«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама 

2020 жылдың 1 тоқсанында «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды, құрамына: Басқарма басшысының орынбасары С. Есіркеп, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Т. Асылбеков, Тіл саясатын үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Ғ. Қасқатаева, Ономастика және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Т.Б. Ермағамбетов, Архив ісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы м.а Г. Рысмамбетова кіретін жұмыс тобы жүргізді.

Ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазанда бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ (бұдан – әрі Басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасының     2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңды, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6-наурыздағы № 06-433 қаулысымен бекітілген Басқарма туралы ережені басшылыққа алады. 

  1. НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ КОРРУПЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР 

Басқарма төрт құрылымдық бөлімшеден тұрады:

  • Ономастика және әдістемелік жұмыстар бөлімі;
  • Тіл саясатын үйлестіру бөлімі;
  • Архив ісін ұйымдастыру бөлімі;
  • Әкімшілік бөлімі;

Бөлімдер туралы Ереже  басқарма басшысының 2018 жылғы 05 сәуірдегі № -03-24/30 бұйрығымен бекітілген. 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
  1. Қызметкерлерді басқару, оның ішінде қызметкерлердің айналымы

Басқарманың штаттық кестесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы №01-10 өкімімен бекітілді. 2020 жылдың 1 тоқсанына талдау кезінде басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны 16 адамды құрады, бос орындар – 1 .

2020 жылдың І тоқсанында кадр айналымы; Архив ісін ұйымдастыру бөліміне бас маман лауазымына жұмыскер қабылданды, Архив ісін ұйымдастыру бөлімінің басшысы декреттік демалысқа кетуіне байланысты жұмыс орны босады.

Қызметті ұйымдастырады және жұмыс атқарады, келесі комиссиялар: тұрғын үй комиссиясы, еңбек өтілін есептеу комиссиясы.

Қызметкерлер туралы ай сайынғы деректер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне және Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (әскери міндеттілер бойынша) жіберіледі.

  1. Мүдделер қақтығысы

Басқарма жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезінде, мүдделер қақтығысы (мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның ресми өкілеттіктері арасындағы қайшылық, онда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерінің болуы олардың лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе дұрыс орындамауына әкелуі мүмкін).

  1. Мемлекеттік қызметтер

Басқарма мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функцияларды, олардың болмауына байланысты, жүзеге асырмайды.

  1. Рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру

Басқарманың ережесінде бақылау және қадағалау функцияларын орындау қарастырылмаған.

  1. Басқармаға жеке және заңды тұлғалардың түскен өтініштер

Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасында шағымдану бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидасының негізінде және «Айқын» жобасы бойынша жүзеге асырылады, ол барлық мемлекеттік органдардың өтініштерді қарастыру барысында ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқарманың бөлімшелерінде орындау тәртібін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері Басқарманың аппараттық жиналыстарында жүйелі түрде қаралады.

Бөлімдерде осы салалардағы жұмыс жағдайын талдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету, бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданып, өтінімдерді белгіленген орындау мерзімін бұза қарауды болдырмау.

2020 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына байланысты Басқарма басшылығының әрекеттеріне азаматтардан ауызша және жазбаша өтініштер түспеді.

Басқарма басшылығы азаматтарды жеке қабылдау үшін арнайы сағаттар мен күндерді белгіледі, қабылдау кестесі кең жұртшылық үшін қол жетімді жерде орналастырылды және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.

2020 жылдың 1 тоқсанында Басқармаға 10-нан астам заңды тұлғалардан, жеке тұлғалардан өтініштер келіп түсті. Барлық өтініштер қаралып, уақытында орындалады. 2020 жылдың 1 тоқсаны қорытындылары туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кеңсесіне статистикалық есеп берілді. 

  1. Басқа мәселелер

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі тілдерді дамыту саласы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, архив қоры құжаттарын сақтау, жинақтау, есепке алу, қорғау мен пайдалану, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аумағында Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарманың миссиясы: мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, толеранттық тілдік орта құру, архив қорының сақталуын, толымдалуын, есебін, қорғалуы мен пайдалануын қамтамасыз ету, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау саласында бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру, Нұр-Сұлтан қаласының халқына сапалы және қолжетімді қызмет ұсыну.

Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ-нің  2020 жылға арналған  құқықтық  мониторинг жүргізу кестесіне сәйкес Басқарманың 3 (үш) құқықтық актіге мониторинг жүргізді. Атап айтсақ:

  1. «Астана қаласының данғылдары,  көшелері мен басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау және біріктіріп атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы  05 желтоқсандағы № 60 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының  2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 33/6-IV шешімі;
  2. «Астана қаласының жаңа әкімшілік орталық көшелеріне және магистральға атау беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 61 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының  2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 46/7-IV шешімі;
  3. «Астана қаласы «Өндіріс», «Железнодорожный», «Промышленный», «Интернациональный», «Пригородный» тұрғын алаптарының жекелеген көшелерін қайта атау туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы  21 желтоқсандағы № 62 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 45/7-IV шешімі

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан  қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау берілді.

1) «№ 10 мектеп-гимназиясына» Жұмабек Тәшеневтің;

2) «№ 48 мектеп-лицейіне» Ахмет Байтұрсынұлының;

3) «№ 52 мектеп-гимназиясына» Бейімбет Майлиннің;

4) «№ 56 мектеп-лицейіне» Шәкәрімнің;

5) «№ 57 орта мектебіне» Мәшһүр Жүсіптің;

6) «№ 58 мектеп-гимназиясына» Ілияс Жансүгіровтің;

7) «№ 68 мектеп-гимназиясына» Міржақып Дулатұлының;

8) «№ 76 мектеп-лицейге» Әлихан Бөкейханның;

9) «№ 80 мектеп-гимназиясына» Сәкен Сейфуллиннің;

10) «№ 84 мектеп-лицейіне» шейх Халифа бен Заид  әл-Нахаянның;

11) «№ 85 мектеп-лицейіне» шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің;

12) «Оқушылар сарайына» Әл-Фарабидің есімдері.

 

«Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысы бекітілген, сондықтан Қазақстан Президенті Әкімшілігінің 2019 жылғы 21 қыркүйектегі № 19-377-4 тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдеріне 2020 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан  аралығындағы  кезеңде  әкімшілік-аумақтық  бірліктерді  құру (аудан, қала және т.б.), тарату мен қайта құру және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көше, даңғыл және т.б.) атау беру, атауын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізбеу тапсырылды. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру, атауын өзгерту бойынша жұмыстары уақытша тоқтатылған.

 

Қызметкерлердің ресми, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану фактілері белгіленбеген.

Осы уақыт мерзіміндегі жағдайы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын бұзу жоқ.

_____________________