«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама 

2019 жылдың «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды, құрамына: Басқарма басшысының орынбасары С. Есіркеп, әкімшілік бөлімінің басшысы Б.Т. Асылбеков, Тілдерді дамыту, талдау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.Ғ. Қасқатаева, Ономастикалық жұмыс және мемлекеттік рәміздер бөлімінің басшысы Г. Құрманғалиқызы, ҚР Ұлттық мұрағат қорын пайдалану және мемлекеттік есебін жүргізу, ведомстволық архивтерді инспекциялау және құжаттаманы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ж. Тажина кіретін жұмыс тобы жүргізді.

Ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазанда бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ (бұдан – әрі Басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасының     2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңды, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6-наурыздағы № 06-433 қаулысымен бекітілген Басқарма туралы ережені басшылыққа алады. 

  1. НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ КОРРУПЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР 

Басқарма төрт құрылымдық бөлімшеден тұрады:

  • Ономастикалық жұмыс және мемлекеттік рәміздер бөліміні;
  • Тілдерді дамыту, талдау және ұйымдастыру бөліміні;
  • ҚР Ұлттық мұрағат қорын пайдалану және мемлекеттік есебін жүргізу, ведомстволық архивтерді инспекциялау және құжаттаманы ұйымдастыру бөліміні;
  • Әкімшілік бөлім;

Бөлімдер туралы Ереже  басқарма басшысының 2018 жылғы 05 сәуірдегі № -03-24/30 бұйрығымен бекітілген.

 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
  1. Қызметкерлерді басқару, оның ішінде қызметкерлердің айналымы

Басқарманың штаттық кестесі Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 114-6 өкімімен бекітілді. 2019 жылғы талдау кезінде басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны 19 адамды құрады, бос орындар – жоқ.

2019 жылдың І жартыжылдығының кадр айналымы жоқ.

Қызметті ұйымдастырады және жұмыс атқарады, келесі комиссиялар: тұрғын үй комиссиясы, еңбек өтілін есептеу комиссиясы.

Қызметкерлер туралы ай сайынғы деректер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне және Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (әскери міндеттілер бойынша) жіберіледі.

  1. Мүдделер қақтығысы

Басқарма жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезінде, мүдделер қақтығысы (мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның ресми өкілеттіктері арасындағы қайшылық, онда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерінің болуы олардың лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе дұрыс орындамауына әкелуі мүмкін).

  1. Мемлекеттік қызметтер

Басқарма мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функцияларды, олардың болмауына байланысты, жүзеге асырмайды.

  1. Рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру

Басқарманың ережесінде бақылау және қадағалау функцияларын орындау қарастырылмаған.

  1. Басқармаға жеке және заңды тұлғалардың түскен өтініштер

Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасында шағымдану бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидасының негізінде және «Айқын» жобасы бойынша жүзеге асырылады, ол барлық мемлекеттік органдардың өтініштерді қарастыру барысында ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқарманың бөлімшелерінде орындау тәртібін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері Басқарманың аппараттық жиналыстарында жүйелі түрде қаралады.

Бөлімдерде осы салалардағы жұмыс жағдайын талдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету, бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданып, өтінімдерді белгіленген орындау мерзімін бұза қарауды болдырмау.

2019 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына байланысты Басқарма басшылығының әрекеттеріне азаматтардан ауызша және жазбаша өтініштер түспеді.

Басқарма басшылығы азаматтарды жеке қабылдау үшін арнайы сағаттар мен күндерді белгіледі, қабылдау кестесі кең жұртшылық үшін қол жетімді жерде орналастырылды және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.

2019 жылы Басқармаға 100-ден астам заңды тұлғалардан, жеке тұлғалардан өтініштер келіп түсті. Барлық өтініштер қаралып, уақытында орындалады. 2019 жылы қорытындылары туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кеңсесіне статистикалық есеп берілді. 

  1. Басқа мәселелер

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі тілдерді дамыту саласы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, архив қоры құжаттарын сақтау, жинақтау, есепке алу, қорғау мен пайдалану, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аумағында Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың миссиясы: мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, толеранттық тілдік орта құру, архив қорының сақталуын, толымдалуын, есебін, қорғалуы мен пайдалануын қамтамасыз ету, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау саласында бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру, Нұр-Сұлтан қаласының халқына сапалы және қолжетімді қызмет ұсыну.

Қызметкерлердің ресми, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану фактілері белгіленбеген.

Осы уақыт мерзіміндегі жағдайы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын бұзу жоқ.

_____________________