«Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві» ММ

Ақмола қаласының Мемлекеттік мұрағаты Ақмола қаласы әкімінің 1995 жылдың 23 қарашасындағы № 3-1-120 шешімімен Целиноград облыстық әкімдігі Басшысының 1992 жылғы 3 суірдегі №17 шешімі негізіндеқала аумағында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындар құжаттарын меншік түріне қарамастан мемлекеттік есепке алу және пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.

1998 жылы Ақмола қаласының Астана қаласы болып өзгеруіне байланысты мұрағат әділет ұйымдарының тиісті қайта тіркеуінен өтіп, 1999 жылдың 23 ақпанынан Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі – Мемлекеттік мұрағат) атала бастады.

2000 жылға дейін Мемлекеттік мұрағатта 3 адам – директор, есепші, мұрағатшы-әдіскер қызмет атқарды. Мұрағатшы-әдіскер тек қана әлеуметтік-құықтық сұраныстарды орындау жұмыстарын атқарды.

1998 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының қабылдануы мұрағаттың әрекетін мемлекеттік басқарудың дербес саласы ретінде заңдастырып қана қоймай, сондай-ақ, үшбірлікті міндеттерді орындау үшін тиісті нормативті база құрудың құқықтық негізін жасады: жазбаша тарихи-мәдени мұраны қалыптастыруды, сақтауды және ғылыми қолдануды қамтамасыз етті, мұрағат ісін мемлекеттік реттеуді дамытудың басымдылығын анықтады.

Еліміздің жаңа астанасы мұрағатының келесі даму кезеңі Астана қ. мұрағаттар және құжаттамалар Басқармасының 2003 жылдың 2 маусымындағы № 08 бұйрығымен жаңа «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мекемесінің Мемлекеттік Жарғысын бекітумен байланысты. Бұл Жарғы бойынша Мемлекеттік мұрағат заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме. Оның құрылтайшысы – Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігі.

Бұл күні Мемлекеттік мұрағатта 51 қызметкер келесі құрылымдық бөлімдерде жұмыс істейді: ұйымдастыру-әдістемелік және кадр жұмысы бөлімі, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ету және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімі, мемлекеттік құпияны қорғау бойынша бөлімше, ведомстволық мұрағаттардың қызметін үйлестіру және іс жүргізу бөлімі, құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімі, әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау бөлімі, каталогтар құру және ақпараттық технологиялар бөлімі, Есіл және Сарыарқа аудандарының жеке құрам бойынша бөлімдері, қаржы-шаруашылық бөлімі.

Байланыстар