Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясы аясында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасымен жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.

20161212_162444

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясы аясында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасымен жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге және тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.

Елордада көшелердің біріне Никола Тесланың аты берілді

Без названия (1)

Бүгін Family Village коттедж қалашығында белгілі ғалым, өнертапқыш Никола Тесланың атындағы көше ашылды. Бұған дейін жобалық атауы № 350 болған көшенің ұзындығы – 1006 метр. Салтанатты шараға Астана әкімі Әсет Исекешев, Сербия премьер-министрі Александр Вучич, сондай-ақ, Белград мэрі Синиша Мали қатысты. Қала басшысы Әсет Исекешев атап өткендей, жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың…

Панфилов көшесі Астана картасында қалады

Без названия

Астана әкімдігі көшелердің атауын өзгерту және жекелеген көшелерге атаулар беруге қатысты түсініктеме берді. Соңғы екі жыл ішінде 2016 жылдың шілдесіне дейін нысандарға, әкімшілік-аумақтық бірліктерге атау беруге және атауларын өзгертуге мораторий енгізілген болатын. 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың қырқүйегіне дейінгі кезеңде Астана қаласының әкімдігіне еңбек ұжымдарынан және шығармашылық одақтардан, бірлестіктерден,…

Қалалық мәслихат депутаттары Астана көшелерінің жаңа атауларын мақұлдады

images

Елордада Орынбор көшесінің атауын Мәңгілік ел деп өзгерту және атаулары қайталанатын көшелерді жаңаша атау мәселесі көтерілді. Кезектен тыс 11-ші сессия барысында қалалық мәслихат депутаттары ономастикалық комиссия ұсынған жаңа көше атауларын мақұлдап, бұл мәселеге нүкте қойды.  «Алматы» ауданында Хусейн бен Талал көшесі пайда болады, оның жобалық атауы 23-17 болған, Кенен Әзірбаев…

АШЫҚ АЙМАҚТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ

IMG_0137

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Назарбаев» университеті, Астана қаласының пікірсайысшылар қауымдастығы және «Nomad» пікірсайыс клубымен бірлесіп 2016 жылғы 22-23 қазан күндері «Назарбаев» университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздігім – баға жетпес байлығым» атты іс-шара аясында ашық аймақтық пікірсайыс турнирін өткізді.  Пікірсайыс турнирі студенттер арасында ұйымдастырылып,…

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН: АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

___шк___ баннер

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 2016 жылғы 10 қараша күні сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінің мәжіліс залында Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.    Конференцияның мақсаты – көрнекті қоғам және мемлекет…

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ» кубогіне «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – БАРЛЫҚ САЛАДА» ЖАС МАМАНДАР ЖАЙДАРМАН САЙЫСЫ

афиша

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 2016 жылғы 30 қазан күні сағат 16.00-де «Жастар» сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кубокке арналған «Мемлекеттік тіл – барлық салада» атты жас мамандар арасында жайдарман сайысын өткізеді.  Жайдарман сайысына мемлекеттік және қоғамдық…

Елбасының 1998 жылдың 20 қаңтарындағы № 3827 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқының тілдері күні болып жарияланған.

DSC_9575

Елбасының 1998 жылдың 20 қаңтарындағы № 3827 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының үшінші жексенбісі Қазақстан халқының тілдері күні болып жарияланған. Осыған байланысты жыл сайын  қыркүйек айында Астана қаласында Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өткізіліп келеді. Биыл XVІII рет Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып отырған фестивальдің ашылу салтанаты 22 қыркүйек күні Конгресс-Холл…

Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 27 қыркүйек күні сағат 16.00-де

14446054_758598694291325_77949609526904854_n

Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы    27 қыркүйек күні сағат 16.00-де  Жастар театрында «Отан – отбасынан басталады» атты рухани-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде жанұяның құндылығын дәріптеп, отбасының мәртебесін биіктетіп, асқақтату, жастарға ата-анасын қадірлеп, отбасының құндылықтары туралы ұғынықты, көркем өнер тілінде толқыта отырып,…

«Менің тілім» акциясы

Баннер

Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 30 қыркүйек күні «Қабылдау Үйі – Дом приёмов» (Б. Момышұлы даңғ., 2/4, Тәуелсіздік даңғылының бұрышы, Оқушылар сарайына қарама-қарсы) банкет залында Қазақстан халқы тілдерінің XVIII қалалық фестивалі аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің тілім» акциясының салтанатты кеші өтеді.      Акцияның…