Regulation

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 

  1. Жалпы ережелер

1. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі тілдерді дамыту саласы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, архив қоры құжаттарын сақтау, жинақтау, есепке алу, қорғау мен пайдалану, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аумағында Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі миссиясы: мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, толеранттық тілдік орта құру, архив қорының сақталуын, толымдалуын, есебін, қорғалуы мен пайдалануын қамтамасыз ету, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау саласында бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру, Нұр-Сұлтан қаласының халқына сапалы және қолжетімді қызмет ұсыну.

15. Міндеттері:

1) мемлекеттік тілдің функцияларын кеңейту, оның мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

2) қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану үшін жағдай туғызуға ықпал жасау;

3) мемлекеттік тілді меңгеруге қажетті жағдай туғызуға ықпал жасау және оны оқыту курстарын ұйымдастыру;

4) этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін үйренуіне және дамуына қолдау көрсету;

5) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында архив ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекет саясатты іске асыру;

6) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында архив қорын пайдалануға және қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдау;

7) «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

8) мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

9) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;

10) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға ықпал жасау;

11) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтауға ықпал жасау;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;

2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдалануын (орнатылуын, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;

4) ведомстволық объектілер, шетелдік өкілдіктер, коммерциялық және басқа да құрылымдар ғимараттарының жарнамалық және басқа да маңдайшаларын безендіру кезінде тіл мәдениетін жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу;

5) ақпараттық және жарнамалық рәсімдеудің эскиздік жобасы мәтіндерінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне келісім беру;

6) қалалық ономастикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз ету, атаулар және қайта атаулар туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу:

қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, орамдар, саябақтар, шағынгүлбақтар, көпірлер және қаланың басқа да құрамды бөліктері, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясының өзгеруі;

«Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін физика-географикалық, топонимикалық, өнеркәсіптік және басқа да объектілер;

7) қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілдің функциясын кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

8) мемлекеттік және өзге де тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыруды басшылыққа алу;

9) тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау саласында іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және оны іске асыруды қамтамасыз ету;

10) Қазақстан халқы тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасау жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

11) тіл саясаты, архив ісі және құжаттама, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша жиналыстар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру мен өткізу;

12) мемлекеттік тілде іс жүргізу, архивтік іс жүргізу, сыртқы жарнама және көрнекі ақпарат мәтіндерін рәсімдеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау жұмысы барысында туындайтын мәселелер бойынша кеңестік көмек көрсету;

13) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы мәнінде мониторинг жүргізу;

14) «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету;

15) Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын жинақтау, сақтау және есепке алу жөнінде ұйымдастыру іс-шараларды жүзеге асыру, «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесіне құжаттарды берудің белгіленген тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;

16) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер жүйелерінің енгізілуі мен жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;

17) Қалалық сараптау-тексеру комиссиясының және Қалалық құпия сараптау-тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

18) «Әкімдіктің электрондық архиві” автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің екінші кезеңін әзірлеуге, келісу мен іске асыруға қатысу;

19) «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәнінде тексерістер жүргізу;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қатысты өкілеттікті жүзеге асыру;

21) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау;

22) Қазақстан Республикасының тіл, мемлекеттік рәміздер, архив қоры және архив туралы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының тіл, архив ісін жүргізу және мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының тіл, архив ісін жүргізу және мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

3) Қазақстан Республикасының тіл, архив ісін жүргізу және мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғаларға әкімшілік және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды тиісті органдарға енгізу;

4) Қазақстан Республикасының тіл және мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының орындалуын бақылау нәтижелері бойынша мәселені жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі орынбасарының төрағалық етуімен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру және мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмысшы тобының қарауына енгізу;

5) сот талқылауларында талапкер немесе жауапкер ретінде әрекет ету;

6) меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар басшыларынан, сондай-ақ басқа органдар мен заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау және архив ісін жүргізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпарат пен құжаттарды сұрату;

7) ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің мәні мен мақсатын анықтау;

8) тілдерді дамыту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану саласы бойынша, архив ісі саласында құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

9) Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» қызметін ұйымдастыру

18. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары бар.

21. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасары мен «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері басшыларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының, басшы орынбасарлары мен бас бухгалтерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

2) «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарын, қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшы орынбасарлары мен бас бухгалтерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарын, қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшы орынбасарлары мен бас бухгалтерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;

4) «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнама нормаларын сақтамағаны үшін жауапты болады;

5) бөлімдер туралы ережелерді бекітеді;

6) өз құзыреті шегінде «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар шығарады;

7) «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі құқықтық актілер мен өзгеде құжаттардың әзірленуін бақылайды;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының тіл туралы, мемлекеттік рәміздер туралы, архив ісі мен құжаттамаларды айналымы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оларды бұзу деректерін қарастырып, шешім қабылдайды;

9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың мүддесін білдіреді;

10) «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып табылатын төлемдер және міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын бекітеді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі

 

23. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі есебінен қалыптастырылады.

24. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

25. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі;

2) Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.