәні жардың топырақ бетінің реңімен байланысты.

 

ҚЫЗЫЛКӨЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №8 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 387,8 м.

Қызылкөл – Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы тұзды көл.

 

ҚЫЗЫЛҚҰМ ОРАМЫ

Бұрынғы   атауы  -  №28   қысқа  көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 303,4 м.

Қызылқұм – Әмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Сондай-ақ елді мекен атауы.

 

ҚЫЗЫЛТАС ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 149 қысқа  көше. Бастау көшесінен басталады. Ұзындығы –183,2 м.

Қызылтас – Қазақстанның бірқатар өңірінде кезедесетін жер-су  атауы

 

ҚЫРАНҚИЯ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Вячеславский қысқа көшесі. В.Вишневский көшесінен басталып, Вячеславский көшесінде аяқталады.                      Ұзындығы – 251,1 м.

Қыранқия – Алматы облысындағы  таудың атауы.

ҚЫРАТ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Турбинный қысқа көшесі. А.Чехов көшесінен басталады. Ұзындығы – 45 м.

Қырат – жер бетінің төңірегімен салыстырғандағы көтеріңкі бөлігі.

 

ҚЫРЫҚҚЫЗ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – С.Чернов қысқа  көшесі. Ақан сері көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. А.Суворов, Құрақты қысқа көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 321,7 м.

«Қырыққыз» – қарақалпақ халқының батырлық эпосы.

 

ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы  -  №169  қысқа  көше.   «Комсомольский»   тұрғын   алабы. Ақын Сара көшесінен басталып, Тұмар ханым көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 334,5 м.

«Ләйлі-Мәжнүн» – шығыс халықтарында кең тараған ғашықтық дастан.

 

ЛЕВ ТОЛСТОЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Күлтөбе орамынан басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 488,8 м.

Лев Николаевич Толстой (1828-1910) – орыстың ұлы жазушысы. «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Арылу» сияқты классикалық романдардың авторы.

 

ЛЕНИНГРАД ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Г.Чичерин қысқа көшесінен басталып, Мырзашөл орамында аяқталады. Ұзындығы – 160,1 м.

Ленинград – Ленинград қаласының (қазіргі Санкт-Петербург) атауына байланысты қойылған.

 

МАЙБАЛЫҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Зеленый қысқа көшесі. Көксай көшесінен басталады. Ұзындығы – 352,3 м.

Майбалық – Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы жер атауы.

 

МАЙЛЫКЕНТ ОРАМЫ 

Бұрынғы атауы №39 қысқа көше. Х.Болғанбаев, М.Сералин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 448,7 м.

Майлыкент – еліміздің оңтүстігінде кездесетін елдімекен атауы.

 

 

МАКИН ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Астрахан қысқа көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 303,6 м.

Макин – Ақмола облысы Бұланды ауданындағы елдімекен атауы.

 

МАЛЫБАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 12-47 қысқа  көше. Жаһанша Сейдалин көшесінен басталады. Ұзындығы – 181,2м.

Малыбай – Қазақстанның бірқатар өңірінде кезедесетін  жер-су атауы бар.

 

МАНКЕНТ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №36-4 қысқа көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Жылыой көшесінен басталады. Ұзындығы – 266,7 м.

Манкент – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы ауыл, теміржол стансасы.

 

МАРАЛДЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Совхозный  қысқа көшесі. Мәскеу көшесінен басталып, Дальний қысқа көшесінде аяқталады. Керегетас көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 333,7 м.

«Маралды» деп марал өскен, маралы көп жерді айтады. Осы аттас көл мен елдімекен бар.

 

МАРАЛСАЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №152 қысқа көше. Қамажай орамында аяқталады. Ұзындығы –155,7 м.

Маралсай – жер атауы. Елімізде осындай елдімекен атаулары кездеседі.

 

МАШАТ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №36-11 қысқа көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Имантау көшесінен басталып, Атырау көшесінде аяқталады. Ұзындығы–266 м.

Машат – Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы ауыл.

 

МӘРТӨБЕ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №36-17 қысқа көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Жылыой көшесінен басталып, Аягөз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 146,3 м.

Мәртөбе – Сайрам маңындағы жота. XVIII ғасырдың  2-жартысында елдің ішкі саяси өміріне қатысты мәселелерді шешу үшін Мәртөбе жотасына үш жүздің игі жақсылары жыл сайын мәслихатқа жиналып отырған.

 

МЕРГЕН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №113 қысқа көше. «Мичурин» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 183,9 м.

Мерген – нысанаға дәл тигізетін шебер атқыш. Қазақ жасағында мергендер жеңіске жетуге үлкен үлес қосқан.

 

МЕРЕЙ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №17 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Балқантау көшесінен басталып, Таскескен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 200,1 м.

Мерей – абырой, атақ, мәртебе деген мағынаны білдіреді. Үлкен кісілер бата бергенде «мерейлі бол» деп бата береді.

 

МИНСК ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Жұбанов көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 396,1 м.

Минск – Беларусь Республикасының астанасы.

 

МИРНЫЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Иманов көшесі мен М.Дубинин қысқа көшесінің ортасында орналасқан. Ұзындығы – 204,7 м.

Мирный – «бейбіт, тыныштық» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас елді мекендер де кездеседі.

 

МИХАИЛ ДУБИНИН ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Жұбанов көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 241,3 м.

Михаил Михаилович Дубинин (1900-1993) – Ресей Ғылым Академиясының академигі. Социалистік Еңбек Ері.

 

МИХАИЛ КУТУЗОВ ОРАМЫ

Аспара көшесінен басталып, А.Чехов көшесінде аяқталады.

Михаил  Илларионович  Кутузов  –  даңқты  орыс қолбасшысы, князь.

 

 

 

МИХАИЛ ЛОМОНОСОВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Иманов көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 199,3 м.

Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) – жаратылыстану ғылымының, орыс әдеби тілінің негізін салушы, суретші, тарихшы, энциклопедиялық білімді ақын.

 

МОЙНАҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Аққайың қысқа көшесі. «Өндіріс» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 297,1 м.

Мойнақ – құрлықтың екі ірі бөлігін немесе екі құрлықты жалғастыратын жіңішке жолақ.

 

МҰҒАЛЖАР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №124 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында (оң жақ) орналасқан. Ұзындығы – 356,9 м.

Мұғалжар – Ақтөбе облысындағы тау, аудан атауы.

 

МҰЗБЕЛ ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы  №12-115  қысқа  көше.  В.Радлов   көшесінен     басталып, Айдархан Тұрлыбаев көшесін қиып, Сүйінбай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 306,6 м.

Мұзбел – Шығыс Қазақстан облысындағы асу.

 

МЫРЗАШӨЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Совет армиясы қысқа көшесі. А.Радищев көшесінен басталып, А.Жұбанов көшесінде аяқталады.                 Ұзындығы – 398,9 м.

Мырзашөл – Сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып жатқан құмды шөл.

 

НАЗҚОҢЫР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №12-77 қысқа көше. Шөже ақын көшесінен басталып, Жаяу Мұса көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 211,5 м.

Назқоңыр – халық әні.

 

НАЙЗАТАС ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №138 қысқа көше. «Өндіріс» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 583,3 м.

Найзатас – Баянауыл ауданындағы Желтау тауының оңтүстік-батысында орналасқан тау.

 

НАУРЫЗЫМ ҚЫСҚА КӨШЕСІ  

Бұрынғы атауы – №142 қысқа көше. «Промышленный» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 341,2 м.

Наурызым – Қостанай облысындағы Наурызым және Әулиекөл аудандарындағы мемлекеттік қорықтың және осы облыстағы ауданның атауы.

 

НИКОЛАЙ ГАСТЕЛЛО ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Жәнібек тархан көшесінен басталып, А.Иманов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423 м.

Николай Гастелло (1908-1941) – ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры.

 

НИКОЛАЙ ОСТРОВСКИЙ ОРАМЫ

Тамшалы    көшесінен    басталып,    Герцен    көшесінде   аяқталады.

Николай Алексеевич Островский – орыс жазушысы, «Құрыш қалай шынықты» романының авторы.

 

НИКОЛАЙ ЧЕРНЫШЕВСКИЙ ОРАМЫ

Әулиеата көшесінен басталып, Жерұйық көшесінде аяқталады.

Николай Гаврилович Чернышевский – аса көрнекті орыс көсемсөзшісі, сыншысы, жазушысы.

 

НҰРА ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №1 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Нұра қысқа көшесі Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 194,5 м.

Нұра – Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен ағатын өзен.

 

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Болашақ көшесінде аяқталады. Жаңақоныс көшесімен қиылысады.                              Ұзындығы – 1009,6 м.

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998) – аса көрнекті композитор, дирижер, домбырашы. Қазақстанның «Халық қаһарманы», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

 

 

 

 

НҰРЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №22 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қарқабат көшесінен басталып, Құндызды көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 208 м.

Нұрлы – «нұрға бөленген, шұғылалы, сәулелі» деген мағынаны білдіреді.

 

ОҒЫЛАНДЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Проектный қысқа көшесі. С.Мұхамеджанов көшесінен басталып, А.Байтұрсынұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 630 м.

Оғыланды – Үстірттің оңтүстік сілеміндегі киелі орын. Бекет ата мешіті осы қасиетті орынға жақын орналасқан.

 

ОДЕССА ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Севастополь қысқа көшесінен басталады. Ұзындығы – 180,5 м.

Одесса  – Украинадағы қала.

 

ОЙТОҒАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 33 қысқа көше. М.Жұмабаев даңғылынан басталады. Ұзындығы –384,3м.

Ойтоған –  елімізде осы аттас ауыл атауы кездеседі.

 

ОРАЛ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Железнодорожный қысқа көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 264,9 м.

Урал – Шығыс-Еуропалық және Батыс-Сібірдің ортасындағы аумақ, тау.

 

ӨРКЕН ОРАМЫ

Байқоңыр көшесінде аяқталады. «Көктал-1» тұрғын үй алабы.

Өркен – өсімдіктің негізгі бөлігі. Сабақтан және онда дамитын жапырақ пен бүршіктен тұрады.

 

ПАВЛИК МОРОЗОВ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Ә.Сембинов көшесінен басталып, Е.Брусиловский көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 757,5 м.

Павлик  Морозов  (1918-1932) – кеңес дәуіріндегі батыр пионер. 

 

 

ПЕРНЕ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №12-59 қысқа көше. Кербезқыз көшесінен басталып, М.Мөңкеұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 230,5 м.

Перне – қазақ халқының ұлттық аспабы- домбыраның пернесі. Поэтикалық атау.

 

ПЕТР ЧАЙКОВСКИЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Кенесары көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 402,5 м.

Петр Ильич Чайковский (1840-1893) – композитор, дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. «Евгений Онегин», «Орлеан қызы», «Мазепа», т.б. көптеген опералардың авторы.

 

РАУАН ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Связистер  қысқа   көшесі.  А.Чехов көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Сүмбе орамымен қиылысады. Ұзындығы – 905,5 м.

«Рауан» – «таңғы жарық, сәуле, нұр» деген мағынаны білдіреді.

 

РЕЧНОЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

М.Ғабдуллин көшесімен қиылысып, Ш.Иманбаева көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 348,3 м.

Речной – өзен алабы. «Кеме жүретін өзен жолы» деген мағынаны білдіреді.

 

САЙРАМ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №16 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ)Балқантау көшесінен басталып, Таскескен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 200,9 м.

Сайрам – ортағасырлық қала,  Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Қазіргі кезде осы аттас аудан бар.

САҚҚОРҒАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Ф.Ушаков қысқа көшесі. М.Дулатов көшесінен басталады. Ұзындығы – 686,3 м.

Саққорған – Алтын адам табылған жердің атауы.

 

САНДЫҚТАС ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Кирпичный қысқа көшесі. Арқарлы көшесінен басталып, Аққайың орамында аяқталады. Ұзындығы – 102 м.

Сандықтас – мекен аты.

САРҚЫРАМА ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №40-5 қысқа көше. Дарабоз көшесінен басталады. Ұзындығы – 383,1 м.

Сарқырама – Есіл алабындағы өзен.

 

САРТАУ ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы – №14  қысқа  көше.  Оңтүстік-Шығыс  тұрғын  алабы (оң жақ). Обаған көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 301,5 м.

Сартау – жер-су атауыЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілеміне кіретін жекелеген тау жотасы.

 

САРЫАҒАШ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №131 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында (оң жақ) орналасқан. Ұзындығы – 409,6 м.

Сарыағаш – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала, аудан атауы.

 

САРЫАДЫР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Школьный қысқа көшесі. Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Ақбидай көшесінде аяқталады. Аршалы орамымен қиылысады. Ұзындығы – 424,9 м.

Селеу жапқан белдерді қазақ халқы «сарыадыр» деп атаған

 

САРЫАРҚА ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – Делегатский қысқа көшесі. С.Челюскиндер көшесінен басталып, Н.Некрасов көшесімен қиылысады.                 Ұзындығы – 120,8 м.

Сарыарқа – Қазақстанның орталық және шығыс бөлігін алып жатқан ұлан-ғайыр өлке. Бұл сөздің мағынасы едәуір ұлғайып, қазір «қазақ даласы», «атамекен» деген ұғымдармен қатар қолданылады.

 

САРЫКЕҢГІР ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №40-4 қысқа көше. Дарабоз көшесінен басталады. Ұзындығы – 346,3 м.

Сарыкеңгір  – Сарысу алабындағы өзен атауы.

 

САЯН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №139 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ұзындығы – 446,5 м.

«Саян» – монғол тілінен енген сөз, «тау аты» деген мағынаны білдіреді. Бұл аттас адам және жер-су атаулары бар.

 

СӘЙГҮЛІК ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – 12-79 қысқа көше. Шөже ақын көшесінен басталып, Жаяу Мұса көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 149,3 м.

Сәйгүлік  – жылқы малына қолданылатын атау.

 

СЕВАСТОПОЛЬ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Е.Брусиловский көшесінен басталып, А.Янушкевич көшесінде аяқталады. А.Жұбанов, Д.Лихачев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 474,3 м.

Севастополь – Украин Республикасындағы қала.

 

СОЗАҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №144 қысқа көше. А.Пушкин көшесінен басталады. Ұзындығы – 603,4 м.

Созақ – тарихи атау, көне қала. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан атауы.

 

СТЕПАН РАЗИН №1 ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Жамбыл көшесінен басталып, Мәскеу көшесінде аяқталады. Домбыралы, С.Разин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 410,5 м.

Разин Степан Тимофеевич (1630-1671) – Ресейдегі шаруалар көтерілісінің жетекшісі.

 

СҰЛАМА ОРАМЫ 

Бұрынғы атауы № 12-51 қысқа  көше. Құлтума ақын көшесінен басталып, Таңжарық Жолдыұлы орамымен қиылысады.                  Ұзындығы – 235,7м.

Сұлама – кең көсіліп жатқан жазық жер.

 

СҰЛУТАЛ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 12-46 қысқа  көше. Жаһанша Сейдалин көшесінен басталады. Ұзындығы – 181,1м.

Сұлутал – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы ауыл.

 

СҮМБЕ ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы  –  Н.Филатов   қысқа  көшесі.  Рауан   қысқа      көшесінде    аяқталады.  Шыршық,  Қарой,  Айдын  орамдарымен  қиылысады. Ұзындығы – 407,7 м.

Сүмбе – жер атауы. Осы аттас елді мекендер кездеседі.

 

СҮТБҰЛАҚ ОРАМЫ 

Бұрынғы атауы № 111 қысқа  көше. Нұрхан Ахметбеков көшесінен басталып, Бірімжановтар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 24,0 м.

Сүтбұлақ – Алатаудың шығыс бөлігіндегі асу.  Елімізде осы аттас жер-су аттары кездеседі.

 

СҮТКЕНТ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №  143  қысқа  көше. Мұхаметжан Сералин көшесінен басталып, Хайретдин Болғанбаев көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 358,5м.

Сүткент – орта ғасырлық көне қала. Сырдарияның сол жағалауында. Қазақстан жерінде осы аттас ауыл аттары көп кездеседі.

 

СЫРҒАЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №  12-60 қысқа  көше. Кербезқыз көшесінен басталып, Мұрат Мөңкеұлы көшесінде аяқталады.                        Ұзындығы – 228,4м.

Сырғалы – сырға таққан  қыз-келіншектерге арналып айтылған атау. Осы аттас ән бар.

 

ТАЙТӨБЕ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №8 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 486,9 м.

Тайтөбе – Ақмола облысы Целиноград  ауданындағы шоқы, кент.

 

ТАЛАС ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – №7 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабыЖаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 290,7 м.

Талас – Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы – 661 шақырым. Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу аудандары жерімен ағады.

 

ТАЛДЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 40-3 қысқа  көше. Дарабоз көшесінен басталады. Ұзындығы – 310,7м.

Талды – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы ауыл.

 

ТАРЛАН ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы – №25  қысқа  көше. Оңтүстік-Шығыс  тұрғын  алабы (оң жақ). Дауылпаз көшесінен басталып, Балталы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 285,8 м.

Тарлан – үздік, айрықша дегенді білдіретін поэтикалық атау.

 

ТАСБҰЛАҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – В.Вересаев қысқа көшесі. А.Чехов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 55,8 м.

Тасбұлақ – атаудың «тастай суық бұлақ» немесе «табанында тасы көп бұлақ» дегенді білдіреді.

 

ТАСШОҚЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы №40-8 қысқа көше. Дарабоз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 438,8 м.

Тасшоқы – елімізде осы аттас елдімекен атаулары бар.

 

ТЕМІРТАУ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №7 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ)Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 395,2 м.

Теміртау – Қарағанды облысындағы ірі өнеркәсіптік қала, теміржол стансасы. Теміртау қара металлургияның, химия, энергетика өнеркәсіптерінің және құрылыс индустриясының ірі ортасы.

 

ТЕҢІЗ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Л.Чайкина қысқа көшесі. Шиелі көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 160,1 м.

Теңіз – Қорғалжын алабындағы көл. Ақмола облысының оңтүстік-батысында орналасқан.

 

ТЕРЕКТІ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – ФЗО қысқа көшесі. Ақбидай көшесінен басталады. Ұзындығы – 112,7 м.

Теректі – терегі мол өсетін жерді айтады. Сондай-ақ Қазақстанның әр түкпірінде кездесетін осы аттас елді мекендер бар.

 

ТЕСІКТАС ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 40-7 қысқа  көше. Дарабоз көшесінен басталады. Ұзындығы – 422,7м.

Тесіктас – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы тау.

 

ТОБЫЛ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – М.Кутузов қысқа көшесі. А.Чехов көшесінен басталады. Ұзындығы – 81,8 м.

Тобыл – Қостанай облысындағы өзен, елдімекен.

 

ТОҚЫРАУЫН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 40-6  қысқа  көше. Дарабоз көшесінен басталады. Ұзындығы – 448,0м.

Тоқырауын –  Қарағанды облысындағы өзен атауы.

 

ТҰЛПАР ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы – №4 қысқа көше.  Оңтүстік-Шығыс  тұрғын  алабы (сол жақ).  Ырғыз   көшесінен   басталып,   Сілеті   көшесінде  аяқталады. Ұзындығы – 94,6 м.

Асқан жүйрік, дүлдүл жылқыны қазақ халқы «тұлпар» деп атаған.

 

УЛЬЯНА ГРОМОВА ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Кенесары көшесінен басталады. Ұзындығы – 145,2 м.

Ульяна Громова (1924-1943) – Кеңес Одағының Батыры.

 

УЧИЛИЩНЫЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Иманов көшесінен басталып, П.Морозов қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 200 м.

Училище – оқу-тәрбие мекемесі, түрлі дәрежедегі және деңгейдегі кәсіптік-техникалық, арнаулы орта (педогогика, медицина, өнер) оқу орындарының атауы.

 

ҰЛАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Пришкольный қысқа көшесі. Мереке көшесінен басталып, Аралқұм көшесінде аяқталады. Қарқара орамы мен Нұрлыжол көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 540,1 м.

Ұлан – «жасөспірім, жеткіншек, өрен» дегенді білдіреді.

 

ҰЛПАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – № 176 қысқа көше. «Комсомол» тұрғын алабыҰмай ана көшесінен басталып, Тұмар ханым, Айша бибі, Қыз Жібек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 492,3 м.

Ұлпан – Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романының бас кейіпкері, өмірде болған адам.

 

ҰШҚЫШТАР ОРАМЫ

Жаңақоныс    көшесінен    басталып,    Сүйінбай    ақын    аяқталады.

Ұшқыштар – ұшқыштар құрметіне қойылған атау.

 

 

ҰЯЛЫ ОРАМЫ

Жәнібек тархан көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады.

Ұялы – Ақмола облысының Зеренді, Қорғалжын аудандарындағы ауыл атауы.

 

ФЕСТИВАЛЬНЫЙ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

А.Иманов көшесінен басталып, М.Дубинин қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 203,7 м.

Фестивальный – ағылшын, француз және латын тілдерінен аударғанда – «көңілді, мерекелі» деген мағынаны білдіреді.

 

ШАБЫТ ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы – № 12  қысқа  көше. Оңтүстік-Шығыс  тұрғын  алабы  (оң жақ)Обаған көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады.Ұзындығы – 222,2 м.

Шабыт – адамның көңіл-күйінің ерекше ықыласты, әсерлі сәті.

 

ШАҒАН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Путейский қысқа көшесі. Үшқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 144,7 м.

Шаған – еліміздің бірқатар өңірлерінде кездесетін жер-су атауы.

 

ШАМШЫРАҚ ОРАМЫ 

Бұрынғы атауы – № 12-75 қысқа көше. Шөже ақын көшесінен басталып, Жаяу Мұса көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 115,8 м.

Шамшырақ  – дәстүрлі атау. Поэтикалық реңкке ие болған.

 

ШАРЫН ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №141 қысқа көше. Сарыарқа ауданында орналасқан. Ұзындығы – 277 м.

Шарын – Алматы облысындағы Шарын өзенінің төменгі ағысындағы жартасты табиғи өңір.

 

ШАТТЫҚ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №9 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ)Абылай хан даңғылынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 379,1 м.

Шаттық – адамның қуанып, шат-шадыман күйге түсуі.

 

 

 

ШАШУ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №139 қысқа көше. М.Жұмабаев даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 329,2 м.

Шашу – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық әдет-ғұрып.

 

ШЕРҚАЛА ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Заводской қысқа көшесі. Республика даңғылынан басталады. Ұзындығы – 255,9 м.

Шерқала – Жем өзенінің орта бөлігінің шығысындағы бұйратты қырқа.

 

ШЫМБҰЛАҚ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – № 3 қысқа көше. «Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталады. Ұзындығы – 257,3 м.

Шымбұлақ – Кіші Алматы шатқалының көркем жерлерінің бірінде орналасқан спорт құрылысы.

 

ШЫМКЕНТ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Абай даңғылынан басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Ә.Әлімжанов, Т.Бигелдинов көшелерімен қиылысады.                  Ұзындығы – 350,8 м.

Шымкент – Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі қалалардың бірі. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Шымкент (түркіше «шым» – алқап, қойнау және иранша «кент» – елдімекен) – «Жасыл қала» деген мағынаны білдіреді.

 

ШЫҢТАС ОРАМЫ 

Бұрынғы атауы – Ф.Кривогуз қысқа көшесі. Ф.Кривогуз көшесінен басталып, Қарасай батыр көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 936,2 м.

Шыңтас – Алматы  облысындағы жер атауы.

 

ШЫҢЫРАУ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы № 182 қысқа  көше. Тайқазан көшесін қиып өтіп,  Бұлбұл көшесінде аяқталады. Ұзындығы –203,1м.

Шыңырау – биік  төбе деген мағынаны білдіреді.

 

ШЫРАЙЛЫ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – №15 қысқа көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ)Таскескен көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 201,2 м.

Шырайлы – «көрікті, келбетті, реңді» деген мағынаны білдіреді.

ШЫРШЫҚ ОРАМЫ

Бұрынғы  атауы – Тепловозный  қысқа  көшесі. Сүмбе орамынан басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Қашаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 241,9 м.

Шыршық – жер атауы. Шыршық каналы – Өзбекстан мен Қазақстан мемлекетаралық жер суару жүйесіне жатады.

 

ШІДЕРТІ ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – Г.Димитров қысқа көшесі. Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, С.Разин көшесінде аяқталады. Жамбыл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 332,3 м.

Шідерті – Павлодар  облысындағы өзен, кент.

 

ШІЛІКТІ ҚЫСҚА КӨШЕСІ

Бұрынғы атауы – А.Герцен қысқа көшесі. Тамшалы көшесінен басталып, А.Герцен көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 259 м.

Шілікті – топонимикалық атау.

 

ЫРЫС ОРАМЫ

Бұрынғы атауы – М.Шолохов қысқа көшесіМ.Шолохов көшесінен басталып, Бестөбе көшесінде аяқталады.                    Ұзындығы – 272,8 м.

Ырыс – мол байлық, береке дегенді білдіреді.

 

ЮРИЙ ГАГАРИН ҚЫСҚА КӨШЕСІ

«Көктал» тұрғын алабы. Жаңақоныс көшесінен басталып, Бидайық қысқа көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 225,9 м.

Юрий Алексеевич Гагарин  (1934-1968) – тұңғыш ғарышкер. Кеңес Одағының Батыры.